Шадияр Диана Есенбекқызы Тақырыбы: «Химияны қашықтықтан оқытуда виртуалды зертханалық жұмыстарды құру әдістемесін жасау» 7М01541 Химия білім беру бағдарламасы



бет12/22
Дата25.05.2023
өлшемі3,76 Mb.
#177659
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
Щадяир 16 маи бет болды

2.ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ


2.1 Виртуалды зертхананы құруға қолданылған құрал-жабдықтар
Виртуалды зертхана құру кезінде бізге IT мамандарының көмегі қажет болады. Біз IT мамандарымен бірге виртуалды зертхананы құру барысында түрлі тәсілдер пайдалана аламыз. Визуалдау тәсілі арқылы зертханалар екіөлшемді, үшөлшемді графика және анимация болып бөлінеді. Сонымен қатар,виртуалды зертханалар белгілі білімді беру тәсіліне байланысты екі категорияға бөлінеді.
1)Химиядағы жалпы білімі жекелеген деректерге негізделген виртуалды зертханаларалдын-ала бағдарламаланған тәжірибелермен шектелген. Бұл тәсіл көптеген заманауи виртуалды зертханаларды әзірлеу барысында қолданылады.
2) Келесі тәсіл оқушыларға алдын ала нәтижесі дайындалған тәжірибелермен ғана шектеліп қоймай, кез-келген тәжірибелер жүргізуге мүмкіндік береді. Бұған кез-келген тәжірибе нәтижесін және сәйкес визуалды көрінісін анықтауға мүмкіндік беретінматематикалық модельдерді пайдалану арқылы қол жеткізіледі.
Ұсынылып отырған виртуалды зертхананыпайдаланудың әдістемелік аспектісі қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға көп көңіл бөлінеді. Химиялық тәжірибелер барлық қажетті құрал-жабдықтар мен химиялық ыдыстар (шыны түтіктер, стакандар, колбалар, үккіштер, үштағандар және т.б.), сонымен қатар химиялық реагенттермен жабдықталған зертхана мониторының экранында жүргізіледі. Компьютер экранындағы визуалды кеңістіктегі барлық орынды алмас үшін оқушыларға нақты бір тәжірибе өткізуге қажетті зертханалық жабдық жиынтығы мен реагент ғана қол жетімді. Кейбір тәжірибелерде – ол ерітіндісі бар ыдыс болса, кейбірінде – күрделі химиялық қондырғы.Оқушы өзіне қажет реактив пен ыдыстарды пункті таңдау арқылы экран шығарылған сәттен көре алады.
Химиялық тәжірибелер нақты уақыттағы синтезделген үшөлшемді анимацияларды пайдалану арқылы жүзеге асқан, бұл арқылы оқушылар виртуалды жабдықпен әрекеттесе отырып, тәжірибелерді шынайы зертханалардағыдай өткізе алады. Оқушыларға химиялық қондырғыларды құрушы элементтерден жинап, виртуалды тәжірибені бірінен соң бірін өткізе алу мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар, олар өлшеу аспаптарының моделдерін пайдалана отырып, қажетті өлшеулерді жүргізе алады.
Оқушылар бірқатар практикалық жұмыстарды өткізу барысында өздерінің өткізген тәжірибелерін шынайы зертханада көруге мүмкіндік беретін бейнеүзінділерді пайдаланады.
Оқушыларды «виртуалды зертханадағы» жұмыстан кейін шынайы тәжірибеге деген танымдық қызығушылығы артуыныың, олардың зерттеу және тәжірибежүргізушілік дағдыларының дамуының (қауіпсіздіктің жалпы және арнайы ережелерін сақтау, тәжірибе жүргізудің тиімді алгоритімін таңдау, бақылау біліктілігі, басты нәрсені ерекшелеу, айтарлықтай өзгерістерге көңіл аудару) көрсетеді деген сенімдемін.
Виртуалды зертхана үшін пайдаланушының тиімді интерфейсін құру қиын да жауапты мақсат болып табылады. Химиялық қондырғылардың үлкен мөлшердегі құрамдас бөліктерін басқару мүмкіндігін қарастыру, негізгі зертханалық рәсімдерді орындауды қамтамасыз ету, оқушылар үшін ыңғайлы басқарылып, қозғалатын элементтерді қарастыру маңызды болмақ. Барлық басқарылатын және қозғалатын элементтерді бірегей үшөлшемді кеңістікке орналастырып, бірегей платформа негізінде пайдаланушының интерфейсін құру қызықты болмақ. Бірақ виртуалды зертханада тәжірибе өткізу барысында оқушылар көптеген реактивтермен, химиялық шыны ыдыстармен және құрал – жабдықтармен әрекеттесуге тура келеді, сондықтан мұнда басқарылып, қозғалатын элементтерді қосу экранның визуалды кеңістігін аса толтырып жіберуге соқтырады. Осы шектеуге байланысты виртуалды зертхананың пайдаланушы интерфейсін әзірлеу барысында үшөлшемді кеңістікте тек нақты тәжірибе өткізуге қажетті басқарушы элементтер қалдырылуы тиіс. Қазіргі сынақ ретінде жасалған виртуалды зертхана EXCELL мен POWERPOINT программаларымен жасалынды.Білім беру бағдарламаларының жаңа буыны үшін педагогикалық агенттер мен анимацияланған кейіпкерлер өте маңызды деп айтуға толық негіз бар .Олар оқушылардың ынтасын арттырып, оқыту бағдарламаларымен жұмыс істейтін уақытты көбейтеді .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет