СЕН ЕМЕС СІЗ:
СӨЗ БЕН ТІРЛІКТІҢ ҰЗАҚТЫҒЫ
ІХікірлесің “сенге” көшуді өзі ұсынбайынша, “Сіз” дей
тұру орынды болады. Бейтаныс, не субординация ұстау-
ды жөн санайтын адамнан естіген “сен” құлаққа түрпідей
тиеді. “Көргенсіз” деген сөздің мағынасы “тэрбие көрме-
ген” дегенге келеді. Сондықтан көргенсіз болып көрінуден
сақтан.
Ешқашан да адам сыйластъщ танытқандыгынан кем
болып қалмайды. Тек осы сыйластъщ арқылы, «сіз бен
біз» деп, басқа адамның көңіліне жол таба аламыз. Бу
ны ц нәтижесінде адамды, тұтынушыны болсын өзіңе
қаратып аласың.
Менің қоластымда жұмыс істейтін алты жүз адамның
барлығына да мен сіз деп сөйлеймін. Үлкені болсын, кішісі
болсын, себебі, бұл - этикет. Ал мен, өзімнің қызметкер-
лерімді сыйлаймын.
Соншама кітап жазып, бір кішкентай «Сізге» тоқталға-
ның не деп ойлауың мүмкін. Бірақ, тағы да қайталаймын,
өмірімізде осындай қарапайым жэне кішігірім детальдар
шын мәнісінде үлкен рөл атқарады.
190
|