Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019



бет105/111
Дата08.02.2023
өлшемі3,33 Mb.
#167962
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   111
Байланысты:
100 proektov malogo biznesa kaz 020819
6 3тоқ бжб 1, жиренше шешен, Жоспар 2022-2023жж. Ақбота
Инвестициялық жоба мақсаты: Жамбыл облысы арқылы өтетін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықарылық авто- магистралінде көп функционалды жол бойындағы сервис кешенін құру.
Өнімі: Қызметтердің негізгі түрі туризм саласында демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру болады.
Жобаның құны: 76 399 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 72 ай.
Жоба тұжырымдамасы
Бұл жобаны іске асыру кәсіпкерге халыққа сияқты, сондай-ақ туристерге қызметтер көрсету саласында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бұл кәсіпкердің қызметінің түрленуін, табыстылығы мен бәсекеге қабілет- тілігінің артуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, демалыс саласында халықты сапалы қызметтермен қамтамасыз етеді.
Кешеннің құрылысы ауданы 9,5 га жер телімінде жүргізіледі.
Жер телімі таулар көрінетін, әдемі жерде орналасқан. Бұл кешен трассаның бойында орналасатын болады.
Жоғарыда көрсетілген нәтижелерді іске асыру, ЖШС-ке қаржы жағдайын күшейтіп, кәсіпорынның табыстылығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Жоспарланған кешендердің қызметінде 50 қызметкерден тұратын штат жұмыс істейді, олар төмендегі кестеде кел- тірілген:
Жоба бойынша болжамды штат кестесі


р/р

Қызмет атауы

Өлшем бірлігі

Адамдар саны

1

Өндірістік
10 адам: администратор, авто шеберлер, тағам бөлімдерінің басшылығы және т.б.

чел.

10

2

Қосалқы
30 адам: қонақ бөлмелерді жинаушылар, официанттар, ТҚКС операторлары, аула сыпырушылар және т.б.

чел.

30

3

Инженерлік-техникалық қызметкерлер
10 адам: Техникалық қызметтер операторлары

чел.

10

Жоба бойынша жұмыс орындарының жиынтығы

чел.

50




Қажеттілігіне қарай штатқа өндірістік жүктемеге байланысты қосымша қызметкерлер жалға алынады.
Қазіргі заман кезеңінде мемлекет дамуының басым бағыттарының бірі автомобиль жолдарын салу және күрделі жөн- деу болып табылады.
Бүгінгі таңда салынып жатқан «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жаңа халықаралық көлік дәлізі әртүрлі ілеспе салаларды дамыту үшін бастама болады.
Қазіргі автомобиль жолы кешенді құрылыс болып табылады, негізінен ол көлік құралдары қауіпсіз және ыңғайлы қозғалуына, сондай-ақ, жолда ұзақ қашықтықтарға жүретін жүргізушілер мен жолаушыларға заманауи және сапалы қызмет көрсетуге арналған.
Бизнестің мұндай түрі Батыс Еуропа елдерінде кеңінен таралған, және әдеттегідей, автомобильдерге жанар-жағар май құю бекеттерімен қатар қолданы.
Сондықтан, халықаралық маңызы бар трассада осындай орындарды ашу аса маңызды үдеріс болып табылады.
Дүниежүзілік шаруашылықты құру және дамыту тенденцияларының бірі - туризм саласының жалпы экономикаға ықпалының ұдайы өсуі.
Автотуризм әлемдік интеграциялық үдерістер факторларының бірі, ал туристік бизнес - көптеген елдер экономика- сының негізі болып табылады. Қазақстан Республикасында ішкі және келушілер туризмінің дамуына байланысты авто саяхатшылардың саны өсуде.
Қазақстанның туристік әлеуеті өте жоғары. Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) болжамы бойынша, 2020 жылға қарай (2000 жылғы деңгеймен салыстырғанда) әлемде халықаралық туристер келуінің саны 2,2 есе өсуі және 1,56 млрд. адам құрауы тиіс, олардың 1,18 млрд. адамы өз өңірлерінің шегінде саяхаттайды.
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі іске қосылуына байланысты, бұл саланың үш негізгі оң фак- торын айқындауға болады.
Біріншіден, жол бойындағы сервис объектілерінің халықаралық және өңірлік трассалар бойында біркелді орналасуы - ірі қалалар мыңында тығыздығы жоғары және қажетті объектілердің көп болуы, ал бұл жоба ірі елді мекендерден алыста орналасқан.
Екіншіден, ұсынылатын қызметтердің кең спектрі, сервистің жоғары деңгейі мен біліктілігі жоғары қызметкерлердің бар болуы. Көбінесе жүргізушілерге (туристерге) трассада автомиобильге жанар-жағар май құю, тамақтану және түнеп шығу жеткіліксіз. Көбі автомобильдерді жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге, тұрмыстық (кір жуу мен химиялық тазалау, моншалар мен душ және т.б.) қызметтерге, байланыс орындарына (интернет (wi-fi), қалааралық телефон, факс), банкоматтар қызметтеріне, медициналық орындарға және басқа қызметтерге мұқтаж. Осының барлығы бұл жобада қара- стырылған және іске асыруы жоспарланған.
Үшіншіден, жол бойындағы объектілер сервисінің бірыңғай халықаралық тұжырымдамасының және жұмысының ор- тақ стандарттарының, санитарлық-гигиеналық қажеттіліктерінің болуы, жол бойындағы көп функциялы сервисті ақпа- раттық қамтамасыз ету, күзетілетін тұрақтар, жоғары сапалы қызмет көрсету және көрсетілетін қызметтердің кең спектірі және т.б.
Осының барлығы туристер, жүргізушілер мен жолаушылар демалысының жоғары деңгейде ыңғайлы болуына әсер етеді.


Маркетинг жоспары
Жол бойындағы сервис кешеніне мыналар кіреді:

  • бір орындық, екі орындық және төрт орындық нөмірлермен қонақ үй/мейманхана;

  • ақпараттық орталығы бар туристік қызмет көрсететін бюро;

  • мейрамхана;

  • кафе;

  • дүкендер;

  • дәретханалар/душ кабиналары;

  • жеңіл және жүк автомобильдерге арналған автотұрақ;

  • шиномонтаж шеберханасы;

  • ТҚКС;

  • жергілікті ауылшарушылық өніміне арналған базар;

  • дәріхана.

  • логистикалық орталық

Мейманхананың жанында ақылы душ пен прачечная ұйымдастырылады, оны тек мейманханада тұратындар ғана емес, жай өтіп бара жатқан жүргізушілер мен жолаушылар да пайдалана алады.
Жол бойындағы бұл «А» санатындағы көп функциялы кешен халықаралық стандарттар бойынша әзірленген және «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің осы учаскедегі барлық көлік ағынын тәулік бойы және күн сайын қажетті қызметтермен қаматамсыз етеді:

  1. Жол жүрген кездегі қажеттіліктер: жол жүрген кезде ақауларды жоюға және демалуға арналған тұрақтар, жедел қызметерді шақыру, көлік құралдарына жанар-жағар май құю, тамақтану сияқты негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыра- тын қызметтер;

  2. Жол ақпараттық қызмет: рейсті жоспарлау кезінде қажет транзиттік дәліз бен жол жүру туралы негізгі ақпарат, ол техникалық қызмет көрсететін орталықтар картасын, жол карталарын, қашықтықты және баратын жерге дейін жолда болатын уақытты, сондай-ақ, туризмнің дамуына ықпал ететін мәдени мұра мен табиғи ресурстар туралы жергілікті ақпаратты қамтиды;




  1. Жеке қызмет көрсету: жолда автожолдар пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған орын, сондай-ақ, жергілікті тауарлардың сауда нарықтары мен жергілікті ауылшаруашылық өнімдер нарығы сияқты, сатып алуға қайта баруға ықпал етуге арналған орындар;

  2. Демалыс және туризм: жол жүруді жаңға жайлы қылатын және мейманхана, кафе, мейрамхана, саябақ, пикниктерге арналған аймақтар сияқты түтынушылардың қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыру шеңберінен шығатын қызмет- тер, сондай-ақ өңірлік туристік жерлерде келушілерге көрсетілетін қызметтер;

  3. Қоғамдық көлік: өңір ішінде тасымалды қамтамасыз ететін екінші дәрежелі жолдар жүйесімен байланысты жол жүру, аялдамалар мен терминалдар туралы тиісті ақпаратпен қатар транзиттік дәліз бойында қоғамдық көлікпен халықа- ралық тасымал;

  4. Жүк көлігіне арналған қызметтер: мыналарды:

а) жүк тасымалына қатысты, мысалы, жүк автомобильдері жүргізушілері жүмысының ең көп үзақтығы мен олардың ең көп жүктемесі туралы нормативтік-қүқықтық актілер мен заңдардың сақталуын;
б) салқындатылған, қауіпті және жылдам бүзылатын жүктерді бір көліктен екіншісіне ауыстыру сияқты коммерци- ялық қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін объектілер, ақпарат және қызметкерлер қүрамы.
Жамбыл облысы, Т.Рысқүлов ауданы арқылы өтетін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автомагистралімен жүретін жүк автомобильдерінің жүргізушілері, транзитті тасымалдаушылар, жеңіл автомобильдер мен маршрутты авто- бустардың жүргізушілері мен жолаушылары, туристік топтар, балалары бар отбасылар мақсатты топ болып табылады.
Бүкіл автомагистраль пайдалануға берілгеннен кейін бүл бағыттағы автомобиль трафигі көбейеді, демек, жол бойын- дағы орынның әлеуетті клиенттер саны да көбееді.
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автомагистралі пайдалануға енгізілгеннен кейін бүл трассадағы автомо- биль трафигінің үлғаюы тікелей трасса бойындағы сервистік қызметтердің әр түріне сүраныс туындауына әкеледі.
Коммуникацияларды ыңғайлырақ енгізу және жүмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында кешен елдімекендер жа- нында, бірақ, маршруттық автобустың жолаушыларын клиенттер ретінде тарту үшін қалалардан алыс жерге орналасты- рылады.
Жол бойындағы сервис орыны жанар-жағар май бекетімен бірге бір кешенде орналасады.
Жамбыл ауданында ҚР Кәсіподақтар Федерациясының қажетті азық-түлік базаларымен және қоймаларымен өз сана- ториі бар.
Бүл кешеннің тағы бір өзгешілігі - ол тәуліктік жүмыс кестесінің болуы.
Бүгінгі таңда кәсіпкер кешенді салуды және қызметтер көрсетуді көздеген инфрақүрылым (сумен жабдықтау) енгізуді жоспарлап отыр. Бүл кешеннің қүрылысына 720 000 000 млн.теңге сомада өзіне меншікті қаражат жүмсалады.
Инфрақүрыл^ім сомасы 76 399 000,51 теңге қүрайды.
Біз көрсететін қызметтерді жылжытудың (көпшілікке белгілі болудың) негізгі тәсілдерін санамалайық:

  1. Фотогалерея, байланыс ақпарат және көрсетілетін қызмет тізімі бар сайт-визитка жасау;

  2. Газеттерде, журналдарда, ТД мен өзге БАҚ-та жарнама;

  3. Ұйымдар мен офистерде буклеттерді тарату;

  4. Федералды трассада үлкен баннер орнату.

Кешеннің сипаттамасы
Жол бойындағы сервис кешеніне қонақ үй/мейманхана, ақпараттық орталығы бар туристік қызмет көрсететін бюро, мейрамхана, кафе, дүкендер, дәретханалар/душ кабиналары, жеңіл және жүк автомобильдерге арналған автотүрақ, шино- монтаж шеберханасы, ТҚКС, жергілікті ауылшарушылық өніміне арналған базар, дәріхана кіреді.
Мейманхананың жанында ақылы душ пен прачечная үйымдастырылады, оны тек мейманханада түратындар ғана емес, жай өтіп бара жатқан жүргізушілер мен жолаушылар да пайдалана алады.
Автокөлікті орналастыру үшін қоршауы мен бейне бақылауы бар, күзетілетін автотүрақ үйымдастырылады.
Кафе мен мейрамхана мейманхананың түрушыларына, жеке сияқты, сондай-ақ үзақ қашықтыққа шыққан маршрут- тық автобустардың жүргізушілері мен жолаушыларына, сондай-ақ жергілікті халыққа қызмет көрсетеді.
Дүкендер азық-түлікті, сусындарды, халық түтынатын тауарларды, автобөлшектерді сататын болады.
Шағын нарық жергілікті ауылшаруышылық өнімін сатады.
Бүдан басқа, жүк және жеңіл автомобильдердің шиналарын жөндеу қызметтерін көрсететін шиналарды қүрастыратын шеберхана үйымдастырылады.
Сонымен қатар, кешеннің аумағында толыққанды ТКҚС, дәріхана жүмыс істейді, «Жаңақорған санаториі» АҚ ҚРКФ субъектісімен бірлесіп туристік маршрут пен демалыс үйымдастырылады.
Өңірде бірқатар бірегей табиғи және туристік назар аударатын орындар бар.
ТҚКС авторластырылады. Жүмыс ресми дилердермен және шетелдік автоөндірушілермен нақты өзара әрекеттестікте жүргізіледі.
ТҚКС жүмысына: майлау-жанар-жағар май қүю; бақылау-диагностикалық; электр техникалық; шина қүрастыру және теңгеру; қүрастыру-бөлшектеу; қаңылтыр-дәнекерлеу; рульді басқаруды жөндеу; руль жүйесін жөндеу; қозғалтқыштарды жөндеу; аккумуляторларды жөндеу және зарядтау; бояу кіреді.
Жалпы стратегия
Экономикалық түрғыдан жоба түрақты 50 жаңа жүмыс орнын қүруға, көп функционалды жол бойындағы сервис ке- шені орналасатын Жамбыл облысы мен Т.Рысқүлов атындағы ауданның бюджетіне қосымша кіріс түсуіне, экономика- ның шектес салаларының (көлік, сауда, қүрылыс және т.б.) дамуына ықпал етеді.
Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан жүргізушілер мен жолаушылардың демалысын, тамақтануын және бір жерден екінші жерге үзақ жол жүру кезінде қажеттілік туындайтын басқа да сервистік қызметтер қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасауды атап көрсетуге болады.
8




р/р

Атауы

Айына сома, теңге

Бір жылғы жиынтығы, теңге

1

Жарнама

150 000

1 800 000

2

Коммуналдық қызметтер

593 000

7 116 000

3

Қызметкерлер құрамының ЕАҚ шығындары

2 146 000

25 752 000

4

Қызметкерлер құрамының ЕАҚ бойынша аударымдары

212 454

2 549 448

5

Байланыс, интернет

45 000

540 000

6

Табыс салығын төлеу

3 120 000

37 440 000

7

Өзге шығындар

50 000

600 000

Шығындар жиынтығы

6 316 454

75 797 448


ЖОБА БОЙЫНША ПАЙДА МЕН ЗАЛАЛ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІҢ БОЛЖАМЫ (жылдар бойынша)


Бап атауы

Жылдар

5 жылдың жиынтығы, теңге

1 жыл

2 жыл | 3 жыл

4 жыл | 5 жыл



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет