Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих


  ЖОҢҒАР БАСҚЫНШЫЛЫҒЬША ҚАРСЫ БҮКІЛХЛЛЬІҚТЫҚ



Pdf көрінісі
бет112/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

3.  ЖОҢҒАР БАСҚЫНШЫЛЫҒЬША ҚАРСЫ БҮКІЛХЛЛЬІҚТЫҚ

 

ТОЙТАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ. БАТЫРЛАР

Жоңғар баскыншылығы ұшыраткан бүкілхалыктыққасірет казақхалқын 

ашу-ызаға  булығуға  ғана  емес,  сонымен  бірге  болып жаткан  окиғалардың 

бәрін ой елегінен өткізуге жетеледі. Жауға тойтарыс беруді ұйымдастыру үшін 

әртүрлі аймақтарды біріктіру кажет болды. Көптеген жайылымдардан айы- 

рылып,  әр түрлі  рулар  мен  кауымдардың жаңа  жерлерге орын  ауыстыруы 

казак коғамыныңтүрлі топтарын ащы шындықпен санасуға мәжбүр етті. Бұл 

жағдайларда жалпы келісім кажет болды. Мұнда да халык арасында белгілі 

казак батырлары, аса көрнекті билері зор рөл аткарды.

Сөйтіп халықтың кырып-жойылуына жол  бермеу  үшін,  енді  сұлтандар 

мен  рубасыларынан  үмітін  үзген  халық өзін-өзі  құткаруға  кірісті.  Сол  бір 

ауыр жылдарда казақ жасактарын Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары, Наурыз-

135



бай, Ш акш ақЖ әнібек батырлар мен есімдері қазаққаасатанылмаған көпте- 

ген батырлар басқарды.

Аса көрнекті билер Қазыбек, Төле, Әйтекенің қызметі қазақ хандығының 

XVII ғасырдыңаяғы — XVIII ғасырдың басындағы жоңғар шапкыншылығына 

каре

ы

 күресінің күрделі тарихи кезеңімен байланысты.

Ж еке  басының  қасиеттері,  казак  коғамының  ішкі  өмірін терең сезінуі, 

адамдарды біріктіре білуі Әбілқайыр ханды ерекше тұлға етіп көрсетті. Ол өз 

кызметінің ең басынан бастап-ақ Кіші жүздің ғана емес, Орта жүздің де көпте- 

ген руларына арка сүйеуге ұмтылды. Өз кызметінде Әбілқайырдың алшындар- 

ға,  байұлына,  шекті  руы  мен  жетіруға  сүйенгені  мәлім.  20-жылдардың  бас 

кезінде Орта орда руларының ықпалды өкілдерімен байланыс орнатылады. 

Мәселен, Әбілқайырдың керей руына күшті ыкпал еткені белгілі. Ал бұл өте 

маңызды. Бөгенбай батыр былай дейді: «Тәукеханнан кейін Әбілкайырбасты 

хан  болды  ж әне ешкімнен  кедергі  көрмей,  өз ыктиярымен  көп іс тындыр- 

ды...».57

1723 жылғы жеңіліс казакхалкының еркі мен рухын жасыта алмады. Келесі 

жылдыңөзінде-ақжоңғарлармен жаңа қақтығыстар болды. Енді соғыс қимыл- 

дары казак жерінің орталык ж әне батыс даласына ауысты.

Соғыс кимылдарындағы кейбір толастарды Әбілкайыр жоңғар баскыншы- 

ларына қарсы неғұрлым күшті және орталыктандырылған карсылыкты ұйым- 

дастыру үшін пайдаланды. Бұл орайда жау косынындағы босаңсу, көршілермен 

қатынастар, казак сұлтандарының ішкі өзара және рулар арасындағы қаты- 

настар ескерілді

1724 жылдың өзінде-ақ казактар Әбілқайырдың басшылығымен алғашкы 

жеңістергежетті. Флорио Беневени былай деп жазады: «Шоно-Лоузан (Жай- 

сан. —

Ред

.) Әбілкайырмен соғыста қазактардың  12 ұлысын қол астына қара- 

тып, Түркістан қаласын басып алды. Әбілқайыр күій жинап, аз уакыттың ара- 

лығында-ақТүркістан каласын өзіне кайтарып алды».58

1725 жылы баскыншыларға алғаш ретелеулі тойтарыс берілді. Бұл туралы 

деректемелерде мағлұматтар бар — «қазақтар төрттопқа бөлініп, калмактар- 

ға, башқұрттарға, Бұхараға, контайшыға аттанды ж әнетөрттопты ңбәрінде 

де жеңіліс тапты».59 Екінші бір кұжат казақтардың баскьіншыларға карсылық 

көрсету әрекетін нактылай түседі. Сондай-ак Әбілкайырдың рөлі мен іс-кимы- 

лының маңызы, оның батылдығы және қиын жағдайдың өзіндегі ұйымдасты- 

руш ы лық  таланты  айкы н  керінеді:  «К аракалпақтар  мен  қазактар  ханы 

Әбілкайыр өзінің елу мыңәскерін жинап алып, қонтайшымен шайқасты, кон- 

тайшы болса,  олардың он  мың шаңырағын күйретті, ал  қалған  қырык мың 

ш аңырақ калмақ әскерін алу үшін осы жакка беттеп келеді ж әне казір олар 

Ж ем өзені бойында».60 Ірі жеңілістерден және жаппай кашудан кейін елу мың 

әскер жинау өте қиын шаруа еді. Сондықтан мұны азаттық күресі басталуы- 

ның көрсеткіші деп санауға болады.

Ж оңғарларды қазақж ерінің Отырар, Шымкент, Түркістан, Сайрам айма- 

ғынан қуып шығу кезінде қазақ әскерлері қаһармандыкжанқиярлық ерліктер 

көрсетті. К азак ауылдарында айуандык жасаған жау жойып жіберілді. Кара- 

таудағы Теректі алқабында, Боралдайдың саласы бойында, Садыр-Қамалбұ- 

лақ деген шағын өзенде қалмактардың қалың қолын Үлкентұз тауына куып 

тығып,  тас-талкан  етті.61  Сөйтіп  Қаратау  қазактардың жеңілістерінің ғана 

емес,  сонымен  бірге  өз  жерін  азат етудегі  жарқын табыстарының да  куәсі 

болды.

136





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет