Бірақ маңызды нәрсе мен ең маңызды нәрсенің арасын-
да да айырмашылық бар. Егер
сенің өмірлік миссияңа же-
телейтін жол мен достарыңмен кездесу тұрса, біріншісін
таңдаған орынды. Приоритет болуы керек, приоритеттің
шекарасынан шығатын
нэрселердің бэріне сыпайы, батыл
түрде, жымиып тұрып “жоқ” деп айта білу керек.
Мысалы,
Мұхтар Мағауин - жазушы. Ол өзінің өмірлік
миссиясын қазақ халқына қызмет ету деп санайды. Ол осы
жолда белгілі құрбандықтарға да эзір. Ол
өзі жазатындай,
тойларға бармайды, қүда-жекжат шәйнек шайға келгенде
кабинетінен шықпай жұмыс істейді,
балаларды шулатқыз-
байды... Қазақ үшін бұл қаншалықты қиын болуы мүмкін?
“Бір түрлі” дейтін шығарсыз? Ал осының бэрі болмағанда,
біз “Аласапарынды” оқымаған болар едік, “Шақан Шері”
мен “Сары қазақты”, “Шыңғыс ханды” оқымаған болар
едік. Бүкіл халықтың үлттық
танымын кеңейтіп, ұлттық
мақтанышын оятатын шығармалар маңызды ма, жазушы-
ның қүдағиының көңілі маңызды ма?
Айналасының бэрі
біледі, ол - ерекше адам. Жэне оның ережелерімен сана-
сады. Өзінің уақытын, өзгенің уақытын бағалайтын қоғам,
осындай адамдар көп болғанда қалыптасады.
Бірақ Мағауин ғана емес, сен де ерекше адамсың. Мей-
лі, сенде ондай жазушылық талант жоқ.
Бірақ сенде басқа
қабілет бар ғой. Сенің де өмірлік миссияң бар. Неге ол өз-
гелердің жай ғана бос уақытын өткізу үшін құрбан болып
кетуі керек?
Достарыңызбен бөлісу: