Өнім сипаты Құбылмалы алабалық (Parasalmo mykiss Walbaum) - жасанды жағдайларда өсіру үшін белсенді пайдаланылатын тынықмүхиттық алабалықтар (Parasaimo) түқымына жататын албырт түқымының алғашқы объекттерінің бірі. Бүл балық өз атауын арқасындағы қара дақтармен сүр түсі және бүйір сызығы бойындағы кең қүбылмалы жолағынан алған. Оның еті адамның толыққүнды тамақтануында үлкен маңызы бар протеиндерге, қанықпаған май қышқылдарына, микроэле- менттерге және дәрумендерге бай. Алабалықтың қоректі қасиетін диеталық тамақтануда пайдалануға кеңес беріледі. Ала- балық еті жүрек жүмысына оң әсерін беретіні, көз көруін жақсартатыны, еркектік қауқарды арттыратыны дәлелденген және сол себептен көптеген үлттық тағамдардың рецепттерінде бар. Қүбылмалы алабалықтың алуан түрлерін арнайы дайындалған көлдерде, ағынды су тоғандарында бассейндерде және қамбаларда өсіруге болады. Аса келешекті және эко- номикалық қолайлы түрі алабалық шаруашылығының тоғанды немесе бассейнді әдісі болып табылады. Бүған қолайлы климаттық жағдайлар, түщы судың молшылығы, энергеиямен қамтамасыз етілу, ыңғайлы көлік байланыстары, маман- дар мен бос жүмыс күшінің болуы ықпалын тигізеді. Алабалықтың тауарлық өнімін алудың аралас тәсілдерін қолдану келешекті іс, мысалы, бассейндік типтегі арнайы модульдерде уылдырық және көшет материалдарын алу, бассейндерде тауарлық өнімді өсіру және су тоғандарының арнай қоршалған учаскелерінде ірі көлемді тауарлық балықты алу. Осының барлығы қазіргі таңда қүбылмалы алабалық - балық шаруашылығының, әсіресе, қамбалық балық шаруашылығының ке- лешекті объекттерінің бірі екенін көрсетеді.
Өнімді сату нарығының талдауы Жоспарланған кәсіпорын өнімінің мақсатты тобы - мейрамханалар, дәмханалар, жақын жатқан аудардар мен облы- стардың халқы болып табылады. Осы бизнестің көмегімен алынатын өнімдерге тұрақты сұраныс. Балық өсіру өнімдерінің негізгі тұтынушылары дәм- ханалар, мейрамханалар және қоғамдық тамақтандыру мекемелері болып табылады. Балық пен уылдырыққа сұраныс әрдайым бар. Сонымен қатар, бізден балық өсіру бизнесін ашу үшін шабақтарды сатып ала алады. Өнімдердің өзектілігі. Киімге, аяқ киімге, қандай да бір техникаға сұраныс ерте ме кеш пе төмендеуі мүмкін. Азық- түлік өнімдері әрдайым өзекті! Табиғи су қоймаларының сапасы мен көлемінің жыл сайын төмендеуі балық қорларының азаюына әкеледі. Су қойма- лары қолайсыз климаттан және адам қызметінің әсерінен ластануда, азаюда немесе тіпті сарқылуда және жер астына кету- де, тиісінше, балық азайып барады. Біз өзіміздің бизнесімізбен оның жетіспеушілігін толықтыра және табыс ала аламыз! Сіздің отбасыңыз үшін экологиялық таза балық. Дүкендерде сапасыз бірнеше рет мұздатылған балық сатылады (ла- станған су қоймалары, балықты зиян өнімдермен қоректендіру, зиян және тыйым салынған технологиялар көмегімен өсіру өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне әсерін тигізеді). Балық құрамында зиян заттар жоқтығын және жақсы жаңа ау- ланған балықтың барлық қасиеттері бар екенін нақты біле отыра, сіз біз өсірген өнімді қорықпай пайдалана аласыз. Біздің бизнесімізге табиғат жағдайлары әсерін тигізе алмайды. Балық табиғат жағдайларының әсеріне ұшырамайды, тиісінше, олар оның белсенділігіне, уылдырық шашуына және тіршілігіне әсерін тигізбейді, ол көбею қарқындылығына және ет сапасына әсерін тигізбейді. Бұдан басқа, тоған (ҚШ аумағында балық аулауға арналған бассейн) жанына дәмхана салу жоспарланған, дәмхана ретінде 40-тонналық контейнерді (2,5х12м) 16 отыру орнына келушілерге арналған ашық залымен және әртүрлі балықтардан тағамдар дайындау үшін ас үйге қайта жабдықтау жоспарланып отыр. Қосымша 3 жұмыс орны құрылады, сатушы (алабалық сатушысы), аспазшы және даяшы.
Жабық сумен жабдықтауды орнатудағы аквамәдениет технологиясы Аквамәдениет шаруашылықтарынан ластануды азайтуға бағытталған қатаң экологиялық шектеулер жабық сумен жабдықтау қондырғыларының (ЖСҚ) тез технологиялық дамуына ынталандырма болды. Сапалы және таза балық өнімімен қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты, қазіргі таңда тез дамып келе жатқан ауылшаруашылық-азық түлік секторларының бірі аквамәдениет болашақта дамуының үлкен әлеуеті бар. Жабық сумен жабдықтау қондырғыларының екі тікелей артықшылығы бар: экономикалық тиімділік және қоршаған ортаға төмен әсері. Жабық сумен жабдықтау қондырғыларындағы (ЖСҚ) аквамәдениет өндіріс мақсаттары үшін суды қайта пайдала- нумен балықтарды өсіруге арналған технология болып табылады. Бұл технология механикалық және биологиялық сүз- гіштерді пайдалануға негізделген және аквамәдениеттің кез келген объекттерін өсіру үшін қолданыла алады. Судың қайта айналымы қандай су көлемі қайта айналуына немесе қайта пайдалануына байланысты әртүрлі қарқын- дылықпен жүргізіле алады. Экономикалық тұрғыдан, ЖСҚ қолданылатын судың аз көлемі қолайлы болып табылады, себебі көптеген аумақтарда су шектеулі ресурсқа айналған. Суды аз тұтынудың арқасында, балық тіршілігінің өнімдері