ӘРҚАЙСЫСЫМЫЗ ӘРТҮРЛІМІЗ.
Соған сэйкес, эрқайсы-
сымыздың күресетін қарсыласымыз, алысатын дұшпанда-
рымыз да эртүрлі. Көрсеқызар үшін ол керек емес затты
сатып алудан сақтану болуы мүмкін. Қызқұмар үшін зина
жасаудан сақтану болуы мүмкін. Мешкей үшін тамақтан
сақтану болуы мүмкін. Ақшаны қажет емес нэрсеге жүм-
самау, артық шоколадтан өзіңізді сақтау, ол да сенің өзіңді
бақылауға бір қадам. Артық бөтелке сырадан, артық шөл-
мек арақтан өзіңді тежей алу, ол да өзіңе деген құрметіңді
арттыруға бір қадам. Некеге адалдықты сақтап қалу да
өзіңе деген қүрметіңді арттырудағы бір қадам.
Достарыңызбен бөлісу: |