ЕКІНШ І БОЛМА
рис осындай өзін бақылаудың сөзсіз чемпионы. Ол өзін
лайфхакер деп атайды: барынша аз күш жұмсап, дене сал-
мағын қалпында сақтауды мақсат етеді. Он сегіз жасынан
бастап өз нэтижелерін тіркей бастайды. Соның арқасында
қандай режимде ол жақсырақ ұйықтайды, жақсырақ ты-
нығады, азырақ ауырады, тезірек жазылады... соның бэрін
анықтай алатын деңгейге жетті. Мұндағы идея, өзіңді тану,
өзіңді тану бойынша экспертке айналу.
М үм кін, сенің негативке байланып қалатын әдетің
бар шығар. Жюль Еванс “Өмірге арналған философия”
(Philosophy for Life and Other Dangerous Situations) де
ген кітабында “Ризалық күнделігі” деп атайтын күнделік
жүргізуді ұсынады. Бұл өмірдің қараңғы жақтарын көруге
бейім жандарга өзін өзгертуге тамаша мүмкіндік дейді ол.
Мысалы, Марк Аврелий екі мың жыл бұрын “Медитация”
деген кітап жазды. Онысы тек қана күн сайынғы алғыс еді.
Қазіргі смартфондарда сенің көңіл күйіңді, алкоголь қабыл-
дауыңды, ұйықтауыңды, диетаңды, физикалық жаттығула-
рыңды, шыгыстарың мен кірістеріңді, қысқасы өміріңнің
кез келген аспектісін тізіп отыратын қосымшалар толып
жатыр. Өз әдеттерің мен эмоцияларыңды тізіп отыру, өз-
өзіңе есеп беруге жэне өзіңді тэртіпке салуға көмектесетін
жақсы құрал дер едім.
Достарыңызбен бөлісу: