Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих


Көрші мемлекеттермен өзара қатынастар. XVIII



Pdf көрінісі
бет7/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

Көрші мемлекеттермен өзара қатынастар. XVIII 

ғасырдың алғашкы онжыл- 

дыктары казакхалкы үшін киын-кыстау сынак жылдары болды. Шынына кел- 

генде, ел басына «ел болу, не табанға түсіп құл болу» күні туды.

Орыс тарихнамасында казактарды ң жоңғарлар баскыншылығына кар- 

сы  күресі  ж алпы лама  жұмыстарда  көрініс тапқан.  Оларда тұтас  алғанда 

жалпы жағдайдың көрініс тапканы на карамастан, тарихи окиғаларж үйелі 

түрде, рет-ретімен баяндалмайды.  Әсіресе бұл екі  ш айкастың:  казак жа- 

сактары  1728 жылы  Бұланты өзен ін ің  жағасындағы  Қ арасиы р («Қалмак-

10



кырылған») деген жерде және кеш дегенде  1730 жылдың көктемінде Аңыра- 

қай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жай-жапсарына катыс- 

ты.  К азак-ж оң ғар  катынастары н  XIX ғасырды ң аяғы —XX ғасырды ң  ба- 

сында М .-Ж .  Көпеевтің, Ш.  Кұдайбердиевтің,  М. Тынышбаевтың, М. Ду- 

латовтың, Ә. Бөкейхановты ң күш -ж ігер салуы  арқасы нда ғана неғұрлым 

егжей-тегжейлі саралап зерделеу мүмкін болды.  Қазақтардыңж оңғарларға 

қарсы  күресі,  ж оңғарларды ң  1723—1726  жылдардағы  ж еңіске  жету  се- 

бептері, қазақтардың саяси ж әне экономикалык ауыр жағдайы, баска да мә- 

селелерXXғасырдың70-80-жылдарындағытарихнамада: И.  Я. Златкиннің, 

Н.  Г.  Аполлованы ң,  В.  Я.  Басиннің,  В.  А.  М оисеевтің ж ән е баскаларды ң 

монографияларында ғана ғылыми түрғыдан  көрсетілді.2

Атап айтқанда, В.  А.  Моисеев жоңғарлардың казактармен  арадағы  үзак 

уакытка созылған өзара катынастарының, оның даму барысын, сипатын ашып 

берді.  Ол  жоңғарлардьің  казақтарға  және  Орта  Азия  халыктарына  карсы 

күрестегі уақытша жеңістерінің басты себептеріи  аінып  көрсетіп,  Ресейдің 

казактар мен жоңғарларжөніндегі тиянаксыз әрі кайшылыкка толы саясаты- 

ның себептерін түсіндірді, сондай-ак Орталық Азиядағы халыкаралык каты- 

настардың  бүкіл  жүйесін  айкындай  бастаған  жаңа  күштердің  (Ресей  мен 

Қытайдың) саяси аренаға шығу белгілерін де анықтап берді. Р. Б. Сүлейменов 

пен В. А. Моисеевтің «XVIII ғасырдағы Казакстан тарихынан» деген бірлескен 

еңбегінде (А.,  1988) осы  проблеманы зерттеуге баса көңіл  бөлінген.  Казак- 

станның Ресеймен, сондай-ак Орталык Азиядағы «ең соңғы  көшпелі  импе­

рия» — ХУІІІғасырдағы Ж оңғар хандығымен өзара катынастарыныңтарихы 

түйінді проблемалардыңбірі болып қалуда.

Кеңестік кезенде Казакстан тарихшыларыныңбұл проблемага Казакстан- 

ның  Ресейге косылуының  прогресшіл  маңызы  сипатында калам тартқаны 

мәлім. Әлбетте, тәуелсіздік жағдайында көзкарас өзгерді. Бұл орайда К азак­

стан тарихшылары жарияланған деректемелер мен  еңбектерге сүйене оты- 

рып,  казактар  корғаныстык азаттык соғысын  жүргізіп  жаткан  кезенде,  ел 

басына  күн  туған  зобалаң  жылдарда  Ресей  империясы  Ертіс  бойымен 

оңтүстікке карай ілгерілеп, жоңғарлар басып алған казак жерлері не бекіністер 

салғанын, өзінің тым әріде жаткан жоспарларын дипломатиялық әрекеттер- 

мен, әскери экспедициялармен нығайта бергенін бүкпесіз де объективті түрде 

атап өтеді.3 В. А. Моисеев өзінің соңғы еңбектерінде бұрынғы көзқарастарын 

едәуір  өзгертті.  Оның  пікірінше:  «Казак  тарихшылары  мен  публицистері 

еңбектерінде Орыс мемлекеті «солтүстіктегі канішер жыртқыш», казактар- 

дың Ж оңғария сияқты тарихи жауы етіп көрсетілген. Ол былай тұрсын, пат- 

ша үкіметі жоңғар-казаксоғысына арандатып, ойраттарды карумен жабдык- 

таған және оларды қазактарға айдап салған сияқты». В. А. Моисеевтің пікірінше: 

«Ресей казак халкын ойраттардың басып кіруінен қорғап, шабуыл жасаушы 

тарапты тежеу жөнінде қатаң көзкарас үстанған».4

Алайда  ресей-ойрат  катынастарының  тарихын  мұкият  зерделеу  XVIII 

ғасырдың  30-жылдарында  Ресей дипломатиясының отаршылдык саясатты 

жалғастыра бергенін дәлелдейді.

Сенат өз жарлығымен Еділ калмақтары ханының Ж оңғар хандығына кар­

сы сотые ашуына тыйым салды. Тек  1742—1743 жылдары Сенат, одан соң Орын- 

бор  комиссиясының  бастығы  И.  Неплюевтің  ойрат  әмірш ісінің  ордасына 

жіберген К. Миллер миссиясы Кіші жүз бен Орта жүз казактарын сол кезде- 

ақ Ресей бодандары деп қарап, Жоңғария хандарынан оларға шабуыл жасауды



тоқтатуды алғаш ретталап етті. Баскаша айткднда, Ресей империясы Кіші жүз 

бен Орта жүз казақтары Ресей бодандығын қабылдағаннан кейін  11—12 жыл 

өткен соң ғана қазақтарды колдаған.

Қазақстан тарихы жөніндегі қорытушы еңбектерде империяның шығыс- 

тағы саясатыныңәскери-стратегиялықмәні казақхандыктарының Ресеймен 

экономикалық және саяси байланыстарын нығайтуға бағытталған әрекет деп 

түсіндірілді.5

Империяныңотаршылдықсаясатына, И. Д. Бухгольцтің, И.М. Лихаревтің, 

П. С тупинніңжәне басқаларының әскери-барлау экспедицияларына «бейбіт» 

сипат беру үшін ұзақ уақыт бойы олар «ғылыми», танымдық мақсаттарда ғана 

жүргізілгендеп пайымдалып келді. И. Д. Бухгольцтіңжәне басқа да экспеди­

ция  басшыларының бекіністер салуы жөнінде басылымдарда оны орыстар 

иесіз жаткан жерлерде жүргізді деген аңыз таратылған. Ал шынына келгенде, 

Ресейдің әскери экспедиииялары  ежелден бері қазақтардың иелігіндегі, сол 

кезенде жоңғар баскыншыларының бақылауында болған  жаңа аумақтарға 

бекіністерсалып, Ресейдіңиеліктері етіп бекітті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет