of-smiling-ron-gutman) күлкінің адамның денсаулығын
көтеріп, ұзағырақ жасауына
септесетіні туралы сарап-
тамасымен бөліседі. Жэне күлкі мен жымиыс адамды тар-
тымдырақ, көріктірек қана емес,
өзіне сенімдірек жэне
компетенттірек етіп көрсетеді дейді оның зерттеуі. Табы-
сты адамдар көбінде күлімдеп жүреді. Немесе күлімдеп
жүретін адамдар табысты болады. Бұл екеуінің арасында
“жұмыртқа ма, тауық па?” деген
сияқты ажырағысыз бай-
ланыс бар. Өзіңізді басқара алатын ересек адам болсаң,
әлеуметтік ортада өзіңе де, өзгеге де жағымды атмосфе
ра қалыптастыруға тырыс. Бүл
- адамдардың саған деген
ықыласын арттыратын алғашқы шарт.
Екіншіден,
“айсбрекер”, “мүзжібіткіштерді” пайдала-
ну. Игорь Манн “Номер Один. Как стать лучше в том, что
ты делаешь” деген кітабында “Қандай
фильмдерді жақсы
көресіз?”, “Коп саяхаттайсыз ба?” деген сияқты сұрақтар
тізімін жасайды. Кедейсоқ лифттің ішінде кездесіп қалған
әріптесіңмен эңгіме өрбітетін сүрақтар.
Бұлар іскерлік ба-
тыс әлемінде орынды болса, қазақтың ауылында “Соғымға
не сойғалы жатырсыз?” колайлы сұрақ болуы мүмкін. Ең
бастысы, аса жақын емес танысты жақындата түсу үшін
пайдаланылатын сұрақтар жадыңда болсын. Жэне ол кон-
текстіге сай болсын.
Шаруа туралы, өзіңе қызық нәрсе гана емес, пікірлесіңе
қызық тақырыптарда эңгіме өрбіту.
Дамыған елдерде
адамдар хоббилерін, қызығушылықтарын көбірек эңгіме-
лейді. Бұл -
бейтаныстарды таныс қана емес, туыс қылып
жіберетін тақырып. Өйткені, өзгенің көзі жанып тұрып әң-
гімелейтін тақырыбы сені қызықтырса,
сен де онымен әң-
гімелесуге құштар боласың.
180