Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай


Позимивті сөйле, өмірдің өзі позитивті нәтижелерді



Pdf көрінісі
бет182/220
Дата07.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#134598
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   220
Байланысты:
Екінші болма кітап

Позимивті сөйле, өмірдің өзі позитивті нәтижелерді
көбірек ұсынадм.
Мұны Американың ең ауқатты бес жүз адамының өмір- 
баянын сараптаған Напалеон Хилл да дәлелдеді. Бернард 
Шоу айтыпты, “Адамдардың көпшілігі жан-жағына қарай- 
ды да, “неге?” деп сұрайды. Мен жан-жағыма қараймын да, 
“неге болмасқа?” деймін”. Бұл дүние мүмкіндіктерге толы. 
Әр минутта жаңа мүмкіндік сені тосып тұр, эр қадам жаңа 
мүмкіндіктерді ашады.
226


ЕКІНШІ БОЛМА
Замануи әлеуметтік зерттеушілердің бірі, композитор Бен­
джамин Зандер Тед лекциясын бергенде (The transformative 
power of classical music) мынандай нәрсе айтады. XX ғасы- 
рдың басында Британияның аяқкиім шығарушы екі ком- 
паниясының өкілі Африкаға барыпты. Нарықты кеңейткісі 
келіп, экспортқа шығара алатын жаңа аландар іздеген ғой. 
Бір аптадан кейін бірінші саудагер Манчестерге телеграмма 
жолдайды. “Келгенім бекер болыпты. Мұнда аяқкиім сата 
алмаймыз. Африкада адамдар мүлде аяқкиім кимейді екен” 
дейді. Дэл соның ізін ала, екінші өкіл телеграмма жіберіпті: 
“Ғажап! Шексіз мүмкіндіктер! Африкада элі ешкім аяқкиім 
кимейді екен!”. Қарап отырсаңыз, екеуінікі де дұрыс. Мүм- 
кіндікті көргісі келген адам оны көреді, ал көргісі келмеген 
адам кедергіні көреді.
Осы QR кодты сканерлеп, композитор
Бенджамин Зандер Тед лекциясын коре аласыц
Экономист, 
XX ғасырдагы ең әйгілі менеджмент теоре- 
тигінің бірі Питер Друкер айтады: “Эффективті адам про- 
блемаларды ойламайды, ол мүмкіндіктерді ойлайды. Олар 
мүмкіндіктерін суарып, проблемаларды шөлдетіп ұстай- 
ды. Мүмкіндіктерге зейін қойғанда проблемалар өздері-ақ 
қашып жөнеледі. Өйткені проблемалар мүмкіндіктерден 
қорқады”.
227


Сен өзіңді өзгелер сыйлайтын, құлақ асатын, пікірін баға- 
лайтын адаммын деп есептесең, уақыт өте келе шынында 
да сондай адамға айналасың. Мүмкін, бэрі сен қалағандай 
емес шығар. Мүмкін, кедергілер көп шығар. Мүмкін, бүкіл 
дүние саған қарсы шыққандай сезімде болатын шығарсың. 
Бірақ өзіңді алда. Бэрі жақсы сияқты кейіп таныт. Сонда 
бэрі жақсара түседі. Өмірді театр деп те, спорт деп те қа- 
рауға болады. Бірақ спорттан айырмашылығы, сенің жат- 
тықтырушың өзің ғана. Сырттан біреу келіп көңіл күйінді 
көтеріп бермейді. Өзіңе деген сенімді де өсірмейді. Сен 
өзің ғана осының бэріне жауаптысың.
ОЙДЫ БАСҚАРУ. 
Виктор Франкл, концлагерьден өткен 
эйгілі психитар, былай дейді: “Адамнан бэрін тартып алуға 
болады, оның еркінен басқа”. Адамды түрмеге қамап қо- 
юға болады. Бірақ түрмедегі өмірді қалай қабылдайтынын 
басқара алмайсыз. Оны өлтіруге де болады. Бірақ өлімге
қатысты пікірі мен қатынасын тартып ала алмайсыз. Кез

келген жағдайда оны қалай қабылдауды таңдай аламыз. 
Жэне бүл - түпкі еркіндік. Әлем сіздің ғана қатынасыңыз- 
бен өлшенеді.
Бұл шындығында тым жаңа түсінік емес. Сократ пен 
оның ізбасарлары қалаған философиялық мектеп, “адам 
өзін тани алады, өзінің сенімдері мен құндылықтарын өл- 
шей алады” дейді. Жэне “адам өзін өзгерте алады, өзінің 
сенімдерін өзгерте алады, демек эмоцияларын да өзгерте 
алады. Өйткені біздің эмоцияларымыз біздің сенімдеріміз- 
ден туады”. Тағы бір қағидасы, “адамдар саналы түрде ой- 
лау, сезіну мен эрекет етудің жаңа жолдарын әдетке енгізе 
алады”. Бұл адамды құдіретті болмаса да, қуатты жара- 
тылысқа айналдырады.
228




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет