XVIII-X IX ҒАСЫРДЫҢ БІРІН Ш ІЖ АРТЫ СЫ Н ДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ
1. ҚАЗАҚТАРДЬЩ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
XVIII—XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ қоғамының шаруашы-
лық қызметін бір мағынада бағалау мүмкін емес. Экономикалық кәсіптердің
сипатын қатаң бір формуламен ж әне белгілі бір типологиялық шеңбермен
байланыстыруға болмайды. Онда елеулі өзгерістер болмағанына қарамастан,
дегенмен оныңтүрлері сан алуан болды. XVIII—XIX ғасырдың бірінші жар-
тысындағы экономиканың жай-күйін сипаттайтын материалдар соның алдын-
дағы дәуірлердің деректерімен салғастырған кезде шаруашылықтың дамуы
көп жағынан физикалық (физикалық-географиялық орта, қуаңшылық ж әне
т.б.) факторларға да, саяси (саяси бағдардың ауысуы, көршілердің шабуыл
жасауы, әр түрлі соғыстар ж әне т. б.) факторларға да тәуелді болғанын
көрсетеді.
XVIII—XIX ғасырдың бірінші жартысында шаруашылық дамуының бары-
сы сауда көлемінің біртіндеп өсе түсуімен ж әне сайып келгенде рынокқа
төуелділікпен анықталды. Зерттеліп отырған уақытга қазақтардың шаруашы-
лығында болған елеулі өзгерістер — солтүстіктегі көрш інің неғұрлым дамы-
ған экономикасы ықпалының нәтижесімен жүзеге асты.
X V III—XIX ғасы рлардағы ш аруаш ы лы қ дам уы н ы ң н егізгі сы ртқы
өлшемдері мынадай ерекшеліктерден көрінеді. Біріншіден, соның алдындағы
дәуірлерден айырмашылығы жер қатынастары жүйесінде көшпелі қауымдар
анықталуынын үдемелі үрдісі жүріп жатты, қазақтардың отырықшылану
үрдісі күшейеді. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде оңтүстікте қалыптасқан
шаруашылық күйзелісі («Ақтабан шұбырындыға» байланысты) содан соң
Солтүстік-батыс ж әне Солтүстік Қазақстан аумағына да таралады. Көшпелі
топтарды ң іш інара оты ры қш ы лануы кейін нен Орта А зияда «құрама»
үлгісіндегі кіші этникалықтоптардың калыптасуына ж әне әртүрлі рулардың
араласуына әкеп соқты.
Қазақтар шаруашылығының даму сарыны айырбас саудаға негізделді.
XVIII ғасырдың орта шенінде қазақтардың оңтүстіктегі қысқы кыстаулардан
солтүстік жаққа (Сарыарқа аумағына) ауысуына байланысты сауда Ресей ше-
карасына қайта бағдарланды.
Сонымен бірге аумақтық байланыстар баяу дамиды. Аумақтық байланыс-
тар құрылымының ең айқын белгілері: қысқы тұрақты тұрғын үйлер мен ша-
руашылық құрылыстардың жаппай салынуы, жер пайдаланудыңтүрлі ны-
179
сандарының дамуы, пішен шабу мен егіншіліктіңтаралуы, ры ноктықорта-
лықтармен жақындасу болып табылады. Ж аңа құбылыстар экономикалык
өмірде XIX ғасырдың ортасынан бастап орныға бастады. XVIII ғасырдың бүкіл
бойында жөне XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ қоғамы материалдық
өндірісінің негізі бұрынғысынша көшпелі мал шаруашылығы болып қала
береді. Бұрынғы уақыттағы сияқты, мал жыл бойы өз аяғымен тебіндеп жайыл-
ды. XVIII ғасырда дәстүрлі егіншілік пен қалалардың рөлі зор болды. Эконо-
микалыкөмірде шаруашылыққызметініңтүрлі салаларының үйлесімді ұшта-
суы қазак коғамы дамуының дәрежесімен анықталады. Қазақ қоғамының ма-
териалдық негізі бола отырып, шаруашылық укладтары қазақ коғамының әр
түрлі әлеуметтік-саяси қүндылықтары мен институттарын белгілеп берді.
