ш лагбаум
эф ф ек тіс і
.
Өмірде оқыған кітаптарымыз,
жинаған тэжірибеміз жэне түйген сабақтарымыз бізге
көмекші деп сенеміз. Алайда, осы тақырыпта жүргізіл-
ген зерттеулердің нэтижесінде кері тұстары да анықталған
екен. Миымызға кірген кез келген ақпарат жаңа ақпарат-
тың келуіне білгілі бір деңгейде кедергі болады. Шлагба-
умдар сияқты өткізбей қояды. Бұл үйренуді үйренуге қаты-
сты тағы бір маңызды мәселе болып табылады.
Олай болмауы үшін миымызда қалыптасқан шаблон-
дардан бас тарта алуымыз керек. Жаңа ақпаратқа ашылуға
дайын болуға тиіспіз. Онсыз тұрақты дамып отыруымыз
екіталай. Кәсіпте қанша тэжірибем болса да, осыған дей-
ін қанша кітап оқысам да, қаншама серіктестермен жұмыс
істеу тэжірибесі болса да, жаңа мүмкіндік пайда болғанда
жас баладай “ашкарақтана” кірісемін. Білемін деп емес,
білмеймін деген позициядан бастаймын.
109
|