Авраам Линкольннің екінші аты “Шыншыл Эйб”.
Өйткені өмір бойы шындықтың сойылын соғып өткен.
“Шыншыл” деген атқа кір келтірмеген. Жастау кезінде, дү-
кенде сатушы болғанда, сдачасын ұмытып кеткен әйелдің
артынан екі квартал жүгіріп барып, ақшасын қайтарыпты.
Содан бастап ылғи да өзінің шыншыл адам екенін дәлел-
деп келген. Ешкім оған күмэн келтірмейтін болтан. Нәти-
жесінде оны еркінен тыс болмаса да, сыртынан президент-
тікке ұсынды.
Егер адамдар сатан сенбесе, олар сенімен бірге жұмыс
істеуден бас тартады. Жобаңа ақша бөлмейді. Серіктес
болмайды. Сондықтан қай салада да өзіңе деген адамдар-
дың сенімінсіз, жетістікке жетем деп ойлама. Репутация
- сенің барың. Әсіресе бизнесте. Кэсіпкерлік деген ойы
мен қыры көп сала. Бір сәтте бүкіл әлем уысыңда сияқты
сезінуің мүмкін, келесі сэтті оның бәрінен айырылып қа-
луың мүмкін. Сондай басына күн түскен жагдайда ер-аза-
матты құтқаратын - оның репутациясы.