Көшпелі тұрмыс салтының өкілдері бола отырып, қазақтар сонымен бірге
егіншілік және қолөнершілік кәсіптерін тоқтатқан жоқ. Қалалар мен егіншілік
жазиралар, әлбетте, Қазақхандығының экономикалык жүйесіне XVIII ғасыр-
дың басында енді. Қала айырбас пен қолөнер орталығы болды. Деректемелер-
ге карағанда, XVIII ғасырдың басында казақтардың көшпелі мал шаруашы-
лығы егіншілікті және калалы орталыктармен тығыз байланысты болған. Қазақ
хандығын ұзақ уақыт тіршілік еткізген ең қуатты экономикалық әлеуетті
калыптастырған да, қолөнер мен керуен саудасыныңтұрақты дамуына жәрдем-
дескен де осы құбылыс болатын.
Ш аруаш ылық кызметтің кешенді белгілері 1697 жылы Қазақ хандығында
болып қайтқан Ф. Скибин мен М. Трошин елшілігінің материалдарында бы-
лай деп көрсетілген: «... Қ азақ Ордасының бәрі Түркістанға жақын, қалаға
қала көрініп тұрады, алыс қалалар тастан көрінбейді, оларға дала аркылы 3
күннен жүреді, Сырт (Сырдария. —
Ред
.) өзенінен алыс қашықтыкта, өзендердің
бойында жақын тұрмайды, олардың қалаларында құдықтар көп, олардың бар-
лы к калаларыныңсаны 20. Түркістан бекінісі мен калалар дуалмен коршал-
ған, дуал топырак жөне дуалды бойлай шикі кірпіштен қабырғалар каланған,
үйген топыракпен коса кабырғаның биіктігі үштен екі сажын, ені кей жерде
сажын, кей жерлерде көбірек және азырак, төбесіне қарай бір жарым және 2
аршыннан, олардың калаларындағы дуалдар кірпішсіз, топырак дуалдар көп,
топырақтығыз жөне сусымайды, казылған орлар жок. Сол калалардың бәрінде
бұхарлықтар тұрады, казактар аз, казақтардың бәрі көшіп жүретін жерлер
де, егістік алкаптарда тұрады, олардың егістіктері аз, жылкысы мен қойы
көп, сиыр аз, етпен ж әне сүтпен азыктанады».1
Қала халкына келесі сипаттаманы табын руының белгілі батыры Бөкен-
бай берген: «Оларда, кырғыз-кайсақтарда калалар, атап айтканда: Ташкент,
Түркістан, Сайрамға, оларға карайтын калалар мен кентгер болған және ола-
рға кырғыз-қайсак хандары мен аксакалдары иелік еткен. Ол калаларда сарт-
тар, яғни отырыкшы мұжыктар тұрады, олардан алым алынады». XVIII ғасыр-
дың басындағы сарттар мен казактар арасындағы өзара қатынастарды Бөкен-
бай батырдың: «Ал казір оларға ешкім иелік етпейді ж әне алым алмайды,
уайым-кайғысыз тұрып жатыр» деген сөздері сипаттап береді.2
Ж іті караған жағдайда кала халкының, көшпелі казақтардың өзара қаты-
настарынан шынына келгенде алым-салыктөлеуші үлгісіндегі тәуелсіздік те
айқын аңғарылады. Қ ала түрғындары біркатар міндеткерлік ауыртпалығын
көтерді, оларға салық салынды, ара-тұра хандарға және олардың жакындары-
на сыйлыктар апаруға, казак хандары жүргізген соғыстарға көмекші күш
ретінде катысуға тиіс болды.
180
Көш пелілерге мемлекет пайдасы үшін салы қ салы нбай, ал «көш пелі
кы рғы з-қайсақтардан хандар еш қандай алым алмайты н, алы нбауға тиіс»
жағдайларда отырықшы халықтан алым алу Қ азақханды ғы нда әлеуметтік
катынастардың күрделі болғанын дәлелдейді. Қазақстандағы қала түрғын-
д ары н ы ң ж ағдайы н ан ы қтаған т ә у е л д іл ік н ы сан дары н тал қы л ау д ы
төптіштей берудің қажеті ж оқ, бірақ Қ азақ ханды ғы ны ң ш аруаш ы лы қ
өм ірінің әсіресе сауда мен колөнер сиякты кірісті салалары н ж еке-дара
дерлік билей отырып, сол салада зор рөл атқарғаны н атап өтпекш ім із.
Көпестердің қазақ ақсүйектерінің маңызды дипломатиялы қ тапсы рмала-
рын орындауы жиі кездесетін.
Ш аруашылықтың өр түрлі салалары мен оларды жүргізушілердің өзіндік
топтасуы қазак шежіресінде де расталады. Оларда қазақтардың, әсіресе
сұлтандар сословиесі мен ру шонжарлары өкілдерінің Орта Азияның қалала-
ры мен отырықшылық-қолөнершілік орталықтарын басқаруға қатысуы ху
ралы алуан түрі нақты материалдар көп. Қалалар мен жазиралар Қ азақ хан -
дығының құрамында болып, көшпелілердің экономикалықсерігі рөлін атқа-
рып қана қойған жок, қиыншылықты және дағдарысты жылдарда олар кедей-
ленген көшпел ілер үшін өзінше бір материалдық-экономикалық қойма ретінде
кызмететті.
XVIII ғасырдың басындағы қазақ қалаларының саны 11-ден 32-ге дейін
ауы тқы п оты рады, сірә бүл есептеулер ірі қы стақтард ы ң қанш алы қты
енгізілуіне байланысты болар. К азак хандығы ның ж ағдайы туралы ж ақ-
сы хабардар жоңғар елшілері И ркутскіде былай деп хабарлаған: «... олар-
дың қалалары он бір, әмірш ісі Т әуке тұратын ол қаланы Ясу деп айтады,
көлемі ж ағынан қала орташ а, айналасы ндағы қалаш ы қтарм ен қосқан да
үлкен...».3
«Қазақ ордасында қалаларға жақын жерге әр түрлі астық себеді, селолар-
ға баратындар да көп, ал әр түрлі мал саны көп, олардың малында түйелер,
атгар да, есектер де, әр түрл і ірі кара да бар, сондай-ақ қалалар мен селоларда
бау-бақша көп, бақтарда көкөністер, алма мен жүзім, шие де, қара өрік те,
жиде де, жаңғақта үлкен болып жиі өседі, сондай-ақөзге де көптеген көкөністер
бар», — деп атап өтеді өз хабарламасында жоңғар елшілері.4
Деректемелерде қазактардың егіншілікпен айналысқаны теріске шығарыл-
майды, дегенмен егіншілік әрине қосалқы кәсіп сипатында болды. Түркістан
ғана ерекше еді. Мұнда неміс зерттеушісі Рейнхард Ю нггің анықтауы бойын-
ша, Түркістанда оның өзі «түріктің жазиралық-аумақтық шаруашылығы» деп
атаған шаруашылық үлгісі қалыптаскан, онда «суландыру құрылыстарын күтіп
ұстау үшін барлық халық нақты міндеткерлік атқаруға міндетті болған ж әне
(иеленуші. —
Ред
.) бұған көктем сайын өз қолымен басш ылық еткен». Билік
басындағылар суармалы егіншілікті ұйымдастыруға мүдделі болды (Reinhard
Junge. Das problem der Europa. Sierung orientalischen W irtschaft. 1915, S. 136-
137,141).
К өш пелі қ азақтар өзд ерін ің қы сқы қы стаулары ж ан ы н а кұн арлы
жердің шағын учаскелеріне дән сеуіп, басқалармен бірге жайлауға кететін.
К ейбір жағдайларда көш іп ж үретін егінш ілер егістікті күзету ж ә н е күту
үшін белгілі бір ақы төлейтін болып өздерінің кедей туыстарын қалды ра-
тын. Қ азақтарды ң өздеріне бағыныш ты қалм ақтарды , қарақалп ақтарды
ж ә н е басқалары н егін ш ілікп ен ай н алы суға м өж бүр еткен і де си рек
кездеспейтін.
181
Кошпелі мал шаруашылығы таралған аудандар Қазақстан даласының ора-
сан зор кеңістігін алып жатты. XVIII ғасырдың басында солтүстік шекарасы
Ертістің оң жағасын бойлай өтті.
XVIII ғасы рды ң басы ндағы қарулы қақты ғы стар мен ішкі қы рқы ста-
рға, мекендейтін ж ә н е мал бағатын орын іздеп, алыс ж ерлерге үздіксіз
көш іп -к он уға қатысты шиеленісті оқиғаларды ң ең басты бір себебі —
аум ақты қ и елікке талас болды. Осы оқиғаларды ң бәрінен мына бір баға-
лы қасиет айқын көрінеді — XVIII ғасырдың басында-ақ казақтар Еуразия-
ны ң орасан зор кеңістігінде Ресеймен, Ж оңғариям ен ж ән е басқа елдер-
мен күрделі күрес жүргізіп келген. А умакты қпроблемаларды ңсы рты нда
әрқаш ан д а ш аруаш ы лы қ проблемалары тұрады. Көш пелі ш аруаш ы лык
ж ағдайлары жайы лымды үнемі ауыстырып отыруды каж ет етеді, мұның
өзі жер көлемі ж еткілікті ж әне жердің пайдаланылуы реттелген жағдайда
ғана мүмкін болмақ. Көшіп жүретін аймақтың кендігі мал шаруашылығы-
ның ең басты шарты деп саналады. «Ертеде барлық қазақтардың ойлайты-
ны мен дәлелін ің түп негізі мал болды, — деп жазады Ш. Уәлиханов. — Біз
өз өмірімізді мал шаруаш ылығының талаптарына бейімдеп құрып келдік.
Б ізд ің бабалары мы зда тұрақты қы стау, дәл сол сияқты жазғы жайылым
үшін бөлінген ж ер де болған жоқ. Бір жерде шөп ш ықпай қалған кезде,
біздің әк елерім із еш кандай қаш ы қты қтан тайы нбай, басқа, неғұрлым
қолайлы ж ерлерге кетіп қалатын.
Кіші Орданың қазактары жазда Орынбор маңында және Мұғалжар таула-
рында көш іп жүрді, ал қысты Сырда және Борсық құмдары мен Қарақұмда
өткізді, Орта Орданың қазақтары бір жазда Семей түбінен Троицкіге қарай
барып, кері қайтып отырған. Осындай тұрмыс салты жағдайында қатты кыс-
тың қазіргі сияқты катерлі сипатта болмағаны түсінікті».5
Ш. Уәлиханов қазактар XIX ғасырдың орта шені\іен салыстырғанда XVIII
ғасырда әлдеқайда бай болған деп санады: «Сібір казақтары сыртқы приказ-
дар құрылғанға дейін байырак болған, бұл — титтей де күмән келтірмейтін
факт: өткен ғасырдың аяғы мен осы ғасырдьщ басында Орынбор және Сібір
шептеріне айдап әкелінген малдыңсаны мен 20—30-жылдардағы ресми есептеу-
лерге көз салудың өзі жеткілікті. Осы соңғы дәуірде 10 мың үйір жылкысы
болған қазактар аз болмаған».6
1803 жылы Орынбор губернаторы XIX ғасырдың басындағы казактардың
мал шаруашылығының жай-күйін соның алдындағы көрсеткіштермен салыс-
тыра келіп, «бүкіл дала өңірінде мал шаруашылығының көрінеу кемушілігі
бар» деп жазды.7
XVIII ғасырдың басында мал кысы-жазы өз аяғымен жайылатын. Ж ай
ылым ауыстыра отырып, казак қауымдары кең-байтак даламен қыста Ор-
талы қ А зи ян ы ң ең оңтүстігіне, ал ж азда К азақстан далалары на қоны с
аударып жүрді.
XVIII ғасырдың басында Кіші жүз руының малды ауылдары қыс кезінде
Сырдария мен Әмударияны ңтөменгі ағыстарын коныстанды. XVIII ғасыр
казактары ны ң жадында Хорезмнің солтүстік жағы мен Бүхараның шыгыс
аудандары өздерін ің тари хи жері деген сенім мыктап сақталған.
Орта жүз ауылдары Түркістан, Шығыс Бұхара және Самаркан аумағымен,
сон дай -акТалас өзені алкабымен көбірек байланысты болды. Қазақтардың
хал ықтык зердесінде Бұхараның нак оңтүстік-шығыс шет аймактарында казак-
тар бастан кешірген көптеген оқиғалардың жаңғырығы сакталған. Бұл жер
182
|