Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019



бет104/111
Дата08.02.2023
өлшемі3,33 Mb.
#167962
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   111
Байланысты:
100 proektov malogo biznesa kaz 020819
6 3тоқ бжб 1, жиренше шешен, Жоспар 2022-2023жж. Ақбота
Инвестициялық жоба мақсаты: «Пейнтбол» ойынының инвестициялық жобасының қаржы-экономикалық тиімділі- гін және техникалық іске асырылуын негіздеу.
Өнімі: Компания пейнтбол ойын-сауық қызметтерін көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруды жоспарлайды. Жобаның құны: 960 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 36 ай.
Жоба тұжырымдамасы
Бүл бизнес-жоспар «Пейнтбол» ойынына арналған инвестициялық жобаның қаржы-экономикалық тиімділігі мен тех- никалық іске асырылуын негіздеу мақсатында әзірленді.
Ұсынылған жобаны қаржыландыру заемды қаражат есебінен жоспарлануда.
қаржыландыру көзі

№ р\р

Қаржыландыру көзі

Сома, мың теңге

Үлесі , %

1

Қарыз қаражат

857 ,0

89%

2

Жеке қаражат

103,0

11%




ЖИЫНТЫҒЫ

960,00





Бүл жобаның мақсаты осы жобаның және инвестициялардың мақсатқа сәйкестігін экономикалық және әлеуметтік жағынан негіздеу болып табылады, инвестицияларды мынадай бағыттарда пайдалану көзделіп отыр:


Қарыз қаражатты пайдалану құрылымы



Атауы

Өлш. бірл.

Саны

Баға, мың теңгемен

Сома, мың теңгемен

1.

Пейнтболдық маркер

дана

6

40,00

240,00

2.

Патрондарға арналған фидер

дана

6

8,00

48,00

3.

Кішкентай газ баллон

дана

6

20,00

120,00

4.

Үлкен азот баллон

дана

2

15,00

30,00

5.

Бетперде

дана

1

15,00

15,00

6.

Қоршау торы

рулон

8

6,5

52,00

7.

Полиматериалдар

куб

2

40,00

80,00

8.

Бояу

литр

10

1,20

12,00

9.

Жарнамалық баннер




2

30,00

60,00

10.

Аумақты жалдау










100,00

11.

Масхалат




20

5

100,00




ЖИЫНТЫҒЫ










870,00


Экономикалық жағынан жоба мыналарға:

  1. Қарағанды облысының бюджетіне қосымша кірістің түсуіне;

  2. Тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша сапалы қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыруға ықпал етеді.

Түсініктеме:
Жабдықты нарық бағаларымен заңды тұлғалардан сатып алу жоспарлануда.
Таңдауды негіздеу:
Бұл бағытты және бизнесті орналастыру жерін таңдау мынадай факторларға байланысты:

  • балалар мен ересектерге арналан ойын-сауық қызметтеріне жеткілікті тұрақты сұраныс;

  • бұл салада жұмыс тәжірибенің болуы.

Жобаны іске асырудан пайда:
Бұл жобаны іске асыру:

  • ойын-сауық қызметтеріне сұранысты қанағаттандыруға;

  • табыс табуға және өзіне меншікті капиталды көбейтуге;

  • бюджетке салық төлемдері түрінде мемлекетке кірісті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру мерзімдері:
Жобаны бастау 2019 жылдың маусымына жоспарланып отыр.
Жобаны іске асырудың жалпы мерзімі - 3 жыл.
Меншіктің ұйымдастыру -құқықтық аспектілері
Қарызшы жеке тұлға болғандықтан, ол өз қызметін жеке кәсіпкер ретінде жүзеге асырады, салық режимі патент не- гізінде жүргізіледі.
Жобаны басқару
Жобаны басқарумен кәсіпкердің өзі айналысады, ол кәсіби сауаттылығымен ерекшеленеді, ойын-сауық саласында іс жүзінде оның тәжірибесі бар. Өнімді сату үшін таныстары көп, нарықтық шаруашылық жүргізу жағдайында жеткілікті практикасы бар және бизнес жүргізуге қабілетті.
Жобаны сипаттау
Бүгінгі күні бүкіл отбасымен демалысты өткізуге арналған ойын-сауық саласы объектілерінің арасында мыналарды атап көрсетуге болады:

  • кинотеатрлар мен кинотеатр кешендері

  • театрлар, мұражайлар, цирктер және т.б.

  • отбасылық үлгідегі қоғамдық тамақтану мекемелері

  • аттракциондар:

  • ашық аспан астындағы аттракциондар (демалыс және ойын-сауық саябағы)

  • үй-жайдағы аттракциондар (ойын залдары)

  • мамандандырылған ойын-сауық кешендері

  • сауда-ойын-сауық орталықтары

Еуропа мен АҚШ-та ойын-сауық нарығы көбірек дамығаны сөзсіз, және бүкіл отбасымен бос уақыт өткізу үшін тау- арлар мен қызметтердің кең ассортиментін ұсынады.
Соңғы жылдары ойын-сауық нарығы қарқынды даму сатысына енді және жылдам шоғырлана бастады. Желілік ком- паниялар оның шоғырлануында жетекші роль атқарады. Әзірше, нарықта жаңа тәуелсіз ойыншылар үшін орын бар, бірак

  1. 3 жылдан кейін тұтынушы үшін бәсекелестік әлсірейді.

Өткізу нарығын талдау.
Пейнтбол клубын ашу үшін көптеген дәлелдер келтіруге болады. Біріншіден, ойынға қатысу үшін денсаулығының жағдайы бойынша дене шынықтыру сабағына тыйым салынбаған кез келген адам бара алады. Пейнтболдың ережелері өте қарапайым және кімге болсын түсінікті. Бұл қатысуы шектелген жоғары интеллектуалды ойын емес.
Екіншіден, пейнтбол - бұл таза ауада және физикалық жүктемемен өтетін белсенді ойын-сауық. Яғни ойынмен спорт- залға баруды ауыстыруға немесе адамдарды компьютердің алдынан алып шығуға болады.
Үшіншіден, пейнтбол агрессия мен стресті бақылап шығаруға ықпал етеді. Тиісті пысықтау кезінде ол ұжымды бірік- тіру және кеңседе немесе кәсіпорында психикалық-эмоционалдық климатты жақсарту, көшбасшыны анықтау үшін тиімді тим-билдинг ретінде болуы мүмкін. Пейнтбол әскери қызметке даярлау, қару-жарақты ұстау дағдыларын үйрену, ұрыс тактикасын жеткізу тұрғысынан жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу элементі болуы мүмкін. Сайып келгенде, бұл қарапайым көңілді спорттық ойын, мерейтой немесе басқа мейрам үшін қызықты формат, бұл барлық қонақтардың есінде ұзаққа сақталып қалады.
қызмет сипаты
Кәсіпкер «Пейнтбол» ойын алаңын ашуды жоспарлап отыр.
Ойын алаңының көлемі 20 гектар шегінде болады.
Пейнтболға арналған экипировканы сатып алу жоспарлануда:





Пейнтболға арналған экипировка
Пейнтбол бетпердесі
Экипировканың ең маңызды элементі - пейнтбол бетпердесі, ол басқа киіледі
және ойыншының беті мен мойынын қорғайды.

Қағида бойынша, ойыншыға алаңда бетпердені шешуге қатал тыйым салынады,
себебі ол ойыншыны қаңғыған оқтан қатты жарақатқа ұрынудан сақтайды.

Бетперде секундына 15 атуды шыдауға қабілетті қатты пластиктен жасалған.
Әдеттегі, бетперделер және ойын уақытында ойыншының демінен терлемейтін,
қос атермальді әйнекпен бетперделер бар.

Кәсіби пейнтбол костюмі
Бояудан және ойыншыға тиетін шариктердің соққысынан қорғану үшін кәсіби
ойыншылар арнайы пейнтбол костюмдерін пайдаланады.

Пейнтбол клубтарында әуесқой ойыншылар жеңіл камуфляж костюмды жалға
алады. Бұл ыстық күні сияқты, сондай-ақ жылдың суық мезгілінде де ойнауға
мүмкіндік береді және клиентің өз киімінің (соның ішінде сыртқы киімнің) үстінен
киеле береді.

Кимінің ыңғайлы болуы аса маңызды, себебі сіз алаңда қаншалықты жеңіл және
жылдам қозғалуыңыз, қарсыласыңыздың алдында соншалықты осал болуыңызға
байланысты. Біз жыл мезгіліне және ауа-райына сәйкес келетін спорттық киімді
таңдауға кеңес береміз.

Сондай-ақ, белсенді ойын кезінде көп жүгіруге, секіруге тұра келетінін ескерген
жөн, бұл тердің көп бөлініп шығуына әкеледі. Киімнің ауа мен ылғалды жақсы
реттей алатын болғаны дұрыс.

Пейнтболға арналған аяқкиімнің де мәні зор. Ол ауа-райы жағдайына сәйкес
болуы тиіс. Егер ойын орманда немесе жер алаңда жүргізілсе, онда алдымен
ылғалдан қорғайтын, батпақтан қорықпайтын болуы тиіс. Бұл ретте ол жүгіруге
және секіруге ыңғайлы болғаны жөн. Пейнтбол клубына ойыншылар ойынға
арналған өзінің аяқкиімімен келеді.

Ойыннан кейін ауыстырып киіп алуға болатын киім мен аяқкиімнің запас
жинағын өзімен бірге ала келу артық болмайды, себебі киім ойын уақытында,
спортзалдағы жақсы жаттығудан кейін сияқты су болады.

Сонымен қатар, ойыншылар пейнтбол клубында қолғап, басқа тағатын орамал-
бандан, әйелдер мен балаларға арналған қорғаныш жилеттерді алады.

Пейнтболдық маркер (немесе пейнтбол мылтығы) — пейнтболдағы жабдықтың
негізгі бөлігі, пейнтбол шарларын ату үшін жұмыс газды (әдетте, сығылған ауа
(азот) немесе көмір қышқыл газы) пайдаланатын пневматикалық тапаншаның
нұсқасы болып табылады. Пейнтболдық маркер қару емес. Маркердің атауы
өзінің алғашқы мақсатына байланысты — осындай пневматикалық маркерлердің
көмегімен ағаштар мен малдарға белгі салатын (ғылш.
mark — белгі салу).
Пейнтболдық маркерден атылған шардың максималды рұқсат етілген
жылдамдығы секундына 300 фут (91 м/с) құрайды. Үлкен жылдамдық қауіпті
болып саналады және оған барлық жерде тыйым салынған. Жоғары жылдамдықтың
салдарынан ойыншылар, ең жоқ дегенде, беті мен құлақтарын қорғайтын арнайы
пейнтболдық бетперделерді киюге міндетті.



Фидер - дүкен немесе пейнтбол шарлары орналасқан ыдыс.











Пейнтболдық жабдыққа арналған ствол.






Атауы

Өлш.бір.

Саны

Баға, мың теңгемен

Сома, мың теңгемен

1.

Пейнтболдық маркер

дана

10

40,00

400,00

2.

Патрондарға арналған фидер

дана

10

8,00

80,00

3.

Кішкентай газ баллон

дана

10

20,00

200,00

4.

Үлкен азот баллон

дана

3

15,00

45,00

5.

Бетперде

дана

10

15,00

150,00

6.

Қоршау торы

рулон

8

6,5

52,00

7.

Полиматериалдар

куб

2

40,00

80,00

8.

Бояу

литр

10

1,20

12,00

10.

Масхалат




20

5

100,00

11.

Ауысымша жеткізе қуюшы




1

5,00

5,00




Жиынтығы










1 124,00


Ұйымдастыру жоспары
Кәсіпкер жобаны іске асырумен өзі айналысады және оператор мен ойында судья ретінде жүмыс істейтін болады. Қаржылық жоспар
Жобаның жалпы қаржылық сипаттамасы.
Бүл бизнес-жоспарда 857 (сегіз жүз елу жеті) теңге сомаға заемдық қаражатты пайдалану кезінде 3 жылғы шару- ашылық қызметтің қаржылық нәтижелері талданады.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындарға мыналар кіреді:




Айлар

Мау.19

шілд.19

там. 19

қыр. 19

қаз. 19

қар. 19

жел. 19

2020

2021

2022

Жосп

10000

10000

10000

10000

10000

10000

10000

12 000

12 000

50 000

Жосп. орындалуы

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

Нақты жиынтығы

10000

10000

10000

10000

10000

10000

10000

12 000

12 000

50 000


Өнімнің өндірісіне арналған шығындар есебі. Есептер келесі кестеде, бір ай тұрғысынан ұсынылған. Кәсіпорынның ай сайынғы шығыстары.


Шикізат шығыстары (тікелей материалдық шығыстар)

1 ай, теңге.

Контейнерді жалдау

30 000

Жерді жалдау

37 000

Патрондарды сатып алу

40 000

Азот

2 000

Жиынтығы:

109 000


Кәсіпорынның шығыстары толық қуатқа шыққан кезде көрсетілген және айына 109 000 теңге құрайды.


95. ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ СЕРВИС ҚҰРУ





Жоба сауалнамасы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет