лап берейік, —
деп өздері бригадирден сұрап алған болатын.
Енді бітіре алмай әуре. Оның
үстіне кеше бригадир келіп, жап
-
жақсы
амандасып тұрып, бір сөзінде:
-
Әлі
бітірмегенсіндер ме? —
деп қалды.
Екі қартқа батқаны осы. Бір аянған күндері жоқ. Қайтпек?
Кей шұңқырлар
сол
бойымен
шірік
-
ескі сүрлем. Екеуі айырларына сүйеніп тұрып, кінәні сауыншыларға артады. Бірінші сөзді
Кәкеннің атасы Далдан қарт бастады.
-
Шіркіндер, қыстай не беріп шыққан сиырларына?
-
Апыр
-
ай, десеңші! Бәрі орнында жатыр. Мұны білмей Спан кінәні
бізге артып кетті
-
ау.
-
Енді қайтсін. Бізге
оңай тимегенін білгенімен,
сол ерің шұңқырлардың
ерте тазарып,
саңғырап кепкенін жақсы көреді ғой. Сондықтан айтқаны да.
-
Кәрі қойдың жасындай жасымыз қалғанда, тағы бір сөз естіп жүрмейік, қимылдайық.
Екі қарт әбден қас қарайғанша қимылдады. Үйлеріне екеуі де тұралап шаршап жеткен.
Достарыңызбен бөлісу: