Кәсіпорын тәуекелдерін талдау
Өндірістік тәуекелдер және менеджмент тәуекелдері. Өндірістік тәуекелдер материалдың (пайдалану шығында- рының) болмауына, білікті мамандардың болмауына, басқару деңгейінің төмен болуына байланысты болуы мүмкін. Бұл жобаның материалдық базамен проблемалары жоқ. Шығыс материалдары, коммуналдық қызметтер осы тауарлар мен қызметтер кемшілігі жоқ Алматы қ. базарларында тұтынылатын болады.
Сақтандыру жүйесі: сапа менеджментінің жоғары деңгейін қолдау және дамыту, жабдықты тиісті пайдалануын бақы- лау, атқарушы тәртібін және көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау.
Жаңа бәсекелестердің пайда болу тәуекелдері - жаңа бәсекелестердің пайда болуы мүмкін. Дегенмен, ҚР нарығы- ның сыйымдылығы барынша жоғары және бәсекелестікті көтеруге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-психологиялық тәуекелдер. Жалақыны уақытылы төлеу, ұжымдағы ниетті, сыйластық атмосферасы, менеджерлер орнатқан нормаланған жұмыс күні - ұжымдағы болжамды әлеуметтік-психологиялық шиеліністі шешетін негізгі факторлар.
Маркетингтік тәуекелдер. Кәсіпорын өнімін өткізу проблемаларының тәуекелдері бар, бірақ олар салыстырмалы төмен. Жоспарланған кәсіпорын көптеген бәсекелес объекттерге қарағанда, қызмет көрсету деңгейі жоғары және өнімінің сапасы аса жоғары объект болып саналады.
Қаржылық тәуекелдер. Тауарлар үшін төлем - жеке тапсырыс берушілер тарапына 100% алдын ала төлем. Мем- лекеттік сатып алу жағдайында төлем өнім жеткізілген соң жүргізіледі. Жобаның барлық ақшалай ағындары теңгемен жүргізіледі және шетелдік валютада жергілікті және шетелдік трансферттер болмайды.
Маусымдық тәуекелдер. Жобаның айтарлықтай маусымдық тәуекелдері жоқ.
Құқықтық тәуекелдер - жоқ.
Елдік тәуекелдер - жоқ. Республиканың мемлекеттік органдары шағын бизнестің жаңа субъекттерін құруын қолдай-
ды.
30. ЖАУЫН ӨТКІЗБЕйТІН ШЕКПЕНДЕР ӨНДІРУ
Жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жобаның мақсаттары: жауын өткізбейтін шекпендер тігу және сатуды үйымдастыру.
Өнімі: жауын өткізбейтін шекпен.
Жоба құны: 2 787 875 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 2 жыл. Өнім сипаттамасы.
Қолайсыз ауа райы кез келген уақытта орын алуы мүмкін. Кейде жұмыстан, кинотеатрдан, туыстардан немесе қо- нақтан қайтып келе жатқанда, жақында оқылған ауа-райының жорамалы дұрыс келмей, аспан бұлт басып, жаңбыр се- белеп немесе тіпті нағыз жауын жауып тұрғанын байқауға болады. Осындай сәттерде жауын өткізбейтін шекпен сатып алуды еске салған өзіңіздің сақтығыңызға немесе интуицияңызға қуанудың жақсы мүмкіндігі. Әрине, кейде қатты жа- уын-шашын астында қалуға алдын ала дайындалуға болады, ол үшін өзіңмен қолшатыр алу, су өткізбейтін киім кию қажет. Әдетте, іс жүзінде соншалықты сақ бола алмаймыз және қолайсыз ауа райында қорғаныссыз қалып жатамыз. Егер бұл жаңбыр болған жағдайда, өтіп бара жатқан адамдарға жауын өткізбейтін шекпен ұсынып, «ауа-райының көмегімен» ақша жасауға болатын жағдай.
Өндірістік жоспар.
Жабдық.
Сізге қажет болатын жалғыз жабдық, ол тігін машинасы. Егер машина болса, оны сатып алу қажеттілігі жоқ.
Технологиялар.
Бұл шекпендерді матадан емес, негізгі сипаты толық су өткізбейтін жасанды мата емес материалдардан тігеді. Мыса- лы, қолшатырлар полиэстерден дайындалады. Осындай материалдардың беткі қабаты көбінесе судың бірден ағызатын тегіс, сырғымалы, клеенкалы болып келеді. Жауын өткізбейтін шекпендердің сөзсіз артықшылығы басқа плащтарға қа- рағанда, жүзпайыздық сенімділікпен жаңбырдан қорғайды. Мұндай плащтарды тек мақсаты бойынша пайдалану қажет екенін ескеру керек, себебі олар «арнайы киім» түрі болып саналады. Басқа жағдайларға олар қолайсыз.
Мұндай плащты қарапайым полиэтиленнен бес минут ішінде тігуге болады. 2 метр полиэтилен алыңыз. Бірінші қа- рапайым пішім жасау керек - ұзындығы 180 және ені 150 сантиметр тікбұрыш салыңыз. Кесіп алыңыз, төрт рет бүктеңіз және кимоно суретін салыңыз. Сосын домалақ жолақ бойынша екі нүктені біріктіріңіз және жеңдері мен мойнын кесіңіз. Одан кейін ортасынан кесіңіз. Шеткі тігістерді тігіңіз және оларды көлбеу көмкермемен бекітіңіз.
Капюшоны үшін екі жағы 40 сантиметрден екі квадрат кесу керек. Екі бұрышын кесіп, көлбеу көмкермемен тігу ке- рек. Капюшонды қосып тігу үшін оны мойнына қойыңыз. Мойын ұзындығы капюшонның төменгі шетінің ұзындығына сәйкес келуі керек. Әдемі болуы үшін жеңдерін, плащтың астын, шеттерін және капюшонды көлбеу көмкермемен өңдеуге болады. Полиэтиленде мықты ұсталуы үшін пластиктен ілгектер тігу керек, ілгек астына ашық түйме салу керек. Бір-екі тігістен кейін, плащты киіп көруге болады.
Жоба есептер:
Бір шекпен үшін 2 м мата* 150 теңге/м. = 300 теңге + шығыс материалы (жіптер), шекпеннің өзіндік құны шамамен 350 теңге құрайды. Ал бөлшек сауда бағасын 500-600 теңге деп қоюға болады.
Өнімді өткізу.
Осындай жауын өткізбейтін шекпендерді көшелерде, автобус аялдамаларында, үлкен ғимараттардың есіктері жанын- да тұрған адамдарға, адамдар жаппай жиналған орындарда, стадиондарда, кинотеатрлар жанында ұсынуға болады
Қаржылық жоспар.
Осы бизнес-идея 2 764 750 теңге көлемінде қарыз қаражаттарын тартуды көздейді.
Бірінші жылы ақшалай қаражаттың түсуі 10 264 750 теңгені құрады, ол 7 500 000 теңге сомасында жауын өткізбейтін шекпендерді сатудан түскен ақшадан, сонымен қатар, 2 764 750 теңге сомасында несиелік қаражат түсімінен тұрады. Не- сиелік қаражаттар 50 000 тг сомасындағы жабдықты сатып алуға, сонымен қатар, 2 714 750 тг сомасында қызметті жүзеге асыру бес айының ішінде ағымдағы шығындарды жабуға қолданылатын болады.
Инвестициялық салымдар
Жалпы, теңге
Жауын өткізбейтін шекпендер өндірісі бойынша ауыспалы шығындар:
Тігін машинкасы (1 дана)
50 000
Жауын өткізбейтін шекпендер өндірісі бойынша тұрақты ай сайынғы шығындар (5 айға)
2 737 875
Барлығы, теңге
2 764 750
Жауын өткізбейтін шекпендер өндірісі бойынша тұрақты ай сайынғы шығындар
Атауы
Саны
Құны, теңге
5 айға барлығы, теңге
Жылына барлығы, теңге
Шикізат жэне материалдар:
Полиэстер, метр
30 000
150
1 875 000
4 500 000
Ілмектер, штук
60 000
7
175 000
420 000
Жіптер, шарғы
150
30
1 875
4 500
Көлік шығындары (ЖЖМ), литр
1 500
152
95 000
228 000
Коммуналдық шығындар:
Электр қуатының шығындары, кВт
5 000
15
31 250
75 000
Сумен жабдықтау шығындары, куб.м.
120
70
3 500
8 400
Қызметкерлердің жалақсы
2
360 000
300 000
720 000
Үй-жайды жалға алу, ш.м.
30
18 000
225 000
540 000
Басқа шығындар, Этикеткалар, дана
15 000
5
31 250
75 000
Барлығы, теңге
2 737 875
6 570 900
Өндіріс жоспары және қызметтерді сатудан табыс Жауын өткізбейтін шекпендерді өндіру және сату: 250 дана айына * 12 ай = 15 000 дана - жылдық өндіріс көлемі.
15 000 * 500 = 7 500 000 теңге - жауын өткізбейтін шекпендер өндіруден және сатудан жылдық түсім. ЖАЛПЫ - 7 500 000 теңге.қаржылық жоспар
1-ші операциялық жыл үшін табыстар мен шығындар туралы есеп
Көрсеткіштер
Жалпы жыл үшін, теңге
Сатудан түсім
Жауын өткізбейтін шекпендерді сату, теңге
7 500 000
ЖАЛПЫ
7 500 000
ЖАЛПЫ
Жалақы
720 000
Әлеуметтік салық жэне эл.аударымдар
135 180
Коммуналдық шығындар
83 400
Өтемпұл
10 000
Өндірістің жалпы шығындары
948 580
Шикізат құны
4 924 500
Үй-жайды жалға алу (үй-жай - 80 ш.м.), теңге
540 000
Көлік шығындары
172 500
Пайыздар бойынша шығындар
140 541
Жабдық шығындары
50 000
Этикетка шығындары
75 000
ЖАЛПЫ ШЫҒЫНДАР
6 851 121
Салық салынғанға дейінгі табыс
648 879
ЖТС жэне МЗС
163 500
Таза табыс
485 379
Қызметкерлер құрамы
Осы бизнес-идеяны іске асыру үшін жауын өткізбейтін шекпендерді пішу және тігу жұмыстарын тікелей орындайтын
адам көлемінде қызметкерлер құрамы қажет. Дайын өнімді сатумен кәсіпкердің өзі айналысатын болады.