Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай


Адам нені түтынса, соган айналады. Адам кіммен



Pdf көрінісі
бет140/220
Дата07.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#134598
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   220
Байланысты:
Екінші болма кітап

Адам нені түтынса, соган айналады. Адам кіммен
араласса, соган үқсап кетеді.
Ылғи да шағымданатын, біреулерді қаргап сілейтін, 
“жоқ”, “жаман” дегеннен басқаны айтпайтын адамдар- 
мен аралассаң, өзің де сондайға айналасың. “Бар”, “же- 
теді” десең, болады да, жетеді де. Ол үшін бэрі бар, бэрін 
жеткізетін, табысты, оптимист адамдармен дос бол. Жаңа 
мекемеге, егер онда атмосфера дұрыс болмаса, жұмысқа 
тұрмай-ақ қойған абзал. Сенің ортаны өзгертемін дегенің 
неғайбыл. Орта сені өзгертеді. Сондықтан көңіл күйі кө- 
теріңкі, жоспарлары айқын, ертеңгі күннен тек жақсылық 
күтетін, амбициясы жоғары ортада жүр, жұмыс істе, де- 
мал. Өзіңе жасай алатын ең үлкен сыйлығың - осы. Өйт- 
кені ортаң саған бейсаналы түрде эсер етеді. Саған қажет 
емес, уақытыңды өлтіретін, ешқандай позитив бере ал- 
майтын, алга жылжытпайтын орталардан қаш. Ешкімге де
178


ЕКІНШІ БОЛМА
өмір бойы шағымын тыңдауға уэде берген жоқсың. Сенің 
өмірің тым бағалы.
Коммуникациялық қабілет адамның қызметінің сапасы- 
на эсер етеді. Қай салада болсын. Мысалы, “Румиде” авто­
матизация менеджері бар. Ол осы қызметтегі бесінші адам. 
Бірақ ол өзіне дейінгі төрт адамды қосқандағыдан үш есе 
көп жобаны іске асырды. Мәселе мынада, бұл менеджердің 
коммуникациялық мүмкіндіктері өте жоғары. Соның арқа- 
сында ол жобаларына ақша бөлдіре алады. Басшылықты 
қайсыбір өзгерістердің қажеттігіне сендіре алады. Мұның 
бэрі өзінің ойын жеткізе алатындығынан. Адам табиға- 
тынан коммуникативті жаратылыс. Біз үшін бұл сонша- 
лықты қиын дүние емес. Қиынырағы, қарапайым адами 
қатынастардан жүмыс орнындағы ара-қатынастарға дейін, 
дұрыс коммуникацияның шегін білу. Әсіресе біздің мента- 
литетімізбен.
Коммуникацияны екі 
категорияға бөлуге болады. 
Бірі, жалпы мінездің ашықтығына келеді. Өміріңе жаңа 
адамдарды қосуға дайын болу. Мүның мэні, “әлсіз байла- 
ныстар” деп аталатын таныстар нетворкингі адамның өсуі- 
не көбірек ықпал ететіндігі. Екіншісі, өз қызмет салаңдағы, 
біліміңді, мүмкіндіктеріңді өсіретін “керек” байланыстар- 
ды қалыптастыру. Сондай-ақ интернет желісі осы екеуінде 
де кұрал ретінде пайдаланылады.
Егер адамдармен байланыс орнатуда қиындықтарға кез- 
десер болсаң, коммуникациялық қабілетті арттыратын лай- 
фхактар ұсынғым келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет