ЕК1НШ1 БОЛМА
Анвар Садат,
Мысырдың бұрынғы Президенту көп
жылдар түрмеде отырды. Қол қусырып отырған жоқ, ой-
ланды, кітап оқыды, рухани, психологиялық тұрғыда өзін
қанаттандырды. Сонда ол мына ойға келіп тіреледі: “Өзінің
ойлау жүйесін өзгерте алмаған адам, басқа еш нәрсені өз-
герте алмайды, демек, прогресске ешқашан жетпейді”. Осы
ойды түсініп, түйгеннен кейін, ол түрмеден шықты да, 61-
раз жылдан кейін Президент болды. Мысырдың саясатын
өзгертті.
Екі адамның қайсысы көбірек жетістікке жетеді? Көбірек
талаптанған адам. Көбірек жетістік туралы ойлап, көбірек
соны қалаған адам оған көбірек күш жүмсайтыны да анық.
Бэрі ойдан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |