Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік



бет2/4
Дата24.05.2022
өлшемі19,35 Kb.
#144861
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-5682

Мінездеме
Жұрмағанбет Сауле 1.02.-9.04.2011 жылы аралығында Ақтау қаласындағы №15 орта мектебінде география пәнінен іс-тәжірибеден өтті. Сауле сынақ кезінде мектептегі 6а, 7а, 10а сыныптарына күнтізбелік жоспарға сәйкес тұрақты сабақ берді. Өзіне жүктелген міндетке үлкен жауапкершіліпен қарап, күнделікті сабағына тиянақтылықпен дайындалып келді. Тәжірибе кезінде сабақта тек оқулық көлемімен шектеліп қалмай, қосымша көрнекіліктермен, қызықты ойындармен өткізе білді. Сабақ жүргізуде, түсіндіруде оқушылардың география пәніне деген қызығушылығын оята білді. Сабақта әр тақырыпқа байланысты көрнекіліктер пайдаланып, тірек-сызбаны қолдануы, сыныптың сабаққа көбінің қатысуы, топпен жұмыс істеуі, уақытты бөліп үйренгенін көрсете білді. Сауле ашық сабағын 7а сыныбына «Оңтүстік Америка материгінің халқы» тақырыбында өткізді. Сабақта интерактивті тақтаны пайдаланып, материктің халқы және елдері және олардың таралуы, онда таралған ұлттар мен ұлт өкілдері туралы сызбалармен, диаграммалармен түсіндірді. Сабақта венн диаграммасы арқылы Солтүстік Америка материгі мен Оңтүстік Америка материгін салыстыра отырып, лездемелік сұрақтар қойып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетерін дамытып, сабақты «адасқан обьектіні табу» арқылы бекітті. Сабақты оқушылар өте жақсы меңгерді. Тәжірибе кезінде Сауле өзінің оқушылармен тез тіл табыса білетінін, өзінің география пәніне күнделікті дайындықпен келетіндігін көрсете білді. Сауленің ашық сабағыда, тәрбие сағатыда «5»-ке бағаланды. Болашақта Сауле география пәнінің жақсы маманы болады және тәжірибеден алған білімін одан әрі жетілдіреді деген үміттеміз.

Мектеп директоры ______________ Қарабаева А.К.


Мектеп әдіскері ______________ Абилова З.Ж.


Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ______________ Қосымбаева Л.


Пән жетекшісі ______________ Сейтова Г.О.


Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік
Технологиялар және Инжиниринг Университеті
Педагогикалық технологиялар институтының
Гео-07-1 тобының студенті Елубаева Күнсұлуға




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет