Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих


ғасырдагы  Қазақстан.  Шартгы  белгілер:  1  -   Қазакстанның  XVIII  ғасырдың  30-40-жылдарында  Ресей  империясының  қүрамына  енген  аумағы



Pdf көрінісі
бет133/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

XVIII 

ғасырдагы  Қазақстан.  Шартгы  белгілер:  1  -   Қазакстанның  XVIII  ғасырдың  30-40-жылдарында  Ресей  империясының  қүрамына  енген  аумағы:

 

2  —  Кдзакстанның  XVIII  ғасырдың  екінші  жартысында  Ресей  империясының  кұрамына  енген  аумағы;  3  —  елшіліктер  (1716  жылғы  Б.  Екешев  пен  Б.

 

Бөриевтің,  1716-1717 жылдардағы  Н.  Белоусовтың,  1717-1718 жылдардағы Б.  Брянцевтің,  1730 жылғы  С.  К,ойдағұлов  пен  К,.  Қоштаевтың,  1731  жылғы

 

А.  Тевкелевтің  елшіліктері);  4  -   сауда  жолдары;  5  —  И.  Бухгольцтің  экспедициясы  (1714-1716);  6  -   А.  Бекович-Черкасскийдің  экспедициясы

 

(1716—1717);  7  -   камадцар;  8  -   басқа да елді  мекендер;  9  — жоңғар  феодалдарының шапқыншылыктары;  10  — казақтардың жоңгар  әскерлеріне  карсы

 

соғыс  кимылдары,  шайкас  болған  жерлер  жылдары  көрсетілген);  11  —  мемлекетгік  шекара;  12  —  Қазақстанның  шекарасы.




тұтқынға түскен швед артиллериясының бұрынғы сержанты, кейіннен Ж оң- 

ғария картасын жасаған Иоганн Густав Ренат бар еді.15

Отряд көп адамынан, сондай-ақ 2500 аттың 2200-інен айырылып, Тобыл 

керуенін күтіп алмай, солдаттар арасында тараған аурулар титықтатқан 700 

адамнан  тұратын  Бухгольц отряды  бекіністі тастап  шығып,  1716  жылғы  28 

сәуірде Ертіс арқылы кері карай жүзіп кетті.16

С оны мен  тартысты  окиғалар  жүріп  жатқан  қазак  даласы ның  терең 

түкпіріне I Петрдің жеке нұсқауы бойынша жасалған өскери-барлау экспеди- 

циясы  жалпы  алғанда сәтсіз аяқталды, дегенмен  ол  өзінің максаттары  мен 

мән-жайлары  жағынан  Хиуа  жорығында толық дерлік  қырып  жіберілген, 

сұмдык зардаптары ұзақж ы лдар бойы орыс қоғамының көкейінен кетпеген 

кінәз А. Бекович-Черкасский отрядынан ерекшелеу болды.

Экспедиция  ең алдымен  ойрат әміршілерін  бұл  ел  жөнінде дұшпандык 

ниеттері ж ок екеніне иландыра білмеген Сібір губернаторының дипломатия- 

лы к кателіктері  салдарынан  өз  максатына к е т е  алмады.  Ол  былай түрсын, 

мейірімсіз атыс кезінде орыс солдаттары бірнеше жоңғар жауынгерін өлтірген 

кезде олардың арасында Ямышевск бекінісінің күрылысы аякталғаннан кейін 

Бухгольц «Қонтайшы адамдарына карсы соғыс бастайды» деген Ресей үшін 

тиімсіз сыбыс таралды.17

М. П. Гагариннің Бухгольц күштері мен каражатын кесіп тастағаны сонша, 

соңғысының адам саны едәуір көп отрядында дәрігер де, дәріхана да болмады: 

олардың жоктығы бекіністі ойраттардың үш ай қоршауға алуы кезеңінде ай- 

кын сезілді. Оның үстіне М. П.  Гагарин I Петрдіңбұйрығындағы барлықта- 

лаптарды көшіріп жазып және өз атынан: «...егер дұшпан бекіністі бермейтін 

болса, кұдайдан көмек сұрап, мүмкіндігінше барлык адамдармен карсылык 

корсету  керек» дегенді  косып,  И.  Бухгольцке өзінің жеке  нұскауын табыс 

етті.18 Экспедиция оның бастығының жат жерлік басйлншыларға қарсы үнемі 

кимыл жасап жүрген және бай жайылымдарын көшпелілер ежелден, ерекше 

мұкият корғап келген  Ертіс ауданына ойраттардың өскери күшпен келуінің 

кез келген  көріністеріне жаулык пиғылдағы көрнекті  казак батырларымен 

ж әне  олардың  жасактарымен  тікелей  байланыс  орнату  тілегінің  болмауы 

себепті де сәтсіздікке үшырады.

Қиратылған Ямышевск бекінісінен қайтып кележатып, Бухгольцтің отря­

ды Ом өзенінің сағасына жетті және көптен күткен косымша күшін алып,  1716 

жылғы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін калады.19

Алайда губернатор мен Бухгольц арасындағы алауыздық барған сайын өсе 

берді. Соның салдарынан экспедицияны жалғастырудан үмітін үзген подпол­

ковник майор Вельяминов-Зерновты Омбының коменданты етіп тағайындап, 

Тобылға кетті,  ол  жерден  өзі  жасаған  экспедицияның сәтсіздікке үшырау 

себептерін  түсіндіру үшін  Петербургке  шақырылды,  онда дала  халықтары 

туралы, табиғи байлықтар туралы өз әңгімелерімен Сырткы істер алкасы мен 

Сенаттың бейтаныс өлкеге терең ыкыласын туғызып, астаналыктоптарда казак 

жүздерін одан әрі игеруге және Ресейдің мемлекетгік мүдделері аясына енгізуге 

деген ынта-ыкыласын күшейтті.

Алайда өлкені отарлау, оның қыруар байлыктарын игеру міндеттері, ке- 

руен саудасын жүргізу мен содан кейін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, 

сондай-ак ж аңа  аудандарды  Ресейге  бекітіп  алу жаңа  бекіністер мен тірек 

нүктелерін  салған  үстіне  салып,  көшпелі  ортамен  үнемі  катынас  жасауды 

мейлінше керек етті. Бұл әскери-инженерлік кұрылыстардың басты максаты

154



оңтүстік-шығыс шекараны, демек,  Ресей державасының сырткы  ыкпал ету 

аймағын да кеңейту болып табылды.

Бухгольц Петербургке кеткеннен кейін толық қожайын болып қалып, енді 

өз қалауы бойынша әрекететуге уәкілдік алған М. Гагарин Кіші жүз бен Орта 

жүздегі оқиғалар туралы едәуір хабары болғандықтан, өлкені әскери экспе- 

дициялармен «зерттеу» саясатын жалғастыруға ниеттенді. Оның үстіне Сібір 

губернаторы  1716 жылдың кыркүйегінде Қайып ханның елшілері  Бекболат 

Екешевті, Байдәулет Бөриевті қабылдап, Кдзакстанның ішкі жағдайы туралы 

мейлінше анық хабар алған-ды.  Ол үшін Қайып ханның:  «Соғыска жиырма 

немесе отыз мындай өз адамдарымен немесе орыстардың әскери адамдарымен 

бірге шығу керек» деген  өтініші  өте үміттендірерлік  болды.20  1716 жылдың 

қазан айында М. Гагарин Қайып ханға «серіктерімен бірге» бояр тұқымы Ми- 

кита Белоусовты жіберді; ол өзінің губернаторлықақыл-кеңесінің 9 тармақ- 

тан түратын тапсырмасында елшіні аса толык мәліметтер жинауға, ал ең бас- 

тысы — ханға «Сібір губерниясының өз ведомствосындағы қалалардың бар- 

лык жерінде Қазақордасының адамдарымен ешқандай дау-дамайлары болма- 

уына» өз өкімі берілгенін жеткізуді міндеттеді.21

Сонымен бірге  М.  Гагарин дала өңіріне жаңа  әскери  экспедицияларды 

бірінен кейін бірін жабдыктап, аттандырып жатты. Федор М атигоров Ямы- 

шевск бекінісін қалпына келтіріп, кеңейте түсті, ол Ертіс бойымен ж аңа от- 

рядтардың одан әрі жылжуы үшін тірек пунктке айналды.

