Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих



Pdf көрінісі
бет186/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

Саяси қүрылыс. 

Орынбордың әскери губернаторы Волконский «сүлтан- 

дардың үлкені, парасатты, тәжірибелі ж әне жоғары мәртебелі монарх тағына 

берілген»97 деп сипаттаған Бөкей сұлтан  1812 жылғы 7 шілдеде Орал қаласына 

жақын жерде Орынбор әкімш ілігініңжоғары шенділері ж әне көптеген дала 

шонжарлары қатыскан салтанатты жағдайда ресми түрде Бөкей Ордасының 

хандығына көтерілді. Оныңсол кезге дейін атқарып келген накты жағдайы заң 

жүзінде  ресімделді.  1815  жылы  өлген  Бөкей  хан  ханның  тағын  өз  баласы 

Жәңгірге өсиет етіп калдырды, ал ол кәмелетке толғанға дейін орданы уақыт- 

ша баскаруды өзінің туған  інісі Ш ығай сұлтанға тапсырды.  1823  жылғы  22 

маусымда патша Жәңгірді Ішкі Орданың ханы деп тану туралы грамотаға кол 

койды, ал  1824 жылғы  26 маусымда Оралда ертедегі  рәсім сақтала отырып, 

патшалықөкіметорындарының бақылауымен ол хан болып жарияланып, 20 

жылдан астам уакыт билік етгі.98

Бөкей Ордасы патша үкіметіне тәуелді ж ән е он ы ң  бақы лауы нда бол- 

ды.  Ішкі саясаттың негізгі мәселелерін хан Орынбор әкімшілігімен бірлесе 

отырып дайындады. М ұраға калдырылатын хан билігін, бір ж ағы нан, ру- 

басылар  мен  билер,  екінш і  ж ағы нан,  патша  үкім етінің  қарулы   отряды  

қолдады. Х анны ң ішкі  істерді  басқаруда едәуір еркіндігі  мен  бастамасы  

болды.  Қ арж ы -салы қ саясаты ,  ж ер пайдалану тәртібін  белгілеу,  аум ақ- 

ты қ-рулы қ баскару ж ән е халы қты ң ш аруаш ы лы қ құры лысы  м әселелері 

ханның міндетіне кірд і."

Ішкі Орданың саяси тарихында XIX ғасырдың екінші ширегінен бастала- 

тын  кезең  едәуір  ерекше.  Хан  билігі  әлсіз,  дамымай  қалып,  көп  жағынан 

жергілікті бай-сұлтан топтарыныңқолдауымен анықталған бай-сұлтан баск­

ару жүйесі билеушілердің  отарлық бағындырудың ж әне қаржы-салық саяса- 

ты ны ң  ж аңа  міндеттеріне  сай  келуден  қалды ,  сөйтіп  Ж ә ң гір   тұсы нда 

төрешілдік басқару нысанымен ауыстырылды.  Сол  арқылы дәстүрлі  казак 

коғамына жаңалықтар, рас, табиғи жолмен емес, күштеу әдістерімен енгізіле 

бастады.


Рубасыларын ханға жақын ж әне оған адал адамдардың арасынан патша 

әкімшілігініңтағайындауы жиілейтүсті. Мысалы, егер 1827 жылы үш рудағы 

байбакты,  ноғай  ж әне  беріш  руларындағы  34 старшынның үшеуі  ғана хан 

билігімен тағайындалса,100 1845 жылы осы рулардың барлык дерлік бөлімше- 

лерінің басында «жарлык» старшындары тұрды. Жергілікті феодалдардың сот 

кұкығы шектелді. Сотбилігі негізінен ханны ң,101 хан К еңесінің мүшелері  — 

билердің ж әне хан депутаттары — сұлтандардың колына шоғырландырылды. 

Жергілікті рубасылар мен ақсақалдар кіші-гірім даулы істерді карады, әдетте 

олартатуласумен аякталатын. Өз қалауы бойынш ахан ұсак-түйек істерді де 

ру бастықтарының карауынан алып отырды. Бұрынғы би қазылығының аясы 

шектелді, ал олардың кейбіреулері сол кезде-ақ мемлекеттік кызмет нысаны- 

на көшкен еді. Халыкка алымдар белгілеу құқығы да жергілікті феодалдардың 

қарауынан алынды.

Рубасылар мен аксакалдардың міндеттері қиындады: есеп беру енгізілді, 

олар жайылымдық алаптарды жалға алу кезінде, пішен сатып алу, мал көтер- 

ме саудасы кезінде рудың немесе бөлімшенің мүдделерін білдірді, халықтан 

орталық билік белгілеген алымдар — «зекет», «сотым» жинады, жекелеген ауыл-

16-36


241


дардың көшіп жүретін шекарасын белгіледі. Оларғабағыныштыларыныңара- 

сында «орыс қашқындары», «бүлікшілер», қазактардың баска руларынан кел- 

гендертұрмауын қадағалау жүктелді, оларға «тыныштык пен бейбітшілікті» 

сактау міндеттелді.

Ру сұлтандары мен ақсакалдары жанында іс-қағаз жүргізушілер мен дін 

жолына бастаушылардың міндеттерін коса аткарған молдалар болды. Олар- 

дың кейбіреулері хан кеңсесімен ж әне ауылдар арасында  байланыс жасау 

үшін «шабармандар» жөне «кызметкерлер» ұстады.102

Ж әңгірхан өз билігін бұрынғы казак хандары билігінің жалғасы деп сана- 

ды.  Алайда ол мазмұны мен нысаны жағынан олардан көп жағынан ерекше 

болатын. Ордадағы әкімшілік, сот ж әне кұкыктык билік хан колына шоғыр- 

ландырылды.103

Хан өз билігімен рулар мен бөлімшелерге коныстарды бекітіп берді, жерді 

феодалдардың билігіне бөліп берді, бекітіліп койылған жер учаскелерін екінің 

біріңде кайта бөліп отырды, шонжарлардың жекелеген санаттарын (сұлтан- 

дарды,  қожаларды,  аксакалдарды,  тархандарды  және  молдаларды)  жалпы 

міндеткерліктерді аткарудан босатты. Хан билігі көрсеткен кызметі үшін тар­

хан дәрежесіне көтеру, офицер шенін беруге ұсыну, медальдармен,сый-шек- 

пенмен және т.б. марапаттау сияқты көтермелеу шараларын едәуір кең пайда- 

ланды. Осының бәрі жергілікті феодалдардың вассалдық катынастарын ны- 

ғайтты.  Хан  «үкімдік»  молдалардан  бастап  хан  К еңесінің  мүш елеріне 

дейінгілердің бәрін өзі тағайындап отырды. Олар тек соның өзіне ғана бағын- 

ды. Хан өз калауымен оларды баскаларымен ауыстыра алатын.104

Ішкі жағдайлар тұрғысынан алғанда, хан билігі кандай да болсын басқа бір 

ұйымның алдында жауапты болмады. Хан Кеңесі кеңесші органнан жоғары 

көтерілмеді, бұрын үлкен өкілеттіктері болған акса^алдар съезі сирек құбы- 

лысқа айналды. Кей-кейде шакырылатын съездерде барлык феодалдар үшін, 

бүкіл орда үшін мәні  бар қандай да бір маңызды мөселелер талкыланбады. 

Олар, әдетте, патша үкіметінің кысымымен катысушыларды ханның айтка- 

нынан шықпауға мәжбүр ету үшін шакырылатын.

Жәңгір хан тұсында баскару әдістері де басқаша болды. Егер казактың бұрын- 

ғы хандарыныңтұракты ордасы болмай, көшпелілерді өзі де көшіп жүріп бас- 

қарса, ол хан әкімшілігініңтұракты орталығын кұрды. Оныңжанынан ерекше 

басқару аппараты құрылды. Хан жанында сұлтандар арасынан  10 «хан депутат- 

тары» деп аталатындар болды. Бұл «депутаттар» орыс қыстактарымен шектес 

рулардың коныстарына жіберіліп отырды жөне олар істе орыстар мен казактар 

болған кезде шекаралык өкімет орындарының өкілдері жүргізетін тергеулерге 

катысуға тиіс болды және бұл орайда казактардың мүдцелерін білдірді. Оларға 

ханның тапсырмасы бойынша жергілікті жерлердегі жекелеген дауларды қарау 

тапсырылды. Олардың алымдар бойынша төленбеген бөл ігін өндіріп алу кезінде 

мәжбүрлеуге де билігі болды, кейде оларға неғұрлым кең өкілетгіктер де берілді. 

Мәселен, Медет Ш өкин сұлтан кұжатгарда Өзен шебінде «ханның барлық істер 

бойынша депутаты» деп аталады. Ол өз қалауы бойынша кінәлілерді «қарауыл- 

мен» ұстай алатын еді. Оның старшындарға өкімі «Медет Шөкин сұлтанның аса 

катан тал абы» ретінде беріледі. Баска бір құжатган ханның депутаты Әділ Бөкей- 

ханов сұлтанның Ж айықтың арғы бетінен қазактардың ішкі жакка өтуіне бас- 

шылықеткені көрінеді.105

1827 жылы құрылған хан Кеңесі  12 биден — әрбір ру басқармасынан бір- 

бір биден тұрды.106 Олардың кейбіреулері сұлтандармен тең құкыкта рулар-

242



ды басқарды. Олар тіпті Ж әңгір ханнан өздеріне бүкіл орда бойынша жауап- 

керден қарызды өндіруге құқы қ беруді сұрады .107 Хан  К еңесінің мүшелері 

отбасыларымен  ж әне малымен тұрақты тұруға  хан  ордасына  көшіп  келді 

жөне сол аркылы олар шынына келгенде, хан аппаратының шылауына ай- 

налды.

Оған қоса, хан жанында оның арнаулы тапсырмаларын орыидау үшін жа- 



саулдар ретінде  12 старшын, сондай-ақ «базар сұлтандары» болды. Соңғыла- 

рының міндетіне баж жинау (орда ішінде), қазақтардың мүддслерін білдіру 

(ордадан тыс жерде), сауда орьіндарындағы тәртіпті кадағалау жатты.

Ханның жанында татар бөлімі  мен  жалпы  бөлімнен  түратын  өз  кеңсесі 

болды. Бірінші бөлім негізінен орда ішіндегі, ал екіншісі — ш екаралықокімет 

орындарымен қатынас кағаздар ісін меңгерді. Оның жанында арнаулы тергеуші 

де болды.108

Бұрынғы сұлтан-би басқару жүйесін орталықөкіметжанындагы үйымда- 

сқан төрешілдік басқару аппаратымен ауыстыруды көшпелі мал  шаруашы- 

лығы нысандарының, бұл ішінара орын алса да, өзгеруі емес, қайта негізінен 

алғанда,  казақ  қоғамында  үстемдік  еткен  ф еодалды қ  тап ты ң   басқару 

қызметінің күрделенуі керек етті ж әне ол қазақ қоғамында патшалық өкімет 

орындарының  мүдцелерін  неғұрлым  батыл  камтамасыз  ету  қажеттілігімен 

байланысты болды.

Хан билігінің ж әне оның фискалдық міндетінің күшеюі қабаттасып отыр- 

ған басқаруды қайта ұйымдастыру шенеуніктік жүгенсіздіктіңжаңа нысанда- 

рын  туғызды  ж әне  дәстүрлі  қауымдық-ауылдық  ұжымдар  институттарын 

шектеуге әкеп сокты.  Төрешілдік аппараттың өсуіне қарай халыққа салык 

салу ауқымы ұлғая түсті.

Ж әңгір хан  1845 жылы қайтыс болды. Бұл туралы хабар алған I Николай 

патша өз қолымен: «Тым өкінішті, ол өте-мөте адал берілген адам еді», — деп 

жазған. Сол кезге қарай Кдзакстанның барлықбөліктеріндехан билігі жойы- 

лған еді. Үкіметгік топтарда Ішкі Ордада да хан билігі қалпына келтірілмейтін 

болып шешілді. Оны басқару орыс шенеунігі басқарған уақытша кеңеске көшті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет