Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих



Pdf көрінісі
бет269/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

1,д.  373, д.  15-50.

81  Бул 

да сонда,

 

л.  51об.



82  Бул 

да сонда,

 

лл.  54,  54об.



83  Материалы  по  истории  политического  строя  Казахстана,  219-6.

84 Бул 

да сонда.

85  ЦГА  РК,  ф.  4,  on.  1, д.  1614,  л.  42.

86 Бул 

да сонда,

 

д.  373, л.  52.



87  Бул 

да сонда,

 

л.  52об.



88 Бул 

да сонда,

 

л.  53.



89  Бул 

да сонда,

 

л.  52об.



90 Бул 

да сонда,

 

л.  14.



91  Материалы  по  истории  политического  строя  Казахстана,  218-6.

92  ЦГА  РК,  ф.  4,  on.  1,  д.  2268,  л.  50.

93 Бул 

да сонда,

 

л.  49.



94 Бул 

да сонда,

 

л.  5об.



95  Бул 

да сонда,

 

д.  373,  лл.  58—59.



96 Бул 

да сонда,

 

д.  395,  л.  Юоб.



97 Бул 

да сонда,

 

лл.  11,  12об,  19.



98 Бул 

да сонда,

 

ф.  374,  on.  1, д.  805,  л.  230.



99 Бул 

да сонда,

 

д.  4775,  л.  Зоб.




Т о г ы з ы н ш ы   т а р а у

ҚАЗАҚТАРДЫҢ РЕСЕЙ  ОТАРШ Ы ЛДЫ Қ ҮСТЕМ ДІПНІҢ

 

ОРНАТЫЛУЫНА ҚАРСЫ ҮЛТ-АЗАТТЫҚ KYPECI

 

(XIX  ҒАСЫРДЫҢ  20—40-Ж Ы ЛДАРЫ )

1.  ОРТА Ж ҮЗДЕП ПАТШ АЛЫ Қ РЕФОРМ АЛАРҒА О П П О ЗИ Ц И Я

Бұрынғы Бөкей ханның иелігінде — Қарқаралы және Уәли ханның иелігінде 

— Көкшетау округтерінің құрылуы  Орта жүз  бен  ¥ л ы  жүз түйісетін қазақ 

жерлерін отарлауды тездете түскен әкімш ілік-саяси жаңалықтардың тұтас 

сериясы мен «Ресейдің Қазақ даласындағы билеп-төстеуін» нығайтудың негізін 

қалады.1 Кең-байтақ аумақта патша өкіметінің әскери-әкімш ілік шаралары- 

ның одан әрі өрістей түсуі байырғы халықтың қатты наразылығын туғызды, 

оның барған сайын көбірек нұқсан келтірілген мүдделерін білдірушілер Абы- 

лай әулетінің біршама алысты көздейтін өкілдері болды, олар РесейдіңСібір 

қазақтары туралы  1822 жылғы Ж арғысын қазақ мемлекеттілігінің тіршілік 

етуіне төнген, зардабы ұзаққа кететін катер деп білді.

Уөли хан қайтыс болғаннан кейін оныңжесірі, ұлы ғалым Ш. Уәлиханов- 

тың өжесі — ақылды, көреген ж әне өз заманында білімді болған әйел Айға- 

ным Абылай әулетінің басшысына айналды, ол Азия департаментінің, Сырт- 

қы  істер  министрлігінің ж әне  Сібір  комитетінің  шенеуніктерімен  жиі  хат 

алысып түрды.2 Алайда оның бойындағы даналық қасиеттерге қарамастан, ол 

халықтың қарулы қарсыласуы жетекш ісінің рөліне жарамады.3

Бұл қиын міндет Абылайдың отыз ұлының ең кенжесі Касым сұлтанның 

үлесіне  тиді,  оның  бәйбішеден  туған  еркек  кіндікті  балалары  —  Саржан, 

Есенгелді, Ағытай, Бопы, Көш ек ж әне Кенесары, кіші әйелінен туған бала- 

сы  Наурызбай  жиырма  жылға  ж уы қ  уақытқа  созылған  титы қтатарлы қ 

күрестіңтабанды қатысушылары, ал солардың ішіндегі Саржан, Есенгелді, 

Кенесары оны ұйымдастырушылар ретінде тарихқа енді, ал ол күрестің ба- 

рысында патшалық режимге зор моральдық-саяси нұқсан келтірілді.