Қазақ-ойрат күресінің күрт шиеленісуінің жаңадан өршуі дала кеңістігінің 

терең түкпіріне саны аз болса да, жақсы жарактандырылған жинакы топтар 

жөнелтуді  тездетгі,  олардың  алдына  қазақтардың  негізгі  күштерінің  күші 

басым жауға карсы үздіксіз теке-тіреспен айналысып жатқанын пайдалану 

міндеті койылды. Қол жеткізілгенімен шектелмей, М. Гагарин Ертіс бойында 

жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен  Василий Чере- 

довты жіберді, соңғысы губернатордың дипломатиялык құпия тапсырмала- 

рын  орындауға  жиі  тартылып  жүрген  еді.  1717  жылдың  жазында  П.  Се- 

верскийдің  отряды  —  Ж елезин ск,  В.  Ч ередовты н  отряды  —  К олбасин 

бекіністерін салды,22олар көп кешікпей түрғындардыңжеткіліксіздігі салда- 

рынан  қаңырап  қалды.  Чередов одан әрі  жүріп, ж аңа бекініс  — Семипалат 

(Семей) бекінісін салатын жерді тандап алды.23

Қ азақ қоныстарының өмірлік маңызы бар орталыктарына барған сайын 

терендей еніп, қан төгіссіз табыстар желпіндірген Сібір әкімшілігі енді Пе- 

тербургтен нұсқау күтпей,  1718 жылдың жазында солдаттардан, казактардан 

тұратын отряды мен артиллериясы бар, тәжірибелі фортификатор Прокофий 

Ступенный басқарған ірі экспедиция жасақтады.24 Ойраттармен кактығыстар- 

дың зардаптары есінде калган кінәзтәжірибелі офицерге ойраттармен «жан- 

жал жасамауға» және олар тарапынан шабуыл жасалған кездің өзінде де кор- 

ғанып, «оларға карсы дұшпандық ниет» ж оқ екеніне иландырып бағуға катаң 

әмір берді.25

Қазақ-ойрат күресі неғұрлым кескілескен сипат алған сайын, Зайсан көл і 

жағына жаңа отрядтар жіберу соғұрлымжиілей түсті. Көп кешікпей патша- 

ның өз өкімімен майор И.  М. Лихарев баскаратын тағы бір әскери команда 

дайындалды, оған көлді толығырақ зерттеу, «алтын құмды» іздестіріп, ол ту­

ралы егжей-тегжейлі мәліметтер «жеткізу» міндеті жүктелді;26 сондай-ақ оған 

И. Д. Бухгольц экспедициясының сәтсіздікке ұшырауының егжей-тегжейін 

білу тапсырылды. Бұл өкім I Петрдің дала хандықтарын бағындыруға кандай

155



мән бергенін көрсетеді, ол мұны Швециямен соғыс туғызған қиыншылықта- 

рға  қарамастан,  Орта  жүз  жеріне  Бухгольцті  жіберіп,  сонау  1714 жылы-ак 

жүзеге асыруға ұмтылған еді.

Экспедицияның келе жаткан жолын үздіксіз қадағалап отырған жоңғар- 

лар И.  М. Лихаревтің солдаттарына оқ атып, оларды шегінуге мәжбүр етті. 

Орыс артиллериясынан едәуір зиян шеккеніне қарамастан, ойраттар өз мақ- 

сатына жетті: үш күндік атыстан кейін уақытша бітім жасасуға қол жеткізілді, 

сөйтіп шегінуге мәжбүр болған Лихарев кайтар жолында  1720 жылы Өекемен 

бекінісін салды, Цин империясының шекарасындағы Ресей әскери-инженерлік 

құрылыстарының жүйесінде түпкі нүкте болған ол редуттарға, маяктарға және 

басқа да фортификациялык күрылыстарға сүйене отырып, едәуір аумакқа ба- 

қылау жасады; наксол жылы Ресей тағы да бірнеше бекініс — Черноморецк, 

Черноярск, Верблюжск, Осморыжск, Убинск, Семиярск форттарын салып, 

үш әскери-саяси шеп — Сібір, Ертіс және Колыван шептері үшін негіз қалады.

Абакан  острогімен  (1707),  Бикатун  бекінісімен  (1709)  қатар,  жақсы  ма- 

шықтандырылған  гарнизондары,  зеңбіректері  көп, стратегиялық жағынан 

орналасқан жері  қолайлы бұл  бекіністер жергілікті тұрғындарды құнарсыз 

жерлерге ығыстырып, Обь-Ертіс өзендерініңаралығын Ресей иелігіне бекітуді, 

өзін казак коныстары аркылы кауіпсіздендіріп,отарлау тірегінеайналдыру- 

ды камтамасыз етгі. Әлбетте, бұл орайда патшаөкіметі «Кырғыз-кайсақдала- 

сын» Ресейдің саяси мүдделері аясында үстауға үмтылып, қазактардың Ж оң- 

ғар хандығына бағынуына жол бермеуге зор мән берді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет