Байланысты: abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy
Субөнімдердің химиялық құрамы және тағамдық құндылығы Субөнімдердің химиялық құрамы және тағамдық құндылығы кең
ауытқиды. Субөнімдерді құрамы және қасиеттеріне байланысты тағамдық
және азықтық өнімдер өндірілісіне,сонымен қатар медициналық препараттар
өндіруге пайданылады.
Сиыр,қой және шошқа субөнімдерін тағамдық құндылығына сәйкес I-
ші және II-ші категорияға бөледі. I- категорияға:бауыр, бүйрек, тіл, ми,
жүрек, диафрагма,ет кескінділерінің барлық түрлері, сиыр және қой
құйрықтары, сиыр желіні жатады.II- категорияға тағамдық құны төмен
субөнімдер: тілсіз және мисыз бастар, өңеш еті, көмей, көк бауыр, құлақтар,
кеңірдектер, қарындар, сиыр және қой азқазандары, сүйек буындары,
еріндер, жалбыршақтар, аяқтар, шошқа құйрықтары мен қарындары.
Жалбыршақ, асқазан, желін, кеңірдек, сүйек буындар, тілсіз және мисыз
бастар сияқты тағамдық құндылығы төмен субөнімдерді жемдік өнімдер
өндіруге жібереді.
Субөнімдердің тағамдық құндылығы мүшелердің физиологиялық
қызметінің ерекшеліткрімен анықталатын олардың морфологиялық және
химиялық құрамына байланысты.
Сойылған малдың субөнімдерінде оларға тән емес, мал ағзасына жем
және ашық суаттардағы сумен түсетін зиянды химиялық қосылыстар, әсіресе
тұрақты ртуты бар жіне металлы бар қосылыстар, органикалық хлор
пестицидтері бар болуы мүмкін.Осы заттар көбіне бүйрек, жіне ішек-қарын
жолдарына жинала, субөнімдерге пестилецидтер құрамын бақылау мақсатқа
сай екенін анықтайды.