Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет100/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
АТА
 
 
Жауынгерлік дабылмен белгілі ауданға келген сайын біздер —
телефонистер он шақырым 
жердегі тұрақты байланыс жүйесіне кабель тарқатып келіп жалғаймыз.
Бірде кабель тарқатып 
келгенімізде, тұрақты байланыс жүйесінің басталар жеріндегі бағананың түбіне бір киіз
 
 
 
-160- 


үй
тігіліп қалыпты. Түрікпендердің дәу
-
дәу ала иттері анадайдан абалап алдымнан шықты. Қарап 
тұратын уақыт па, тура тарта бердім. Жайшылықта жаяу
тұрмақ, атпен жолаудың өзі —
жүректілік, 
түрікпен иттері тайдай
-
тайдай үлкен болады. Қазір не, иығымда автомат, оның үстіне кабель 
шөлмегі сартылдап, жіп
-
жіңішке дала кабелін соңыма
шұбыртып тастап безіп келемін. Иттердің 
өздері тайқып кетті.
Үйден
жеті
-
сегіз жасар бір қара бала атқып шықты.

Солдат, солдат! —
деді есікке бұрылып. Іштен жауап дауыс қарлығыңқырап естілді:

Солдат болса не қыл дейсің? Бар, атты әкел!
Мен қазақ сөзіне елең еттім. Бала бағанаға қарай жүрді.
Мен бұрын жеткенмін, дереу аттың 
шылбырын шеше бастадым. Кәдімгі өзімнің атамша күрмеп байлапты.
Бала төмен қарап тұрып, қолын созды. Діріл бар. Ұстата салдым. Машинамыз кеп қалды. Енді 
бала ұмыт болды.
Байланыс орнаттық. Дала телефонын бағанадағы сымға
қосып үлгергеніміз сол еді, шылдыр 
етті.

Бақылау пункті. Аға лейтенант Черкашин. «Глобус». Орнаттық. «Астра» жауап берген жоқ. 
Міне —
«Астра».«Астра», «Глобусқа» жауап беріңіз.
Сонымен, «Глобус» пен «Астра» жалғанды. Біздің мақсатымыз орындалды. Аға лейтенант 
трубканы орнына қойды.

Ефрейтор Молдашев.

Мен.

Сен осында бақылауда қаласың.

Құп болады, аға лейтенант жолдас. 
Мен бақылау пунктінде қалдым.
* * *
Енді әлгіндегі бала есіме қайта түсіп, киіз үй жаққа қарадым. Қыбыр еткен
жан жоқ. Ала иттер 
үй айнала көлеңкеге жайғасыпты. Ентігіп, арсалақтап өкпесін соғады. Әсіресе, босағаға таяу 
жатқан қара бас маң төбеттің көрген тауқыметі ауыр болса керек, ес
-
түссіз, мең
-
зең, басын 
көтереді, тілі салақтап жерге жетер болады. Басын жерге сылқ еткізіп қайта тастап, сұлқ қалады. 
Арғы қапталдағы
қойлар да өкпе
соғып, бір
-
бірінің бауырына басын тығады. ЬІстық буып, бар 
дүние ентігеді.
 
-161- 


Терім қатып, салқындай бастап ем, енді ыстық қайта бууға айналды. Әсіресе, етігімнің 
басынан өтіп барады.
Бағананың көлеңкесіне малдас құрып отырдым. Телефон шылдыр еткен 
сайын тындаймын. Байланыс үзілген жоқ, сөйлесіп жатады.
Құрметті оқушым, осы жерде телефон шылдырлағанда менің неліктен тыңдайтындығыма сәл 
де болса танданып ой жүгіртулерің мүмкін. Мүның мәнісі —
менің телефоным кабель мен 
тұрақты
жүйенің жалғанған жеріне қосылған. Олар бір
-
бірін шақырғаңда, менің телефоным да 
шылдырлайды. Трубканы көтеріп тындаймын, екеуі сөйлесіп жатса —
болғаны. Біреуі сөйлеп, бірі 
үнсіз болса —
байланыс бұзылғаны. Бақылау пунктінің мақсаты —
менің мақсатым —
ақау
қай 
жағынан болды, соны анықтау.
Әне, қара бала тағы да есігінің алдына шықты. Басына ақ киіз қалпақ киіп алыпты. Ал 
шалбары далиған кең. Тек бойы қортық, әйтпесе киімі, тұлғасы ауыл шалынан айнымай қалған. 
Сонысының
өзімен де жақын тартады. Қол бұлғадым. Келді.

Кел, отыр. Атың кім?

Ата.

Түрікпенсің бе?

Жоқ, қазақ.
Дәл осы кезде шешесінің даусы шықты.

Ата, ей, Ата. 

Ау.

Қайда
жүр өзі?

Мұндамын. Солдат ағаның қасында.

Болмайсың ба еңді? Ұялып тұрсың ба айтуға? Ертіп келе ғой. Бол.
Атаның екі беті қызарып кетті. Қап
-
қара томпақ көздері жайнап барады.

Сізді шайға шақырып жатыр. Жүріңіз.

Мен бара алмаймын.

Неге? Жүріңіз.

Жоқ. Мынаны тастап кетуге болмайды.
Мен иегіммен телефонды нұсқадым. Ата қызыл қобдишаға таңырқай қарады.

Не
бар мұның ішіңде?
Мен трубканы Атаның құлағына тостым.

Біреулер сөйлеп жатыр.
-162- 


Мен микрофонды
жаба қойдым. Олай етпесем, Атаның сөзі байланыс тәртібін бұзады. Тіпті 
болмаған
күнде Ата үні командирлердің құлағына шалынып қалса, ашуын келтіруі сөзсіз.
Шешесінің даусы тағы шықты:

Ата, ертіп келсеңші енді.
Ата маған жалтақ
-
жалтақ қарайды. Жүрсе екен деп тұр.

Бара ғой, Ата. Келе алмайды деп айт.
Ата әзер кетіп барады. Адам деген қызық
-
ау, демнің арасында қимастық, туыстық орнай 
қалғаны ма, жоқ, жалғыздық елегізуі ме, Атаның үйіне қарай берем. Атаның тысқа шығуын 
қалап отырмын. Ата көпке дейін көрінбеді.
Әкесі
шықты да, керіліп сәл тұрды. Мен жаққа қарап қойды. Сөйтті де:

Ата, ешкілер шошаңдай
бастапты. Малды өргізейік. Киін, 

деп белдеуде тұрған атын шеше 
бастады.
Шынында, он шақты ешкі қойдан ұзап жайылып барады екен.
Батыстан болмашы керімсал самал елп
-
елп етіп өтті. Жусан басы қозғалақтап қалды.
Ата аяғына етік, үстіне костюм киіп, белін белбеумен тартып алыпты. Маған қарап жымияды. 
Ұзын ұштық таққан қамшысын шартылдатып, қойларды өргізе бастады.
* * * 
Аздан соң Атаның шешесі келді жаныма. Қолында —
дастарқаны, бір шайнек шайы бар.

Қарағым, амансың ба? Шөлдедің
-
ау, жаным. Шақырсақ, келмейсің. Өзім шай әкелдім
сусындап ал.

Неге бармайын? Мынаны тастап кетуге болмайды. Болмаса, шақырмай
-
ақ бармас па едім.

Бәсе, десеңші. Ал іше ғой.
Дастарқандағы бауырсақ пен қойдың әдемі құрты екен. Рақаттанып бір шыны шай ішіп бола 
бергенімде, телефоным шылдыр
-
шылдыр ете қалды. «Астра»:

Ало, алоу, «Глобус», «Глобус»! Неге екенін, жауап бермейді, —
деп жатыр екен.

Бақылау, бақылау, —
дейді «Глобус». Үні маған әзер естіледі. Талып жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет