Сабақ Тақырыбы: «Күй тартыс туралы ұғым»



Дата17.04.2017
өлшемі115,18 Kb.
#14093
түріСабақ
«№185 жалпы білім беретін» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Күй тартыс туралы ұғым»

Дайындаған:

Музыка пәні мұғалімі

Амантаева Рыскуль

Сабақтың тақырыбы: Күй тартыс туралы ұғым.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күй тартыс туралы ұғымды еткізе білу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Музыкалық шығармаларды тыңдауға, көркемдік талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың тыңдаушылық, орындаушылық қабілеттерін, ұлттық өнер негізінде шығармашылық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік: Қазақ музыкасы мен өнерін құрметтейтін, халқымыздың мәдени асыл мұраларын ұрпақтан- ұрпаққа әрі қарай жалғастырушы азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: шығармашылық.

Сабақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, сергіту сәті, топпен жұмыс, пікірталас, ойын зерттеуі.

Қолданылатын көрнекіліктер:электронды оқулықан бейнекөріністер, үнтаспа, домбыра, асатаяқ, ұрмалы аспаптар түрі: асықтар, мүйіз, музыкалық аспаптар суреті, буклет, кроссворд, алты бағытты диаграмма.

Музыкалық сауаттылық:тыңдаушылық, орындаушылық, еске сақтау.

Музыкалық шығармалар: «Ақ мамам» -әні, «Наурызым – нақыл жыр» - әні, «Әгугәй, домбыра» -әні. Күй: Құрманғазының «Бұлбұлдың құрғыры» -күйі.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу (әндете) , оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

2.Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру. Ал балалар біз қандай мйрамды өткіздік?/сұрақ-жауап/

3.Дауыс баптау жаттығулары «Ақ мамам» - әнін айту.



II.Үй тапсырмасы:

«Наурыз шашу» россвордты шешу.



  1. Наурызға байланысты қандай салт-дәстүрімізді жасаймыз? (көже)

  2. Үлкен кісілер жаңа күнімізге не берген?(бата)

  3. Наурыз деген сөз қандай мағынаны білдіреді? (жаңа)

  4. Наурыз мейрамында қандай өнер түрін көрсетеміз? (Айтыс)

  5. Наурыз күні қандай күн? (мереке)

  6. Біздің алдымызда қандай үлкен мереке келеді? (Наурыз)




































Ж

А

Ң

А

Р

У























































Асқар мен Ажар айтысы.

(әзіл айтыс)

Ал балалар қуанышқа бөленген халық наурыз тойында ән айтып, би билеп сонымен қатар айтыс өнерін көрсетті. Сол айтысқа қыздар мен жігіттер, оқушы балалар да қатысқан.

Ал кім сахына төріне шығып өзіңе таныс әуенге салып Асқар мен Ажар айтысын көрсетеді?

Ал балалар наурыз тойына «Наурыз – нақыл жыр» - әнін шырқап жіберейік.

III.Өткенді қайталау:

Топпен жұмыс сұрақ-жауап.



  1. Айтыс дегеніміз не, тәрбиелік мәні.

  2. Айтыстың бстырлар жырынан және термеден айырмашылығы неде?

  3. Айтыстың түрлерін ата.

  4. Өзің білетін айтыс ақындарын ата.

  5. Айтыстың саздылығы, наздылығы.

  6. Айтыс атауы.

Алты бағытты диограмма боиынша алты топ жұмыс істейді.




Айтыс




IV.Жаңа сабаққа дайындық.

Дидактикалық оиын.



  1. Оркестр оиыны (ритым және есту қабілетін қалыптастыру)

  2. Музыкалық викторина.

V.Жаңа білімді меңгеру:

Тақырып: Күй тартыс туралы ұғым.

Оқушыларды топтарға бөліп жеке ақырыптарда дайын мәтіндерді таратып бір-біріне сұрақ-жауап арқылы сабақты түсіндіру.

1.Күй тартыс туралы ұғым.

2.Күй тартыстың үш түріне тоқталу.

- домбырашының орындаушылық шеберлігін көрсететін күй тартыс; - домбырашының күйшілік-композиторлық өнерін көрсететін күй тартыс (сайыс үстінде жаңа күй шығара білу);

-естіген күйін бірден қайталап тартып беретін күй тартыс. Бұл тартысқа ең тәжірибесі мол күйшілер түседі. Өйткені тартыстың бұл түрі ең қиыны болып саналады.

3.Күй тартыс

4.Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күй тартысы.

Шығармашылық жұмыс:

Күй тыңдау: Құрманғазының күйі «Бұлбұлың құрғыры»



Жаңа ән үйрену:

«Әгугай, домбыра» Өлеңін жазған Т.Қажыбаев. Әнін жазған А.Қоразбаев.

(Дауыс баптау жаттығулары, әннің мәтініне, құрылымына назар аудару)

Ән асықпай әндете айтылады.

Нүктелі ноталарға және музыкалық өлшемдерге көңіл бөлу.

Әнді өлшеміне сәйкес, қолыңмен дирижерлеп көрсету.



VI.Сабақты қортындылау:

Сұрақтар:



  1. Күй тартысы қайдан шыққан?

  2. Күй тартысы дегеніміз не?

  3. Күй тартысқа кімдер түскен?

  4. Күй тартыстың неше түрі бар?

  5. Бүгін біз қандай және кімнің күйін тыңдадық?

  6. Біз кімнің және қандай әнін үйрендік?

VII.Үйге тапсырма:

1.Күй тартыстың мәні туралы оқу.

2. «Әгугәй, домбыра» - әнін жаттау.

VIII.Бағалау:

Жауап берген балаларға тиісті бағасын бағалау.

«№185 жалпы білім беретін» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы:Дыбыстар әлемінде

Дайындаған:

Музыка пәні мұғалімі

Р.Амантаева

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар әлемінде.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға дыбыс әлемінің шексіз екендігін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Дыбыс – музыканың түп қазығы, ғылымның ұлы атасы екендігін оқушы қабілетіне қалыптастыру

Дамытушылық: Балалардың ұлттық өнер негізінде шығармашылық ойлауын дамыта отырып есту, тыңдау, орындаушылық қабілеттерін ойату.

Тәрбиелік: Қазақ музыкасы мен өнерін құрметтеитін, халқымыздың мәдени асыл мұраларын ұрпақтан – ұрпаққа әрі қарай жалғастырушы азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас және саяхат сабақ.

Сабақтың ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, сергіту сәті, топпен жұмыс, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі:

Электронды оқулықтан бейнекөріністер, суреттер,кітап, үнтаспа, қосымша аспаптар: тұяқ, асық, мүйіз, асатаяқ, музыкалық белгілердің сызба нұсқалары.

Музыкалық материалдар:

«Наурыз тойы» -әні, музыкалық дыбыстар, Құрманғазының күйі «Сарыарқа», Қорқыттың күйі «Ұшардың ұлуы».

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу (әндете), оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

2.Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.

3.Дауыс баптау жаттығулары.

II.Үй тапсырмасы:

Наурыз келді, алақай!

1.Біздің алдымызда қандай үлкен мереке келеді? (Наурыз)

2.Наурыз деген сөз қандай мағынаны береді? (Жаңа жыл 21-22 наурыз күн мен түннің теңелу сәтінде тойланған)

3.Наурызға байланысты қандай салт-дәстүрімізді жасаймыз? (Наурыз көжені үлкен қазанға пісіріп, бүкіл ауыл бірігіп ішетін болған. Мұның өзі, биылғы жылғы тоқшылық болсын деген тілек.)

4.Үлкен кісілер жаңа күнімізге не берген? (Бата)

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Қайда барсаң, жол болсын!

Ұлыс береке берсін, бәле-жала жерге енсін!

5. «Наурыз тойы »- әнін 1,2,3 бала арқылы топ құрып айтқызу.

III.Өткенді қайталау:



1.Құрманғазы Сағырбайұлы мен Қорқыт атаны электронды оқулық арқылы бейне көріністен көріп ол кісілердің кімдер екенін және ұқсастығы мен айырмашылығын тап.




Домбыра



Композитор күйші

Қобыз

Музыка тыңдау:

2.Екі күй ойналып, олардың қандай күйлер екендігі және кімдердің күйлері екендігі, қандай аспаптарда орындалатындығын табу.

3.Домбыраның құрылымын домбыраға қарап айтып беру.

4.Қылқобыз бен қобыздың жаңа түрін суретке қарап салыстыр.

IV.Жаңа сабаққа дайындық:

Ал, балалар орындап жүрген әндердің бәрі неден құралған? (сөз бен әуен)

Ал сөз неден құралған? (әріптерден)

Әуен неден тұрады? (музыкалық дыбыстардан)

Дауыс қыздыру арқылы балалардың зейінін аудару.

1.Укол

2.Щетка


3.Құлпынай

4.Сағат


5.Қоңырау

V.Жаңа білімді меңгеру:

Тақырып:Дыбыстар әлемінде.

Дыбыс – музыкалық сауаттылық. Электронды оқулық арқылы дыбыстар бейнекөрінісі.

Ал енді қандай музыкалық дыбыстарды білеміз?

1.Шулы - аспаптармен жұмыс

2. Қысқа – мүйіз аспабын ұрып көрсету.

3. Ұзақ – до нотасы.

4. Биік және төмен – әнді суретке қарап орындай отырып ондағы биік және төмен дыбыстарды тауып алу.

5.Жай және тез - жәй ,жәй міне былай тез, тез/әнімен орындап беру/



Жанама музыкалық сұрақ беру арқылы есте сақтап айтып және тақтадағы гүл сызбасын дыбыстар арқылы өркендету.





















Музыка

Музыкалық дыбыс

Дыбыс белгісі

1

«Бесік жыры»

баяу, ақырын

бесік

2

«Қамажай»

қатты, шулы

барабан

3

«Қобыз үні» күй

Ұзақ, күңгірт

Қобыз

4

«Жаттығу» музыкасы

Қысқа, нүкте

тауық

5

«Сарыарқа» күй

Биік, ашық

Бүркіт

6

«Төлдер»

Төмен

Барыс

7

«Домбырасыз ән қайда»

тез

Қоян

8

«Әліппе»

жай

ұлу

VI.Сабақты қортындылау:

Ойын түрінде бекіте отырып қортындылау.

VII.Үйге тапсырма:

Дыбыстарды қайталау.



VIII.Бағалау:

Жауап берген балаларды біліміне қарай бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет