Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019



бет2/111
Дата08.02.2023
өлшемі3,33 Mb.
#167962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Байланысты:
100 proektov malogo biznesa kaz 020819

«...Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналзан тәуелсіз Қазақстанды құрдық...»
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев. (Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптікреволюция жаздайындазы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 ж^глзы 10 қаңтар)


Жеке кәсіпкерліктің, бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайы мен даму деңгейі тұтастай алғанда елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге әсер етеді. Экономиканың дәл осы секторы мемлекеттің экономикалық өсуіне әсер ететін көптеген мәселелерді, атап айтқанда жетілмеген бәсекеге қабілеттілік, материалды және материалдық емес ресурстарды тиімсіз қолдану, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейлік сынды түйткілдерді шешуде әлеуетті мүмкіндіктері зор.
ҚР Президентінің Қазақстан Халқына жасайтын жыл сайынғы Жолдауы - еліміздегі ең маңызды саяси оқиғалардың бірі. Жаһандық экономикалық дағдарастың жалғасып, орын алған жағдайда аталған Жолдау дер кезінде жасалған өзекті бағдарлама.
Елбасының халқына жасаған әр үндеуі асыға күтіледі әрі мемлекетіміздің дамуы үшін кезеңді меже және стратеги- ялық маңызды құжатқа айналған. Биылғы Жолдау төртінші өнеркәсіп революциясы жағдайындағы еліміздің дамуына арналған.
Қазақстан Президенті өзінің жыл сайынғы Жолдауында мемлекеттің 2018 жылдағы дамуының 10 негізгі басым бағыт- тарын атап өтті, бұл Қазақстан индустряисының дамуы, ресурстық әлеуетті ұлғайту, өнеркәсіп көлемін арттыру, көлік саласы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері, құрылыстың жаңа әдістерін игеру мен енгізу, қаржы секторы және оны жаңғырту, банктер жауапкершілігін арттыру, адами капиталдың сапасы, цифрлық технологияларды дамыту, сыбайлас жемқорлықпен күрес және инвестициялық саясат.
Біздің әлем жаңа тарихи кезеңді бастады. Жаңа модернизация - өткен күн, қазіргі шақ және болашақ көкжиегін байла- ныстырып тұрған платформа іспеттес. Бүгінде адамзат жаңа өнеркәсіп революциясы дәуіріне аяқ басса, заманауи техно- логиялар әлемді өзгертуде. Жаһандық технологиялық қозғалыс сын-тегеурінге әрі өсудің жаңа мүмкіндіктеріне толы. Бұл кезең әлемнің дамыған 30 ел қатарына жедел кірудегі тарихи мүмкіндігіміз.
Жаңа технологяиларды енгізудің нышанына айналуға тиіс қазақстандық инудстрияға үлкен көңіл бөлінген. Өндірісітік үдерістерді фирландыру мен заманауи бизнес-моделдерді игеру арқылы отандық өнеркәсіптің еңбек өнімділігі деңгейін арттыру керек. Цифрлық технологиялар бизнесті қайта реттеуді жалғасытруға, мемлекеттік қызмет сапасы пен мемлекет- тік қолдауды арттыруға, азаматтардың қажеттілігін анағұрлым толық ескеруге мүмкіндік бермек. Өңірлердің экономика- лық дербестігі мен жергілікті өзін-өзі басқарудың әлеуеті кеңейтілетін болады.
Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа бастамасы - бұл сөззсіз мемлекет пен халықтың мүддесіне толық жауап беретін, өз кезегінде өмірдің барлық саласында ілгерілуге жағдай жасайтын, демек, қазақстандықтардың өмір сұру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды қадам.
Экономиканы әртараптандыруда шағын және орта кәсіпкерліктің рөлі маңызды. Ауыл, шағын қалалар мен моноқала- лардағы жеке кәсіпкерлік субъектілері халықтың тұтынушылық сұранысын қанағаттандыруға бағытталған секторларда жұмыс істеп, дамудың жаңа серпінін қалыптастыру керек.
Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мен бизнес ахуалды жақсарту мақсатында кәсіпкерлік саласында заңнаманы жетіл- діру, бизнесті құру және жүргізу тәртібін қысқарту, рұқсат беру жүйелері мен мемлекеттік бақылауды оңтайландыру, әкімшілік кедергілерді азайту, кәсіпкерлікті қолдау мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Қазақстанда және оның өңірлерінде кәсіпкерлікті кешенді қолдаудың сүбелі құралдарының бірі - «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай картасы болып табылады.
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай картасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 31 наурызындағы № 168 Қаулысымен бекітілген.
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай картасы Қазақстан Республикасы Прези- дентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына жа- саған Жолдауы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 17 ақпанындағы №925 Қаулысымен бекітілген Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының жалпыұлттық жоспарын жүзеге асыру үшін әзірленген болатын. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Стратегиясы-2030» және «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүд- де, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауларындағы міндеттерді орындауға бағытталған.
Бағдарламаны жүзеге асыру өңірлік кәсіперліктің тұрақты әрі теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қолданы- стағы жұмыс орындарын қолдау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға бағытталған.
Кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру және «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай картасы аясында атаулы қолдау көрсету мақсатында «Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шаралары» атты 4-ші бағытын жүзеге асыру басталды.
Жүзеге асыру уақыты аралығында Бағдарлама қанат жайып, кәсіпкерлік ортада танымал құралдардың біріне айналды.
Осы шаралар арқасында еліміздегі жеке кәсіпкерлік жаппай көрініске ие болып, серпінді даму үстінде.
8




«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай картасының 4-ші бағыты бөлімінің бірі - «Бизнес-мектеп» құрауышы болып табылады. Бизнес-оқу экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіп бастауға нетті халыққа тегін негізде ұсынылады.
«Бизнес-мектеп» құрауышы шеңберіндегі оқыту жобалары:

  1. «Бизнес-Кеңесші» жобасы - бұл жеке кәсіп құру, маркетинг, адам ресурстарын басқару, бизнесті жүргізудегі заң негіздері, қаржы бойынша қысқа мерзімді оқу курсы, оның мақсаты - Қазақстанның барлық өңіріндегі шағын және орта бизнестің сапалы дамуын ынталандыру болып табылады. Оқудан өткен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері және кәсіп бастауға ынтасы бар тұрғындарға «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқудан өтті деген сертификаттар табыста- лады. Бұл сертификат «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту және қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында қаржылық қолдау шараларын алуға мүмкіндік береді.

  2. «Бизнес-Өсу» жобасы кәсіпкерлік дамуының функционалды бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқу курсы. Бұл жоба бойынша қолында «Бизнес-Кеңесші» оқу курсын тәмамдағаны туралы сертификаты бар шағын және орта бизнес су- бектілерін оқытуға бағытталған. Оқу курсы кәсіпкерлерді кәсіпкерлік қызметті жүргізу және дамытудың функционалды бағыттары бойынша қысқа мерзімде оқытуды көздейді (тізбеге сәйкес кәсіпкердің таңдауы бойынша).

  3. Тәлімгерлік қағидаттарын қолданумен жобалық оқыту. Бұл жоба бойынша қолында «Бизнес-Кеңесші» курсын тә- мамдады деген сертификаты бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіп бастауға ынталы тұрғындарды оқыту қарастырылған. Кәсіпкерлік қызметті жүргізу мен дамытудың функционалдық бағыттары бойынша кәсіпкерлерді жобалық оқыту, экономиканың басымдыққа ие салаларында маркетингтік зерттеулер нәтижесін беруді көздейді.

Сонымен қатар аталған бизнес-жобаның аясында кәсіпкер бизнес жүргізуде сервистік қолдауға жүгіне алады (қолда- удың мұндай түрін бизнесті ашқаннан кейін қолдануға болады, яғни жұмыс істеп тұрған бизнеске арналған қолдау). Егер бастауыш кәсіпкерге бизнесті жүргізуде білім мен біліктілік жетпесе, онда «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қол- дау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында бастауыш кәсіпкерлерді қолдау (стартап жобалар) қарастырылған. Қолдаудың бұл түрін пайдалану үшін тұрғылықты жер бойынша Кәсіпкерлерді қолдау орталығына немесе Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жүгіну керек.
Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекет- тік грантты алуға құжат тапсыра алады. Ұйымдарға және Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік гранттың максималды сомасы 3 000

  1. теңгені құрайды, осы ретте бизнес-жобаның міндетті талабына сай кәсіпкер жобаны іске асыруда шығындардың грант көлемінің кемінде 10%-ын өз есебінен қаржыландыруы керек.

Екінші деңгейлі банктер арқылы несиелеу. Кәсіпкер келесідей көмекке жүгіне алады: несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және несиелер бойынша ішінара кепілдемені алу.
2017-2020 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша шағын несиелеу: 1) шағын несие беру мерзімі - 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласы мен ауыл шаруашылығы коопе- рациясын құру жобаларына арналған шағын несие беру мерзімі - 7 жылға дейін; 2) шағын несиенің максималды сомасы

  • 8 мың АЕК-ке дейін; 3) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 6%-дан артық емес.

Жеке бизнесті ашу - өіміріңізді түбегейлі өзгертуі мүмкін маңызды әрі жауапты қадам. Кәсіпкер болу дегеніміз оны жүзеге асыруда бүкіл күш-жігер мен қабілет-қарымды салу, есесіне сіз шешім қабылдауда еркіндікке, моральді қанағат пен табысқа кеңелесіз.
Бизнеспен айналысуға бел буған кәсіпкер кәсіпті ұйымдастыруды жан-жақты ойластырығаны жөн. Бұл ретте биз- нес-жоспар жайында айтып отырмыз, бұр практика бүкіл әлемде қолданылады. Бизнес-жобада кәсіпкер өз идеясын жан- жақты саралап алуы керек, оның жүзеге асуын тексеріп, банкирлер мен әлеуетті инвесторларды, фирма қызметкерлері, компания келешектігін талдап алу жөн. Тұтас алғанда, мұқият дайындалған бизнес- жоспар болмаса, сіз коммерциялық қызметті жүзеге асыра алмайсыз сәтсіздіктер мен қатерлер мүмкіндігі тым үлкен болады.
Өз қызметін бастағалы жатқан әр фирма қаржылық, материалдық, еңбек және зияткерлік ресурстағы оларды алу көз- дерінде болашаққа деген қажеттілігін нақты көрсетуге, сондай-ақ фирманың жұмыс істеу үдерісінде қолда бар қаражат- тарды пайдаланудың тиімділігін дәл есептей білуге тиіс.
«Шағын бизнеске арналған 100 жоба» анықтамалығы (кітапша) «Атамекен» ҚР ҰКП Бизнесті сервистік қолдау депар- таментімен әзірленген.
Бизнесті басқару үдерісі - нұсқамалармен жұмыс істеуден гөрі нағыз шығармашылық жұмыс, сондықтан мына анықта- малық бастауыш кәсіпкер үшін өзіндік жол сілтеуіш болмақ. Кітапша ауыл аймақта кәсіпкерлік қызмет түрлерін кеңейту, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мәселелерін шешу, бастауыш кәсіпкерлерге арналған биз- нес-мектептер базасында оқу семинарларын өткізу мақсатында құрылған.
Анықтамылықта түрлі бағыттар бойынша шағын бизнесті құруға арналған 100 үлгілік жобаны таба аласыз. Биз- нес-жоспар - бұл табыс пен сәттіліке кеңелтетін кәсіпкердің жол картасы.
Кітапшада көрсетілген шағын бизнес-жоспарлардың артықшылығы олар аталған жоба бойынша барлық аспектілерді кешенін қамтиды.
Бірден айтамыз, «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» анықтамалығы ұсынбалы мәнге ие әрі түбегейлі үлгі болатын, тиянақты бизнес-жоспар рөлін еншілеуді көздемейді, тек жалпы сипаттама береді. Аталған анықтамалық іс-әрекетке бас- шылық етудің соңғы нұсқасы бола алмайды, бизнес-идея дамуының әлеуетті мүмкіндігін ғана көрсетеді. Сондықтан осы жобаны жүзеге асыруда сату бағдарламсы да, шығарылатын өнім ассортименті де, сондай-ақ жабдық түрлері мен айна- лым қаражаты көлемі де өзгеруі әбден мүмкін.