Округтік  приказдардың  құрылуына  қарсы  алғаш қы  өз  наразылығын 

Көкш етау өлкесінде едәуір ықпалы бар  Қасым сұлтан  1825 жылғы  14 мау- 

сымда білдірді. «Омбыда отырған генерал Капцевич, — деп жазды Қасым төре 

Орынбор әскери губернаторына арнап, — біздің қырғыз-кайсақтар жағында 

орналасқан Көкшетау каласының жанынан кеңсе орнын құрды, соған біздің 

сұлтандарымыз  бен  ақсакалдарымызды  сол  жерлерде  оларды  қанш ама 

ренжітіп тастайтын мәжіліс өткізуге мөжбүр етіп отыр...».4

Қасым төре жоғары дәрежелі шенеуніктерге барлық жолданымдарында, 

хаттарында Ресейдің отарлауға арналған тірек  базасы  — округтерді  патша

21-36

321



өкіметінің  заңсыз  әрекеттері,  ал  Омбы  облыстык  бастығын  тек  «Омбыда 

отырған»  адам  деп  қарастырып,  номадтардың  көпшілік  бөлігінің ызалану 

сезімін білдіре отырып, жаңадан кұрылған округтік приказдардыңтараты- 

луын үзілді-кесілді талап етті. Абылай әулеті ұрпақтарының билігіне қарай- 

тын казак руларының коныстары ауданында Көкшетау приказының ашы- 

луы   атакты   хан н ы ң   тірі  к е зін д е -а қ   кол  ж е тк ізілге н   бұры нғы   ш арт 

міндеттемелерін бұзушылык екеніне Орынбор генерал-губернаторының на- 

зарын аудара келіп, Қасым төре «бұл сот орындарына сұлтандар мен акса- 

калдардың келіспеуі ж әне макұлдамауы себепті әкімшілік жаңа өзгерістер 

енгізудің  заң  жүзінде  негізсіз  екенін  көрсетті».5  Қасым  төренің  алғашкы 

жолданымы «ұлы патша ағзамға» өздерін тыныш қалдырып, өз болыстары- 

ның қазақтарына өздерінің өмірін  «олар өз әкесі  Абылай ханның тұсында 

калай өмір сүрсе, дәл солай, яғни өз ғүрыптары бойынша» құруына рұксат 

етуге»  өтінішпен  аякталды.6 Касым  сұлтанның бірінші,  мазмұны  жағынан 

едәуір батыл хатының Орынбор  губернаторына теріс эсер еткені  Абылай- 

дың кенже ұлын абыржытпады, ол осы окиғадан кейін де, бір жағынан, казак 

отрядтарының кейіннен округтік приказдардың ыкпал өрісін кеңейте ала- 

тын әскери-тірек базаларын кұру үшін дала кеңістігіне терендей ілгерілеуін 

токтату, екінші жағынан, шаруалардың коныстандырылуына кедергі жасау 

жөніндегі  бірден-бір максатпен патша губернаторларына талай рет өтініш 

жасады.

Қасым  сұлтанның баска  бір хатының мерзімі  1826 жылғы  18  сәуір деп 

белгіленген, бұл кезде үкіметке қарсы бүкіл далада Орта жүздегі хан тагы- 

ның занды мұрагері Ғ ұбайдолла сұлтанды колдаған қозғалыс өрістей түскен, 

ал Саржан сұлтанның көтерілісі кең кұлаш жайып, Орталык жөне Солтүстік 

Қ азакстан аудандарын камтыған еді.  Касым султан Орынбор әкімшілігіне 

алтай руының қоныстарында әрекет етіп,  «өздері айдап әкеткен жылкыны 

кайтармакшы болтан сыңай танытып...»,7 оның ауылына кенеттен шабуыл 

жасаған 350 адамнан тұратын жазалаушылардың жүгенсіздігі туралы хабар- 

лайды.


Касым  төренің  хаты  Кенесары  сұлтанның  патша  отрядтарына  карсы 

кимылдарға қатыса бастаған күнін, яғни  1826 жылғы  18 сәуір екенін анык- 

тауға мүмкіндік береді. Касым төренің жазғанындай, сұлтан «сол окиғаны 

білу үшін» ж әне орыс отрядтарының ниеттерін анықтау үшін «нақсол жолы 

ж аулы к әрекет  еткен  отрядқа  жүріп  кетті».  17  казактан тұратын  қарулы 

топ «олармен (яғни Кенесарымен. —



Ред

.) төбелес шығарып, қылышпен ба- 

сын  бес  жерден  ж аралаған,  алайда  оны  тұткындап  әкете  алмаған».8  Бұл 

күндері К асы м төре кактығыс болтан жерден 20 күндік жерде, оның айту- 

ынша, наймандардың, қыпшактар мен баганалылардың ауылдарына барып, 

«жалпы халы кты ны ш ты гы » үшін әрекет жасап жүрген  еді.  Казактардың 

қасақана жасатан жүгенсіздігі туралы хабар алып, дереу өз конысына кай- 

тып келді жөне болтан оқитата «катты таңыркатандық» білдірді, бұл жөнінде 

Орынбор губернаторына хабарлап, патша хакімін дұшпандык ниеттерден 

тартынута ж әне Абылай хан кезінен жасалып келе жаткан өзара түсініктік 

рухын сактауга шакырды.  «М енің маркұм әкем  Абылай хан сөз арасында 

император агзам Богды Ежен ханта (цин императорын. —



Ред

.) ага деген ата- 

уды  жиі  колданаты н, мен соны ң ізімен,  генерал-губернатор мырза,  Сізді 

ага деп  атай  отырып,  әркаш анда  Сіздің агалыгыңызта  сенемін  жөне  көп 

еш нәрсеге күмәнданбаймын».9  Касым торе хатының мәтінінен келтірілген

322



үзінді, егер Орынбор мен Омбының облыстықбастықтары да округтік при- 

каздарғасүйеніп, өздерініңотарлауш ылы қниеттерін кеңейтпей, өзара нақ 

сондай  әрекет  істесе,  өзінің  бұрынғы  Ресей  жағымен  ізгі  келісімде  болу 

ниетін растайды.

Қасым төренің  12 болысты басқарған он екі ер жеткен ұлы бар еді, олар- 

дың әрқайсысының жанында жан-тәнін салып қызмет ететін 500 ш аңырақ- 

тан «өз» төлеңгіттері болды, олар өздері әскери қызмет ете жүріп,  қамқор- 

лығын көрген Абылай ұрпақтарының алғашқы шақыруымен ұрысқа кіруге 

дайын  болатын.  «Егер Сіз  мені  қуып  жіберсеңіз,  осы  халықтың арасынан 

мені де жактайтындар табылады. Ал мен осы арадан ең алыс болыстарға қашып 

кетемін»,10 — деп жазды Касым төре сол губернатордың өзіне.  Осы арқылы 

сұлтан Орынбор губернаторына өз ауылдарының еңтүкпірдегі, бару қиын 

жөне отаршылдық әкімшіліктің ықпал өрісіне тартылмаған далалық аудан- 

дарға көшіп кетуініңорыс өкіметорындары үшін болуы ыктимал зардапта- 

рытуралы ескертті. Алайда Қасым төре ұлан-байтақдалада атақты Ш ыңғыс 

үрпақтарының арасында Орта жүзге әкімш ілік баскару жүйесінің ресейлік 

тәртіптерін енгізуге өуел бастан қарсы шыққан жалғыз адам емес еді.

Бүрынғы  хан  билігі  қүрылымын,  аум ақты қ  бөлініс  пен  басқаруды ң 

дәстүрлі принциптерін түгелдей қорғаған Қасым төренің, оны ң балалары- 

ның, көптеген ауылдардың қарсы әрекеттері шектеулі болсада, егемендікті 

сақтап қалуға бағытталды. Хандықтың күші ж ойы лғанға дейін көп бұрын 

пайда болған және Ресейдің жағдайын дала жағына қарай  100—150 шақырым 

қашықтыкта едәуір нығайтып үлгірген  Ертіс, Есіл бойындағы, сондай-ак 

Алтайдағы бекіністерге сүйенген округтік приказдардың 1822 жылғы Ж ар- 

ғы  кабылданғаннан  кейінгі  алғаш қы  екі-үш   жылда,  20-жылдардың  орта 

шенінен  бастап  еселене  түскендей  ықпал  күші  болмады.  С оны мен  бірге 

жергілікті оппозиция да өзінің әлеуметтік базасын кеңейте түсті, оған Ш ың- 

ғыс  ұрпақтарының көпш ілік  бөлігімен  қатар  казактарды ң  басып  алуына 

байланысты жер таршылығын бастан кешіре бастаған еркін көш пелілердің 

бұқарасы қосылды.

Қ азак ақсүйектерінің едәуір бөлігі, сондай-ақ ежелден орныққан рулық 

өзара көмек дәстүріне  сәйкес  оларға  ерген  номадтар  кайтыс  болған  Уәли 

ханның үлкен үлдарының бірі Ғ ұбайдоллаға үлкен үмітартты. Омбы облыс- 

тық бастықтары ықпалды сүлтандарға елемеген  көзқарас көрсетілген жағ- 

дайда Уәли ханның тікелей ұрпақтары тарапынан қауіп-қатер төнетінін ұғын- 

ды. Ғ ұбайдолланың Көкш етау округінің аға сұлтаны болып, Тұрсын ІІІың- 

ғысовтың  Қарқаралы  округінде  нақ сондай  қызметке  сайлануын  осымен 

түсіндіру керек.  Округтік приказдар құрудың алғашқы қадамдарының өзі 

көрінеу оппозицияға тап болды — Көкшетау округінде Сартай Ш ыңғысов; 

Қарқаралы округінде — Саржан  Қасымов,  Ш оң батыр, Торайғыр би ж аңа 

тәртіптерге аш ық қарсылық білдірді, алайда кейбір рулар сол кезде-ақ хан 

деп  жариялаған  Ғұбайдолла сұлтанның өз көзкарасы н білдіретін  кезін де- 

генмен де күтіп отырды. Омбы облысы қарауында болған, сұлтандардың үстем 

тобының едәуір бөлігі Ж арғыға жақтырмай  қарағанынан  едәуір дәреж еде 

хабардар Батыс Сібір губернаторы П. М.  Капцевич өзіне багыныштыларға 

реформаларды жүзеге асыру кезінде «бейбіт азаматтық өкімдермен әрекет 

ету, қатаң өділеттілікті ұстану» керек екенін көрсетіп, «азиялықхалықтарға 

толық үстемдікке ақырын жүріп, аны қ қадамдар арқылы қол ж еткізу үшін 

асқан сақтық» көрсетуге пәрмен берді.11

323



Алайда округтік приказдар жанына орналастырылған казак отрядтары- 

ның оппозицияның каруланған топтарымен алғашқы қақтығыстарының өзі- 

ақ патша Ж арлы ғы ны ң іске асырылуына қарсы кимылдауға бел байлаған- 

дыкты растады.

Ал  Ғұбайдолла сұлтан империялық әкімшілік-саяси жаңалықтарға нара- 

зыларды  өз төңірегіне топтап,  қалыптасқан  жағдайды  хан  мемлекеттілігін 

калпына келтіру үшін пайдаланбакшы болып ұйғарды. Қасымтөренің ықпал- 

ды тобы қолдаған Ғ ұбайдолла өз ниеттерін іске асырудың қиын екеніне бірте- 

бірте  көз жеткізіп,  аға  султан  өкілеттіктерін  шебер  пайдаланып,  үкіметке 

қарсы күштерді топтастыруға бағыталды, мұны Омбы облыстықбаскармасы- 

ның өкілдері мен казак отрядының командирі, әрине мүлдем байқамай отыра 

алмады.


I Александр Ж арғыны бекіткен бойда Уәли ханның мүрагері ж әне ерек- 

ше ықпалды адам ретінде Петропавл бекінісіне шакырылып, генерал-губер­

натор П. М. Капцевичпен «жеке кездесу» өткізді, реформаның «татар» тіліне 

аударылган мөтінімен танысып, оның кейбір баптарын «халык үшін пайдалы 

деп есептеді».12

Солай бола тұрса да, ол үкіметтің сыңаржақ әрекеттеріне өзінің ренішін 

жасырмады.  Генерал-губернаторға хатында Ғұбайдолла оның көзқарасын 

Көкшетау «дуанының» заңсыз кұрылғанына аударды. «Император ағзамның 

көзін жеткізу үшін» Петербургке жіберілген баласы Болат сұлтан астанадан 

қайтып келе жатқан кезінде күштеп ұсталады; султан құрылған округтік при­

каз арқылы жүзеге асырылған жүгенсіздік туралы фактіні  губернаторға ба- 

яндау кажет деп тапты. «Сізді қанағаттандырмаса да, Үлкен және Орта орда- 

лардың бүкіл халқы осындай зорлық-зомбылық бар екенін көріп отыр — со- 

нан  соң  Сізден,  ұлы  генерал,  Көкшетау дуанын жоюды  сұрайды»,13 — деп 

жазды Ғүбайдолла, өлкенің бас әкімгшсінің назары-ft алғашқы округгік при- 

каздардың бірін жою қажеттігіне аударады.

Атақты Ш ыңғыс ұрпактарының Батыс Сібір губернаторына жолданым- 

дарында «қазақтардың орыстармен одақта болу» ниеті туралы ойлар аркау 

етіледі. Осы жайды кейіннен Ресей бодандарын — дипломаттарды, керуендері 

өз ауылдары аркылы өткен көпестерді кабылдаған кезінде Кенесары хан да 

талай рет атап көрсеткен. Бұл мәселеде Ғұбайдолла сұлтан да кесімді көзқа- 

рас  ұстанып,  П.  М.  Капцевичке  Орта  жүзде  биліктің  жаңа  нысандарын 

енгізуге қарсылардыңорыс халкымен қарым-катынасты қиындату ниеті жоқ 

екенінбілдірді.

Ү кіметке карсы Абылай үрпақтарының қолдауымен Ғұбайдолла сұлтан 

бастаған оппозицияны ңбүкіл іс-әрекетініңтүкпі мақсаты округтік приказ- 

дар құрыла  бастаған  жерлерде оларды жоюға қол  жеткізуді  көздеді.  «Егер 

дуанды жоймасаңыз, — деп түсіндірді султан генерал-губернаторға, — біз үшін 

аспанның асты қаңырап (қалады), жер бетінде бос кеңістік көбейеді, өйткені 

біз Ресей мемлекетіне ұнамайтын еш нәрсе істеген ж оқпы з...».14 Ғ ұбайдолла 

өзінің П.  М  Капцевичке кезекті жолданымын осылай түйіндей келіп, оған 

кол қойған ж әне өз таңбаларын басқан адамдарды тізіп келтіреді, олар: аты- 

ғай,  төртуыл,  токпақ руларының мүдделерін  білдірген  Акмырза,  Алыбай, 

Ш ектібай,  Иткара,  Ж үзбай,  Құдайменді,  Азынабай  билер,  Ш ама  батыр, 

Сіртесен сұлтан, сондай-ақ Ғұбайдолланың өзі.15

Үкіметке қарсы оппозицияны бастап, сонымен бірге Көкшетау округтік 

приказы ны ң аға султаны қызметін атқаруды жалғастырып отырған Ғұбай-

324



долла  өзінің хан  тағын  иелену тілегінен  бас тартпады  ж әне  «орыс  үкімсті 

арқылы хан кұрметіне жету» мүмкін еместігіне көз жеткізіп, өз мақсаттары- 

на жету үшін қытайлар жағымен кұпия байланыстар жасады .16

Атасы  Абылайдың сыртқы саяси бағытының дәстүрін жеткілікті дәре- 

жеде жалғастырған Ғүбайдолла сұлтан  Ресей мен Цин империясы жөнінде 

қосбірлік саясатын өмірінің акырына дейін ұстанды, айта кетелік, оны әкесі 

Уәли хан да  біршама өзгертілген  нысанда жүзеге асырған  еді.  Ғүбайдолла 

Петербург сарайының барған сайын өсе түскен ықпалын кайткен күнде де 

бейтараптандыруға және шығыстағы көрш ісінің колдауына сүйене отырып 

немесе екі империяның Кдзакстанға ыкпал жасау үшін тайталасы үрдісінде 

Орта  жүздің бұрынғы  окшаулығын  біршама  қалпына  келтіруге  ұмтылып, 

қытай жағымен шын мәнінде достық байланыстар жасады.

Бұл жолы хандықтың занды мұрагерінің кандидатурасын қолдауға қытай- 

дың жоғары шенді шенеуніктері бастамашы болды, олар осы мазасыз аймақ- 

тағы өзінің нақты ықпалын қолдан шығармау үшін едәуір күш-жігер жұмса- 

ған Пекиннің стратегиялық мүдделеріне нұқсан келтіріп, Ресей жағдайының 

шамадан тыс нығаюынан қауіптенген еді. ІІІәуешек қаласыныңамбаны (қала 

бастығы) өз өкілдері аркылы Ғ ұбайдоллаға цин императорының «марқұм хан- 

ның үлкен мүрагері» ретінде оның Пекинге келуіне немесе «өз бодандығын 

куәландыру үшін өзінен депутаттар» жіберуіне ықтияр білдіргенін жеткізді.17

Көршілес екі  империяның Ғұбайдолла  сұлтанға ықпал  ету жолындағы 

күресі, шынына келгенде, олардыңстратегиялықаймақтағы өмірлік маңызы 

бар жағдайлар үшін тайталасының көрінісі болды, әсіресе Англияның алды- 

на түсу ж әне Орта Азия хандықтарына карай ілгерілей отырып, жағдайлар- 

дың орайы келу мүмкіндігіне қарай Оңтүстік-шығыс Казақстан мен Ш ығыс 

Түркістан түйісетін жерде орнығып алу максатын көздеген Ресейдің әскери- 

саяси қайшылықтарын шешуі едәуір дәрежеде осы аймақты бағындыруға бай- 

ланысты еді. Осыған байланысты Орта жүз ханы болуға бірден-бір үміткер 

Ғ ұбайдолланы оқшаулау ж әне оның қытайлармен қандай да болсын байла- 

ныстарын тыю П. М. Капцевич үшін күрделі міндет болды. Генерал-губерна­

тор сұлтанды Ресейге бағынышта ұстауғатырысып, «Омбы облысында шептік 

округтердің  біреуін  болса да»  құруға  келісім  берген  жағдайда  оны  үкімет 

атынан Абылай да, Уәли хан да пайдаланғандай «жалақымен марапаттауға» 

үміттендірді,18 бұл орайда «қажет болған жағдайда өз бодандарын тындауға 

көндіру үшін оған кызмет ететін әскер отрядын жіберуге» уәде берді.

1825 жылға қарай Ғ ұбайдолланың ықпалы айтарлықтай өсті ж әне аймак- 

тага даулы саяси мәселелерді шешуде маңызды факторға айналды. Енді қазак 

халкы оны дала билеушілеріне тән барлық міндеттері бар занды әмірші деп 

есептеді,  мұның  өзі  кейініректе  Г.  Н.  П отаниннің  сұлтанды  «казак халкы 

сайлаған хан» деп сипаттауына себеп болды.19

Ғ ұбайдолланың кеңінен мәлім болуы облыстык бастыктарды катты алаң- 

датты. Оның үстіне полковник Б. Броневский оның кытай шенеуніктерімен 

жасырын байланыстарын жалғастырып жатканын ретін келтіріп «көріп кайт- 

ты».  Ол былай тұрсын, оның барлык жағынан алғанда, Қытайдың орталык 

өкімет орындарына білдірмей өз бетінше кимылдаған ш ыңжаң әкімшілігінің 

«депутаттарын» кабылдаған фактісі аныкталды.20

Ғұбайдолла аға сұлтан  кызметінде  әлі де отырғанымен, дереу  Омбыға 

шакырып алынды, мұнда оны облыстык бастыктардың көзкарасынш а,  Ре­

сейге азды-көпті адал, икемге көнгіш Габбасов сұлтанмен ауыстырмакшы

325



болып ұйғарып,өзін қамалға «отырғызып койды». Сол екі арада Ғұбайдолла 

сөтін тауып қамаудан шықты да, жасырынып үлгерді, көп уақыт өтпей оған 

сол Ғаббасовтың өзі келіп қосылды. Сонымен Көкшетау округтік приказы- 

ныңтөрағасын сайлау іске аспай, бұл кызметбос калды, мұныңөзі жергілікті 

отаршылдық өкімет орнының едәуір дәрежеде беделін түсіріп, қуғынға түскен 

сұлтан жақтастары ны ңтоптасуы н тездете ж әне күшейте түсті.

Сонымен  1825 жылдың сәуірін  1822 жылғы Жарғының енгізілуіне карсы, 

бастауында Касым  төре тұрған  халықтык  қозғалыстың  басталған  кезі  деп 

қарастыру  керек.  Генерал-губернатор  мен  оның  төңірегіндегілерді  казак 

коғамының ішінде жіктеліс туғызған окиғалардың тез өтуі абыржытып тас- 

тады.  Орта жүздің ыкпалды  феодалдары  Қоңыркұлжа  Кұдаймендин,  Ж а- 

мантай, Қаркаралы округінің аға сұлтаны Шыңғыс Тұрсынов және баскалар 

Ғ  ұбайдолланың көзкарасына косылмады, үкімет жағына шығып, өздерінің 

ыкпалындағы ауылдарды сол кездің өзінде-ак отаршылдыкка карсы көпте- 

ген  рулар  тартылған,  кең  өріс  алып  келе  жаткан  күреске  жолатпауға  ты- 

рысты.


Қызметінен кеткен Ғ үбайдолла сұлтан жартылай жария жағдайда жүріп, 

өзін кауіпсіз ету, ал екінші жағынан, Солтүстік-шыгыс Казакстанның көпте- 

ген  рулары н  азатты к  күресіне  тарту  максатымен  патша  округтерінің 

әкім ш ілік  кызметі  әлі  камтымаған  аудандарға  өзінің  сенімді  адамдарын 

жіберді, сол арқылы болаш ақкөтеріліс ошактарын әзірлемекші болды.

Осы киын жағдайда ғажайып күш-жігер көрсеткен кайтпас кайсартүлға 

ретінде Ғ ұбайдолла дипломатиялык әдептілікті сактап, Ресей бодандығына 

берген  «салтанатты  антты»  сөз  жүзінде  сактауын  жалғастыра  берді.21  Бұл 

дәстүр бойынша өкімет орындарына адалдык көрсеткен шеп маңындағы ауыл­

дарды өз жағына тарту есебінен оның жактастары санын көбейтуге тиіс бо- 

латын. Ал оның өз жиенінің бастауымен «кытай сарайына депутаттар» жіберуі 

Уәли ханның кайтыс болғаны туралы хабарды көрінеу кешіктіріп жеткізуді 

коспағанда,  «ашылған  округтердегі  сол тәртіпке әйтеуір бір зиян  келтіру» 

максатын көздеді.22

«Ғұбайдолла сұлтан аталған кытай сыйлыктарын көріп, дағдылы азия- 

лы ктойы м сы зды қ бойынша,  Ресейге  берген антын өзгертуге бел  байлады 

ж әне  Көкш етау  округі  ш енеуніктерінің  катты  сендіргеніне  карамастан, 

пікірлестерін жинап алып, Баянауыл тауларында кездесу үшін кытайлык ал- 

бандарға жасырын жүріп кетті», — деп ескертті Батыс Сібір генерал-губерна­

торы шеп бойындағы казак күзет бекеттерінің командирлеріне.23

1825 жылғы 27 сәуірде П. М.  Капцевич Ж еке Сібір корпусының команда- 

шысына Ғ ұбайдолланың «Баянауыл тауларына әскерімен келген кытайлык 

албандармен тікелей  катынастар жасауына»  кедергі  келтіру ниетімен оны 

ұстау үшін Сібір шептік казак әскерінің Қаркаралы ішкі отрядының отряд 

бастығы  жүзбасы  Карбышевті  жіберуге  бұйрық  берді.24  Оның  үстіне  осы 

ауданға кытайлардың «казак әскери жасауылын» ертіп келген албандардың 

басты максаты — Ғүбайдолланы Орта жүздің ханы етіп көтеру, «оған Қытай 

сарайынан едәуір тарту-таралғы әкелінгені» мәлім болды.25

Дәстүрлі  баскару  жүйесінің  жойылуына  қарсы  көшпелілердің  кеңейе 

түскен жаппай қарсылығы жағдайында Қытайдың ресми адамдарының кол- 

дауымен Ғұбайдолла сұлтанның Орта жүз ханы болып сайлану ж әне олар- 

дың бұл  актіні тану  ыктималдығы Батыс  Сібір  губернаторын  мазасыздан- 

дырды, оның үстіне ол осы этносаяси бірлестіктің накты жіктелу болашағы-

326



нан аландаулы болатын. Орта жүздің Ғұбайдолла султан 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет