Технология. Сыпыртқыларды мамыр соңында - маусым басында дайындау керек. Сыпыртқыларды
тек орманда, орман жиектерінде, ағаш отырғызылған жерлерде дайындау керек, бірақ
жол бойында дайындауға болмайды! Жолдарда көліктер жүреді, пайдаланылған газдар-
дағы ауыр металдар ағаш жапырақтарына жиналады. Жаңбыр немесе шық тамшылары
жоқ, тек қана қүрғақ сабақтарды кесуге болады, себебі жаңбыр астында кесілген са-
бақтар және олардың ылғалды жапырақтары кептіру барысында бүзылуы және түсіп
қалуы мүмкін. Сыпыртқылар үшін көбінесе жерге жақын өсетін (бірақ тым төмен емес)
және бар болғаны 2-3 жастағы сабақтар жарамды. Қайың сыпыртқысы үшін су жанында
өсетін қайыңды таңдаған жөн. Жас, бір де бір гүлдемеген қайың сабақтары үздік болып
саналады. Оның жапырақтары нәзігірек әрі жүмсағырақ. Сабақтар жіңішке, үзын, иіл- гіш, тіке, салбыраңқы болуы керек. Жапырақтарын емес, жанама өркендерін кесу қажет; бір талдан емес, әрбір талдан
аздап кесіп алу керек. Сосын бір-екі күн ішінде әзірлемелерді іліп қою керек. Осыдан кейін сабақтарды үзындығы бойын-
ша сүрыптайды және сыпыртқыларға байлай бастайды. Буға шабынушының бойына және бу бөлмесі төбесінің биіктігіне
байланысты сыпыртқы үзындығы 400-600 мм сай таңдалады. Сыпыртқы жасауда жапырақтың жылтыр (күңгірт жағы
емес) жағы сыртқа қарап түруы тиіс. Бірінші барынша толық үлкен сабақтарды, сосын жіңішкелерін жинайды. Бүл
жағдайда түтқасы домалақ болады. Түтқа қалыңдығын жасауда буға шабынушы қолына брезент қолғап киіп, сыпыртқы-
ны алғанда, ол қолында ыңғайлы әрі тығыз жатуы тиіс. Сыпыртқыны кендір немесе мақта-мата жіппен байлаған жөн.
Сыпыртқыларды сыммен байлауға болмайды, себебі қызған бу бөлмесінде сым ысиды және қолғапсыз болған жағдайда
қолды күйдіріп алуға болады. Сътыртқыларды кептіру. Сыпыртқыларды күн астында кептіруге болмайды. Кептірудің ең қарапайым тәсілі - сыпыртқыларды жүппен байлап, оларды шатырдың астына тіпке іліп қою. Егер шатыр болмаса, оларды балконда кептіруге болады, бірақ көлеңке жерде. Шыныланған лоджияда сыпыртқы пысынап кетеді. Жапырақтары оралып қалады және оның салдарынан тез түсіп қалады.