Егістерді күту. Сәбіз вегетация барысында да уақытылы және сапалы қатараралық өсіруден, арамшөптермен, аурулар мен зиянкестер- мен күресуден, суарудан тұрады. Сәбіз егістеріндені арамшөптерді жою үшін гербицидтер (топырақты) қолданылады. Сәбіздің суару тәсілдері және суару техникасы, суару режімі. Суару салыстырмалы құрғақшылыққа төзімді дақыл, бірақ оңтүстікте, тұрақсыз ылғалдану аумағында, жоғары және тұрақты өнімділікті тек қана суару барысында алуға бо- лады. Оңтайлы сумен жабдықтау барысында сәбіздің суды тұтынуы 4000-5500 м3/га құрайды. Суару маусымының баста- луы табиғат жағдайларына байланысты, көбінесе суару сәуір соңынан - мамыр басынан басталады және тамыр жемі- стердің жарылуын болдырмау және механикаланған жинау үшін жағдайларды жақсарту үшін жинауға 2-3 апта қалғанда аяқталады. Тамшылап суармалау өсімдіктің даму кезеңіне сәйкес тұрақты жүргізіледі. Жинау және сақтау. Көбінесе сәбізді қолмен жинайды. Байламды сәбіз жапырағымен жиналады және байламға байланады. Пісу мерзімдері кеш сәбіз жартылай механикаланған тәсілмен жиналады - тоғын көмегімен қазылады, сосын қолмен жиналады. Сәбіздің тамыр жемістерін көкөніс қоймаларында және жертөлелерде үйіп, қатарлап, пирамида секілді, жәшіктерде және полиэ- тиленді қаптарда, сонымен қатар, орларда және шұңқырларда сақтайды. Бұл ретте 1-20°С шегіндегі температураны және 90-95 % салыстырмалы ылғалдылықты ұстайды. Егер сәбізді көкөніс қоймасында сақтаса, оның беткі қабаты ылғалданады және шіриді. Сондықтан көкөніс қоймала- рын жүйелі түрде желдетіп тұру керек немесе тамыр жемістерді қап маталарымен, төсенішпен жабу керек. Сәбізді жәшік- терде сақтау үшін түбіне ылғалды топырақ (2-3 см) себеді, оның үстіне тамыр жемістерді бірнеше қатармен салады және олардың үстіне топырақ себеді. Сәбіз салмағы 20- 25 кг полиэтиленді қапшықтарда да жақсы сақталады.