Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай



Pdf көрінісі
бет90/220
Дата07.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#134598
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   220
Байланысты:
Екінші болма кітап

ПІКІРДІ ӨІІІІРІП,
АҚЫЛДЫ ҚОСУ
Т ү р ік т ің атақты комигі Джем Йылмаздың «Бұлардың 
ақылы жоқ, пікірі бар» деп айтқаны бар еді. Сол сияқты
кез келген жағдайды, істе, бастапқыда «менің ойымша со- 
лай болу керек еді» деген сияқты біз өзіміздің пікірімізді 
қосамыз. Әрине, егер сен ел мойындаған, кэсіби орта мой- 
ындаған шебер маман болсаң, сенің пікірің үшін ақша 
төлейді, оған құлақ асады. Ал қазір кітапты қолына алып 
отырған адамдардың басым бөлігі - енді ғана жеңіс жолы- 
на тұрған адамдар. Сондықтан да, бүл жерде маңыздысы -
пікірді өшіру. Мысалы, мейрамхана бизнесін ашқысы кел­
ген жігіт осы салаға байланысты өз пікірін білдіреді. Бірақ, 
элі мейрмаханасы жоқ, демек бұл жігіт элі «шикі». Мей- 
рамхананы ашу барысында қалыптасқан тэртіпті өзгертіп, 
өзінің ойынша, өзінің қалауынша жасайды, яғни пікірін 
қосады.
Мысалы, 
біздің «І1иті»-де палаумен бірге ең көп саты- 
латын тагам - манты. Оны мэзірге қосу «Палау жемейтін- 
дерге не ұсынуға болады?» деген сұрақ туындағанда кел­
ген ой. Бұған дейін, «І1иті»-дан басқа мейрамханаларда да 
манты ұсынылатын, бірақ біз айына қырық мың манты са- 
тамыз, біздегі мантылардың дэмді екендігін көбісі айтады, 
мойындайды да. Біздің «Я иті»-дің мантылары үйдегідей 
түйілген, ал басқа мейрамханаларда шет-шеті өрнектеліп, 
дүңғанша түйілген. Сонда «неге шеттен түйілу керек?» 
деп сүрадым, аспаздар «енді, барлығы солай істейді ғой»
112


EKIHLUI БОЛМА
деп жауап берді. Бірақ, «барлығы солай істейді» деген - ол 
пікір. Ал миды қосатын болсаң, барлығымыздың ең жақсы 
көретін мантымыз, үйде түйілген, аналарымыздың жасаған 
мантысы. Демек, барлығы жақсы көретін, өз үйіміздегідей 
манты жасау ақылға қонымды ғой. Сол кезде мен, пікірді 
өшіріп, ақылды қосуға ұсыныс тастадым. Кейін білгенім, 
үйдегідей мантының жасалауы, шетінен түйілген манты- 
ларға қарағанда үзағырақ, яғни көбірек уақыт алады екен. 
Дегенмен, біз «барлығы солай істейді, оған қоса азырақ 
уақыт алады» деген пікірді өшіріп, ақылымызды қостық. 
Есесіне, қазір айына қырық мың манты сататын, бізге бәсе- 
келес бола алатын мейрамхана жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет