Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай


Энергия деген - адамның бойындагы толқын. Ол



Pdf көрінісі
бет155/220
Дата07.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#134598
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   220
Байланысты:
Екінші болма кітап

Энергия деген - адамның бойындагы толқын. Ол
толңынды қалай бұрамыз, солай болады.
Қаншалықты дүрыс пайдалансақ, соншалықты нәтижелі 
боламыз. Энергияң таусылып келе жатқанда, оны байқап, 
уақытында қалпына келтіріп алу керек. Жэне оны ұқыпты 
жүмсауға тырысу, негатив, қауіп пен үрейге, т.б. шашырат- 
пау. Оны таңдап жүмсау керек. Бүл жолда өзім түйген бір- 
неше ереже бар.
“Ж ОҚ” ДЕЙ БІЛУ. 
Кейбір істерге, адамдарға, кездесулер- 
ге, жиындарға “жоқ” деп айта білу маңызды. Өйткені менің 
ойымша, жетістік деген бір іске, жобаға не икем, дағдыға 
жұмсалған энергияның жиынтық өлшемі. Шындығында 
біз энергиямызды дұрыс жүмсаудағы ептілігімізді ақшаға 
айналдырамыз.
Федор Овчинниковтің энергияны үнемдеу туралы айтқа- 
ны есімде қалыпты. Ол бизнесінің бір кезеңінде венчурлық 
қорлардан инвестиция тартумен айналысады. Бұл, әрине, 
ұзаққа созылған, қиындығы көп шаруа еді. Ақырында,
193


келісімшарт алдына келгенде, оған қол коюдан бас тартады. 
Кэсіби инвесторлар — Blue Wire Capital мен «Спутник» то- 
бымен жұмыс істегісі келмей қалады. Оның орнына ашық 
нарықтағы шағын жекеменшік инвесторлардан көмек 
сұрайды. Неге? “Жылдар өте мен өзіңді тыңдау керектігін 
түсіндім, - дейді ол. - Бір кездерде шешімді ақылмен қа- 
былдау керек, бір кездерде жүрекпен. Өйткені жүрек деген 
— мотивация. Ал мотивациясыз бизнес болмайды. Моти- 
вациясыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес. Ақшаның өзі 
ештеңе емес. Әлемді энтузиазм билейді. Мен формальді 
бизнес-жоспарлар құрастырып, өзімді алдап, мағынасыз 
тірлікке уақыт жоғалтқым келмейтінін түсіндім. Бұл менің 
энергиямды соратын еді. Ал сен айтарлықтай бірдеңе жа- 
сағың келгенде, күшті үнемдеу керек. Үлкен спортқа қара. 
Бірінші болу үшін эр қимыл маңызды. Мен рационалды, 
нәтижеге жүмыс істейтін кәсіпкермін. Мақсатыма жету 
үшін мен өзіме ұнамайтын нәрселерді істеуге, тіпті жақсы 
көріп кетуге көндіретінмін. Алайда қазір түсіндім. Менің 
бизнесім үшін бұл деңгейде басқа, жақсырақ шешім бар”.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет