Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет124/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
-192- 



Бізге ештеңенің керегі жоқ.

Бәрі сіздікі, хан ием, —
деп келген іздерімен кері жылжып, есіктен шыға салып, өз жөндеріне 
жөнепті.
Олар ұзап кетті
-
ау дегенде ханның бас уәзірі:

Хан ием, осымыз ағаттық іс болған жоқ па өзі? —
депті.

Қалайша


депті хан.

Тақсыр! Әлгі бейшаралардың екеуі де бойларында жарты мысқал арамдық жоқ момын 
адамдар екен. Сізге осыншама бар пейілдерімен әкеліп, әділ төрелігіңізді естігелі келгеңде, 
алтынды қазынаға алу қиянат. Естіген ел не демек? —
депті бас уәзір.
Хан біраз үнсіз бедірейіп отырып қалыпты. Хан бұрын да өстіп ойланбай іс қылып, елдің 
ренішін туғызып жүреді екен. Уәзір сол жанды жеріне тие сөйлеп отыр. Мына жайды естіп, ел 
наразы болса қайтпек?
Хан халық қаһарының не екенін білетін жырынды қу еді.
-
Тез, алдыр
онда екеуін, —
деп әмір етеді. 
Жаландаған жасауылдар жан қойған ба, әне
-
міне дегенше екеуін дедектетіп хан алдына алып 
келеді. Екеуінде де өң
-
түс жоқ, бастары
салбырап кеткен.

Әй, құдайдың шын сүйген құлдары, көтеріңдер бастарынды. Сендер адам естімеген адалдық 
көрсеттіңдер. Соларыңа орай мен де хан атаулы жасамаған ұйғарым айтамын. Екеуіңнің біріңде ұл, 
біріңде қыз болса, құда болыңдар. Мына алтынды солардың
еншісіне бердім, —
дейді хан.
Кедейде бой жеткен қыз,
ал оның ауылдасында ер жеткен ұл бар екен. Екеуі ханның мына 
күтпеген шешіміне қайран қалып, үйлеріне қайтады.
Келе хан жарлығын кедей қызына, ауылдасы ұлына айтады. Қыз бен жігіт қосылуды құп 
алады


Алтынды біз де алмаймыз. Хан ием бізге енші бергісі келсе, өз қазынасынан берсін. Жерден 
табылған алтын —
оңай олжа. Ол бізге опа
болмас, —
дейді сонда кедейдің қызы
.
Кедей мен ауылдасы ат басындай алтынды көтеріп, ханға қайта келіпті. Ханға қыздың 
айтқанын сол қалпында жеткізіпті.
Хан санын бір соғыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет