Байланысты: 100 proektov malogo biznesa kaz 020819
1
Жоба сауалнамасы: Инвестициялық жоба мақсаттары: сувенирлер дайындау цехін ашу. Өнімі: сувенирная пластиктен жасалған сувенирлік өнім. Жоба құны: 240 500 теңге. Өзін өзі ақтау мерзімі: 2 ай. Жоба тұжырымдамасы Жоба тұжырымдамасы сувенирлер дайындау цехін ашуды көздейді. Қазақстанда сувенирлер нарығы шетелден тауарларды импорттау мүмкіндігі пайда болған кезде 20 жыл бұрын қалып- таса бастады. Басында сапасы нашар әртүрлі сұрыптағы тауарлар әкелінді. Қазір сувенирлік өнім нарығы түрі өркениетті, отандық өндірістің тауарлары көбірек пайда болуда. Логотиптері бар сапалы, дизайнерлік тауарларға, бизнес-сувенирлер- ге сұраныс өсуде. Сувенирлер - жеке клиенттер мен компаниялар иелерінің арасындағы сұранысқа ие өнім. Біріншілері үшін - бұл та- ныстарына, әріптестеріне және алыс туыстарына көңіл бөлу мүмкіндігі. Қымбат сыйлықтарға ақша жарату мүмкіндігі жоқ болса, Жаңа жылға, әйелдер немесе ерлер мерекесіне сувенир сыйлауды - кез келген адамның қалтасы көтереді. Іскерлік әлемде сувенир - серіктестер мен клиенттерге көңіл, құрмет, адалдық белгісін көрсету, қызметкерлерді мадақтау, өзі туралы еске салу. Цифрлық технологиялардың дамуымен, 3D баспамен байланысты бизнес күннен күнге танымалдылыққа ие болуда. Бұл тауаша соңына дейін игерілмей қалуда. 3D принтер жоғары сапалы пластмасса тауарлардың аздаған партияларын жасауға мүмкіндік береді. Жоба бойынша инвестициялық шығындардың сметасы:
Инвестициялық салымдар
Барлығы, теңге
Негізгі құралдар шығындары
240 500
Айналым құралдар шығындары
0
Барлығы, теңге
240 500
Атауы
Саны
Құны, теңге
Сомасы, теңге
1. 3D принтер
240 500
240 500
Барлығы, теңге
240 500
Өнім сипаты Сувенирлер өндірісі - коммерциялық 3D-баспаның ең танымал бағыттарының бірі. Заманауи 3D-принтерлердің көме- гімен ерекше сувенирлер дайындауға барлық тапсырыстарды орындауға болады. Сувенирлердің 3D-баспадағы табыстылық себептері қандай?
Баламалары жоқ ерекше өнімдерді жасау мүмкіндігі
Өндірістің жоғары жылдамдығы, бар болғаны 3-4 сағат қажет
Жиһаз фурнитурасы, безендіру элементтері (арқаулар), балалар жиһазы.
Қосалқы бөлшектер (тегершіктер, төлкелер), соның ішінде принтерге арналған бөлшектер.
Оқу стендтері және зертханалық жұмыстар жүргізуге арналған құралдар, сәулет ЖОО студенттеріне арналған макеттер.
Сыртқы жарнама элементтері.
Құны өнім дизайнының өлшемдеріне және күрделілігіне, сонымен қатар, материал сапасына байланысты болады. 3D-баспаның ең арзан нұсқасы полимерлік пластик көмегімен жасалады. Негізгі сатылым интернет-дүкен арқылы саты- латын болады. Сайтта дайын өнімнің әртүрлі үлгілері ұсынылған, клиенттер өздерінің пікірлері мен тілектерін қалдыра алады. Тапсырысты тікелей сайт арқылы жасауға және өз өнімін кеңседе немесе үйге жеткізумен алуға болады. Маркетинг жоспары және нарықты талдау. Ұсынылған сувенирлік өнімдердің негізгі тұтынушылары Ақмола облысының тұрғындары, сонымен қатар, аумаққа келетін туристер. Дегенмен, нарық көлемі туралы нақты ақпарат болмаса да, белгілі бір көркемдік құндылығы бар сувенирлер шетел- дік туристер, сонымен қатар, қалталы жергілікті тұрғындардың 10-20% арасында өзінің сатып алушысын табатынын сенімділікпен айтуға болады. Жоба бастамашысында өнімді өткізудің белгілі бір орнатылған жолдары бар, соның ішінде, тұрақты тапсырыс бе- рушілері бар. Сонымен қатар, компаниялармен - сувенирлер сатушыларымен өзара қатынасы, мысалы, Астана қ. және Бурабай к. супермаркетттері мен қонақүйлерінде сувенирлер бөлімдерімен байланысы бар. Фирманың бәсекелес ортасын қарай отырып, Ақмола облысында көлемі бойынша сувенирлік өнімдердің кішігірім өндірушілері бар екенін атап өту керек. Дегенмен, Қазақстан Республикасында сувенирлік өнімдердің бір ірі өндірушісі бар - «Блэк» ЖШС (Алматы қ., Көкшетау қ.). «Блэк» ЖШС - барлық технологияларды сақтауға мүмкіндік беретін өзінің өндірістік қуаттылықтары бар, шикізатты жеткізу жолдарын баптаған Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Компания өзінің клиенттеріне тіпті ең талғампаз сатып алушылардың қанағаттандыратын сапалы, әдемі, экологиялық таза өнімді ұсынады. Өнімнің ұсынылған ассортименті, мүмкіндігінше, нарық сұраныстарына сәйкес келуі керек. Ассортиментті кеңейту және сувенирлік өнімдерді арттыру жеке кәсіпкерге тұрақты оң имидж қалыптастыруға және сувенирлік өнімдер на- рығында кәсіпорынның мықты позициясын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Табыс деңгейі орташа адамдарға қол- жетімді өнімдердің салыстырмалы арзан бағаларын қолдану осы мақсатқа әсерін тигізетін болады. Бастапқы кезеңде осындай ерекше өнімді өткізу үлкен жарнаманы және клиенттерді іздеуге шығындарды талап етпей- ді. Басында Ақмола облысының ірі дүкендерінің ең көзге түсетін сувенирлік бөлімдерімен жай келісу және өз өнімдерін сатуға қою жеткілікті болады. Бұдан әрі шығарылым көлемі артқан жағдайда өткізуді ынталандырудың нұсқалары болуы мүмкін:
БАҚ арқылы жарнамалық кампания;
таныстар арқылы тапсырыстар іздеу;
дизайнерлерге, кеңселік орталықтарға тарату үшін бүктемелер дайындау;
қалталы адамдарға тікелей ұсыныстар;
интернет-сайт құру.
Стратегия элементтері
Сипаты және мақсаттары
Сайт
Көрнекі рәсімдеу, HTML 5 немесе Flash
Негізгі міндеті - мақсатты топпен байланыс бастау
Ерекше үсыныстар түсаукесері
Түтынушылармен байланыстар үстау
e-mail мекенжайларын жинау
Жаңалықтар мен флайерлер тарату
Сайтты әлеуметтік желілермен біріктіру
Facebook
Vkontakte
Контексті жарнама
• Яндекс директ және Google Adwords
SEO
• Қызықты және жаңартылатын контент
CRM
• Клиенттерді CRM базасына қосылуға қызықтыру
Технологиялық үрдіс. Осы бизнес-жобаны дамыту аясында 10 шаршы метр жалға алынған үй-жай, сонымен қатар, ақша төлеуге дайын әле- уетті клиенттер бар. Өз бетінше, патент бойынша жүмыс жасаймын. Бастапқы кезеңде кесуге және қаптама жасауға арналған плоттер, бүріккіш принтерлер бар. Гранттық қаржыланды- руға тапсырғанда, жүмыс істеуге 3D принтер және жобаны 100 пайызға іске асыру үшін қосымша жабдық сатып алу керек. Өндіріс технологиясы:
Сига 3d бағдарламасында үлгілер жасау (Үлгі ретінде барынша танымал өнім - 3D принтерде басып шығарылған болт болады.);
Қабат қалыңдығы 100 микрон біздің үлгімізді 3D принтерде басып шығару;
Сосын қүйылған үлгі басып шығарылған объектінің қатпарлығын алмас үшін өңдейміз. Болт лакпен өңделеді, сосын беткі қабаты тегістелгенше жонылады;
Үлгіні жартсына дейін сазды негізге саламыз;
Артық сазды алып тастау, үлгіні қалыпқа бекіту қажет;
Қалыпқа силиконды қүямыз, кебуге 6 сағатқа қалдырамыз, уақыт өткен соң үлгіні босатамыз;
Силиконды өсімдік қоспасымен жағамыз;
Қалыптың екінші жартысын қүя отырып, қалыптың екі жартысын біріктіреміз;
Қалыпқа сүйық пластик қүямыз;
Қалыпты 2 минутке ортадан тепкіш аппаратқа қоямыз;
Тегістейміз және қажет болған жағдайда бөлшекті бояймыз.
Қаржылық жоспар. Сувенирлерді сату: 5 күніне * 1 принтер* 256 күн = 1280 жыл сайынғы өндіріс көлемі. 1280 * 800 тг = 1024000 жыл сайынғы түсім. 3D баспа қызметтері: күніне * 1 принтер* 256 күн = 512 жыл сайынғы өндіріс көлемі. 512 * 2000 тг = 1024000 жыл сайынғы түсім.
ЖАЛПЫ - 2 048 000 теңге.
Көрсеткіштер
Саны, адам
Бағасы, теңге
Сомасы, тг
Сувенирлер сату
5
800
4000
3D баспа қызметтері
2
2000
4000
Жалпы түсім
2 048 000
қаржылық жоспар Табыстар мен шығындар туралы есеп
ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР ТУРАЛЫ ЕСЕП
2019
2020
2021
2022
2023
Түсім (ҚҚС-сыз)
2048000
2048000
2048000
2048000
2048000
материалдар, қүрамдауыштар, тауарлар
84 000
84 000
84 000
84 000
84 000
ЖАЛПЫ ТАБЫС
1964000
1964000
1964000
1964000
1964000
Жалақы
36 000
36 000
36 000
36 000
36 000
МЗС
36 000
36 000
36 000
36 000
36 000
Жалпы шығындар:
86 400
86 400
86 400
86 400
86 400
коммуналдық қызметтер жэне жалға алу
60 000
60 000
60 000
60 000
60 000
өкілдік шығындар
26 400
26 400
26 400
26 400
26 400
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ТАБЫС
1805600
1805600
1805600
1805600
1805600
Өтемпұл
11 600
11 600
11 600
11 600
11 600
САЛЫҚ САЛЫНҒАНҒА ДЕйІНГІ ТАБЫС
1794000
1794000
1794000
1794000
1794000
Пайда салығы
38 400
38 400
38 400
38 400
38 400
ТАЗА ТАБЫС
1755600
1755600
1755600
1755600
1755600
45. ЭКОМАҚТА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖЫЛЫТАТЫН МАТЕРИАЛЫН ӨНДІРУ ЖӘНЕ САТУ