түсірді.
дүкемдер мен дүцгіршектерге ойран салынды, Казакстанның бүкіл аумағы
үлт-азатгык козғалысының өртіне оранды.
4 . 1916Ж Ы ЛГЫ ҰЛТ-АЗ АТГЫҚ КӨТЕРІЛІС
1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей халықтарына аса
ауыр қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Соғыс жылдарын-
да жергілікті жерлердегі патша шенеуніктерініңозбырлығы мен зорлык-зом-
былығы өлшеусіз өсті. Қазақтардан, бірінші кезекте Сырдария және Жетісу
облыстарында жерлерін жаппай тартып алу жалғастырылды. Бір ғана Жетісу
облысында соғыстың алғашқы 3 жылында 1800 мың десятина жаксы жайы-
лымдар мен егістік алаптар тартып алынды, ал осы жерлердің нағыз қожай-
ындары қазақтар шаруашылык жүргізуге онша жарамды емес, немесе мүлде
жарамсыз шөл немесе шөлейтаудандарға күшпен көшірілді.
Соғыс орасан көп мөлшерде шикізатты, азық-түлікті, малды және баска
да материалдык қүндылыктарды жалмап жүтты. Шаңырақтарға жаңа әскери
салық енгізілді. Соғыс басталған соң жергілікті халыққа салынатын салықтар
3—4 есе, ал жекелеген жағдайларда 15 есе өсірілді.
Eric алаптарының қыскартылуы нәтижесінде ауыл шаруашылықөндірісі
сұмдык құлдырап кетті.
1916 жылдың ортасына қарай патша өкіметінің казак халқынан тартып
алған жерінің жалпы көлемі 45 миллион десятинаға теңелді.
Әлеуметгік ж әне ұлтгык езгінің күшеюі, соғыс кесапаты — халык бұкара-
сының кайыршылануы, қымбатшылык, ашаршылық еңбекшілердің жағдай-
ына ауыр эсер етті ж әне өлке халқының әр түрлі топтары тарапынан белсенді
наразылыктуғызды.
Соғыс жағдайларында «Казак» жалпыұлттык газетініңтөңірегіне біріккен
қазақтьщ либерал-демократи ялы қ зиялыларының жетекшілері — Ә.Бөкей-
ханов, А.Байтүрсынов, М.Дулатов және олардың жақтаСтары, сондай-ак казақ
зиялыларынан шаруа-демократиялықбағытты жақтайтын М.Сералин, Б.Май-
лин, С.Дөнентаев және баскалар сынды «Айқап» журналыныңтөңірегіне топ-
тасқан өкілдері басылып шыккан сөз аркылы өздерінің халыққа ықпалын ны-
ғайтуға ұмтылды.
Саяси көзкарастары мен әрекетгеріндегі айырмашылыктарға қарамастан,
қазақ зиялыларының жоғарыда аталған өкілдерінің көптеген туындылары-
ның өзегі «Оян, казак!» ұраны болды (осы атаумен 1909 ж
ылы
Міржакып
Д улатовты ң өлеңдер жинағы ж арияланған еді). К азак окымыстылары
өздерінің жан-жақты шығармашылығымен, жалпы демократиялыкталаптар
' ұсынып және өз ойларын екінің бірінде мыскыл тіл імен білдіре отырып, өлкеде
отаршылдыққа карсы саяси жағдайдыңтамыр жаюына жәрдемдесті. Халық
санасына ұлт-азаттық күресінің кажет екендігі идеясын сіңірді.
Сотые Ресей империясында пісіп-жетіліп келе жаткан жалпыға бірдей дағ-
дарыс үрдісін тездетті. Қазақстанның, Орталық Азияның барлык дерлік аудан-
дарын қамтыған, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс соның жаркын көрініс-
терініңбірі болды.
Көтерілістің басты себептері әлеуметтік-экономикалық ж әне саяси си-
паттағы факторлар: отаршылдық езгінің күшеюі, жерді тартып ал у, салық-
тар мен алымдардың шамадан тыс ұлғайтылуы, қазак халкы мен аймақтың
636