Торы ат
көсіліп
келеді. Бірақ шабысы сондай жайлы. Шуылдап жел еседі. Қабылдың көзі
жасаурап, торы аттың қос құлағынан басқа дүниені көрмей қалды.
Жер мен көктің арасында, қос
құлақтың соңынан ұшып келеді. Жалдан қос қолдап ұстап, қатып қалды.
Артынан тасыр
білінбеген соң, торы аттың желігі бірте
-
бірте басылып барып тоқтады. Қабыл өзіне
-
өзі келсе,
үйінен бірталай жер асып кетіпті. Екі қолы тас боп қарысып қимылдамайды.
Қалай жығылмай
қалғанына қатты таңданды, әрі қуанып кетті.
Ал бүгін не болар екен? Қабыл соны біле алмай қобалжып келеді. Қабыл агроном үйінің
тұсынан өте берді. Жалтақтап бір
-
екі рет қарады, ешкім көрінбеді. Әжептәуір жер ұзап қалған, арт
жағынан:
-
Әй, бала, сені ме,
қазір қайтарда болсын! —
деген дауыс келіп жетті.
Жалт қараса, кешегі
бала есігінің алдына шығып ап, жұдырығын түйіп, қоқиланып тұр. Жаныңда Құттөбеті. Бала да,
Құттөбет те басынып тұр. Қабыл күйініп кетті: «Осыдан қайтарда болсын,
аттың ауыздығын
салып алайын. Сонан соң
күшігің тұрмақ төбетіңді қос, қорқар ма екем! Тапқан екенсің қорқақты!
Жығылмақ түгіл, өліп кетсем де, жолыма тұрсаң, Құттөбетіңмен қоса қарып өтермін!» —
деп
тістене кіжінді.
Қабыл
Шу өзенінің жағасындағы ұзынша өрлеуіттен шоқыта шықты. Торы ат соған
-
ақ
желігіп,
қос құлағын дамылсыз қайшылап, көрінген шөптің басына қарап секемденеді. Жіті аяңдап, лепіріп,
жер
-
су баспай келеді. Қабылдың жүрегі қобалжи бастады. Торы аттың тағы да алып қашуы мүмкін.
Қабыл тек тізгінді мият тұтады. Жаңа,
суарған соң, ауыздығын
салып алған.
Жұдырығын түйіп
қалған баланы Қабыл анадайдан көрді. Көшені қиып өтетін арықтың көпірінің дәл ортасыңда
шөлтиіп тұр. Қолындағы ұзын
шабақпен қара жерді осып
-
осып қояды. Құттөбеті жанында,
екеуінің де күткені Қабыл.
Қабыл
әжептеуір жерден дауыстады.
-
Ей, бала, былай тұр, ат үркеді.
-
Атаңның басы саған! Жақыңдап көр осыдан. Су жүрек, қорқақ. Қорықсаң,
басқа көшемен
жүр.
Қабыл
ашуға булығып кетті. Астында жалаңдаған ат
Достарыңызбен бөлісу: