Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік
Технологиялар және Инжиниринг Университеті
Педагогикалық технологиялар институтының
Гео-07-1 тобының студенті Жұмағазина Фазилаға
Мінездеме
Жұмағазина Фазила 1.02.-9.04.2011 жылы аралығында Ақтау қаласындағы №15 орта мектебінде география пәнінен іс-тәжірибеден өтті.
Фазила сынақ кезінде мектептегі 5ә, 7б, 8ә сыныптарына күнтізбелік жоспарға сәйкес тұрақты сабақ берді.
Фазила алғашқы күннен бастап жауапкершілікті сезініп, әрбір сабақтарын карталармен, көрнекіліктер, диаграммалар, кестелер, схемалар сызылған таблицалармен байланыстыра өткізді. Сабақты бірнеше рет сабақтарын интерактивтік тақтамен өткізді. Оқушылар білімін тексеру мақсатында тақырыптар мен тараулардан кейін өзі дайындалып, үнемі тест жұмыстарын алды. Ашық сабағын 7б сыныбына «Африка материгінің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы» тақырыбында интерактивтік тақтамен, слайдтармен, бірнеше көрнекіліктермен өткізді. Сабақты арнайы теориялық жан-жақты дайындықпен өткізді. Оқушылар осы сабақта Африка материгімен және оның географиялық орны, ашылу, зерттелу тарихымен танысты. Сабақта СТО стратегияларының элементтерін пайдаланды. Сабақта оқушылар «жақсы», «өте жақсы» бағамен көп бағаланды. Тәрбие сағатқа және ашық сабаққа қатысқан ұстаздар мен практиканттар сабақты жоғары деңгейде өтілді деп «5-тік» бағаға бағаланды. Фазила оқушыларға сабақ беру барысында теориялық терең білім беруді, схема-диаграммалар арқылы, тақта, дәптер, оқулық, атлас, кестелерді пайдалануды үнемі назарда ұстайды. Фазила сөйлеу мәнерімен, өзін-өзі ұстауы, жүріс-тұрысы, ұйымдастыра білу қабілетімен ерекшеленді. Ол берілген тапсырманы тиянақты, жауапкершілікпен орындайды. Осындай ерекшеліктерін байқап мектеп дирекциясы Фазиланы өзі таңдаған география пәнінің болашақта жақсы маманы болады деп сенім білдіріп, педагогикалық іс-тәжірибесін «үздік» бағамен бағалайды.
Мектеп директоры ______________ Қарабаева А.К.
Мектеп әдіскері ______________ Абилова З.Ж.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ______________ Қосымбаева Л.
Пән жетекшісі ______________ Сейтова Г.О.
Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік
Технологиялар және Инжиниринг Университеті
Педагогикалық технологиялар институтының
Гео-07-1 тобының студенті Жұрмағанбет Саулеге
Достарыңызбен бөлісу: |