Бұл жобаларды жүзеге асыру бойынша ақпараттандыру мен оқыту Өңірлік кәсіпкерлер палатасы аудан мен қалаларда құрған бизнес-мектептер және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары өкілдіктері арқылы жүргізілетін болады.
Аталмыш анықтамалықтың әзірлеушілері бастауыш кәсіпкерлердің жеке бизнесті құруға қолданылған идеялар жүзеге асып, күтілетін нәтиже беріп, бизнесіңіздің әрі жалпы мемлекетіміздің гүлденуіне үлес қосады деген сенімде. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы анықтамалықтағы материалдар бизнес пен құқық саласы мәселелері бойынша кеңес беру ретін- де қарастырылуы жөнінде ескертеді. Жоба әзірлеушілері аталған анықтамалықтағы көрсетілген материалдарды қолдану- мен байланысты тікелей немесе жанама шығындар, пайда жоғалту немесе басқа да жағымсыз салдар бойынша жауапкер- шілік алмайды.
Сонымен қатар жоба әзірлеушілері анықтамалық материалдарының нұсқаулықтарында мазмұндалған тұжырым мен ережелерін, нормативті-құқықтық актілер мәтіндерін қолданудың кез келген салдары, анықтамалықта жарияланған нор- мативтік-құқықтық актілердің мәтіндерінде немесе мәтіндердің кез-келген кемшіліктері мен мәтіннің осы нұсқаларын пайдалану үшін жауапкершілік алмайды.
Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңына сәйкес осы анықтамалықтың келген деректеріне жасалған сілтемелер (ақпараттық хабарлама және т.б.) авторлық құқық нысаны бола алмайды.
Жаңа кәсіп ашу шешуді қажет ететін түрлі міндеттер мен мәселелермен қатар жүреді. Компанияңыздың қалыпта- су жолын барынша жеңілдету мақсатында біз осы анықтамалықты әзірледік, онда әр жаңа бизнестің алдынан шығатын анағұрлым өзекті мәселелер және оларды алдын алу бойынша ақпарат легі барынша қамтылған.




р/р

Атауы

саны

1

Вакуумдық жэне компрессорлық қондырғылары бар барботерлер (шикізатты жуу, залалсыздандыру жэне жетілдіру үшін).

1

2

Жетілген дэнді үгіткіш.

1

3

Блендер

1

4

Вакуумдық наубайхана пеші.

2

5

Адсорбциялық - вакуумдық кептіргіш қондырғы.

1

6

Науалардағы су температурасын, ылғал мен оттегі ағысын жэне реттеуін басқарудың автоматты жүйесі.

1

7

Сақтау сыйымдылығы (су жэне сүзгілеу үшін).

1




Барлығы

7


Қосымша өндірістік жабдық бойынша түсініктеме:

Атауы

саны

бағасы

сомасы

Қамыр илегіш

1

700,00

700,00

Миксер

1

180,00

180,00

Тоңазытқыш

1

180,00

180,00

2* секциялы жуу ваннасы

1

50,00

50,00

Ларь мұздатқышы

1

70,00

70,00

Үстелдер

1

60,00

60,00

Қаңылтыр таба (40*60 см)

80

3,50

280,00

Барлығы







1 520,00







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет