Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай



Pdf көрінісі
бет159/220
Дата07.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#134598
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   220
Байланысты:
Екінші болма кітап

УАҚЫТТЫҢ БАҒАСЫН БІЛУ. 
Батыстың адамы мен қа- 
зақстандықтардың ең үлкен айырмашылығы, уақытқа де­
ген қатынасы. Батыста ең кэрі кемпір мен селкілдеген шал- 
дың да уақыты кестеленген. Бізде бэрі тұманды. Уақытты 
резеңке сияқты көреді. Жиналыстар жарты сағат кеш 
басталады. Той туралы айтпай-ақ қояйын. Бірақ өмірдің
196


EKIHUJ1 БОЛМА
біреу екенін ескерсек, эр минут маңызды. Мен аудиокітап- 
тар тындайтынмын. Аудиодәрістер тыңдайтынмын. Әрине, 
музыка тыңдауға болады, бірақ алдыңғылардың пайдасы 
көбірек. Интернеттегі ұсак статустарды оқымаймын, кітап 
оқимын. Өйткені маңызы жоғарырақ.
Уақыттың бағасын білу үшін, пунктуалды болуды үй- 
рен. Үнемі кешігіп жүретін адам, жалпы, өмірінде де бір- 
деңеден қүр қалып келе жатқаны анық. Өйткені бұл әдет 
- өзгелердің де, өзінің де уақытын (=өмірін) бағаламай- 
тын адамдардың дерті. Ал ерте жүрсең қандай жақсы. 
Кездесуге, жиынға эдеттегіден бес, он минут ерте барсаң, 
дайындыққа, атмосфераға үйренуге мүмкіндік болады. 
Тренингтерге, маңызды кездесулерге ертерек баруға ты- 
рысамын. Өйткені кешіккен адамда, сыртқа білдірмесе де, 
“кешігіп келдім ғой, ыңғайсыздау болды ғой” деген қобал- 
жу болады. Ол өз кезегінде концентрацияға кедергі болады.
Уақыт туралы түсінігің дүрыс болғанда ғана, сен уақыт 
кеңістігіндегі өзіңді басқара аласың. Бізге керегі де осы 
емес пе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет