Деңгейлік оқытуда сөйлеу қызметінің төрт дағдысын дамытуға көңіл бөлінеді:
тыңдалым (ауызекі тілді тыңдап отырып түсіну), айтылым, оқылым және жазылым.
Үш тілде оқытудың келесі әдісі – коммуникативтік тәсіл. Ол мыналарды білдіреді:
біріншіден, мақсатты тілдерді оқыту оқытылатын тілдің ауызекі сөйлеу нормасын
меңгеруге бағытталған, сондықтан бірінші сыныпта, ең алдымен, тыңдалым мен айтылым дағдыларына көңіл бөлінеді; оқылым мен жазылым дағдыларын ана тілінде немесе оқу тілінде (мектептің оқу тілі) дамыту арқылы жүзеге асырылады;
екіншіден, тілді оқыту грамматикалық ережелермен шектелмейді, яғни өзге тілді алғаш үйренушілерге «бастауыш», «баяндауыш», «морфология», «синтаксис» т.б. білу маңызды емес. Бала грамматикалық құрылымдарды білмей тұрып, оқу мен жазуды білмесе де сөйлей бастайды, тіпті сөйлемдерді де дұрыс құрайды. Ол жай ғана сөздерді айтады, сөздердің мағынасын түсінеді, айналасындағы адамдармен тілдесе бастайды. Уақыт өте келе оның сөздік қоры молаяды, қоршаған адамдардың басым бөлігі оны түсінетіндей деңгейде сөйлесе алады. Содан кейін ғана бала оқу мен жазуды үйренеді. Мектепте ана тілінен өзге тілді үйренудің негізі осында жатыр.
1.4-үлестірме материал
Жалпыеуропалық тіл құзыреттілігін бағалау жүйесі (CEFR) Екінші тілді үйрену барысында тілдік қабілетті сипаттауда Жалпыеуропалық тіл құзыреттілігін бағалау жүйесі (CEFR) кеңінен қолданылуда. Тілді үйренудің барлық аспектілерінде алға ілгерілеуді сипаттайтын 50-ден астам жеке өлшемдер бар. Олар үдемелі түрде күрделенетін оқытуды және бағалауды жоспарлауда қолданылып, тәжірибенің жүйелілігін қамтамасыз етеді. Көп жағдайда төменде ұсынылған ғаламдық шәкіл қолданылады.
Тілді меңгеру деңгейлерінде үдемелі реттілік бар: тілді жаңадан үйреніп жүргендер мен өзге тілде еркін сөйлеушіге дейін.
Тәжірибелі деңгей Тәуелсіз деңгей
Бастапқы деңгей
Кез келген естіген немесе оқыған хабарламаларды оңай түсінеді.
C2
Хабарламаны еске түсіре отырып, әртүрлі ауызша және жазбаша деректер
арқылы ақпаратты қорытып талдай алады. Күрделі жағдайларда қажетті
мағыналық реңктерді айқындай отырып, ойын еркін жеткізе алады.
Әртүрлі тақырыптағы күрделі және көлемді мәтіндерді түсінеді, астарлы
мағыналарын біледі. Сөздер мен сөз тіркестерін қолдану кезінде ешқандай
C1
кедергісіз өз ойын тез жеткізе алады. Тілді әлеуметтік, ғылыми және кәсіби
қызметінде шебер және тиімді қолданады. Күрделі тақырыптар бойынша
нақты, дұрыс құрылымдалған, жан-жақты мәтіндер құрастыруда
лексикалық және грамматикалық бірліктерді меңгергенін көрсетеді.
Абстрактілі және нақты тақырыптардағы күрделі мәтіндердің, оның ішінде
стильдерін қолдану; қажетті ақпаратты алу үшін неғұрлым
күрделі сұрақтар қоя білу білігі; өз пікірін айту; күтпеген
түсінікке жауап беру; тапсырманы орындау барысында
құрдастарымен қарым-қатынас жасау; арнайы
лексиканысауатты пайдалану; хикаялар мен оқиғаларды
мазмұндау.
Әдебиет:
2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. – 340 б.
Тілдерді оқытудың халықаралық стандартына сәйкес тілдерді оқытудың деңгейлік бағдарламалары, оларды оқыту және бағалау жүйесі. Денгейлік бағдарламалар. - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 86 б.