-
27-
Енді Әбіл, Марат, Шолпан үшеуінің құшағы айқасты. Жібек апай жүзінен шексіз қуаныш, мол
мейірім төгіліп:
-
Әй, тентектер
-
ай, —
деп күбірледі.
Аналар естіді ме, жоқ па?.. Әй, бірақ еститіндей емес, мәз
-
мейрам еді.
Р
А Х И М А
Былтыр күздің соңғы
айы болатын. Апам көрші ұжымшардағы Іздән әпкемнің үйіне барып
еді, Рахиманы алып келіпті.
Рахима әпкемнен гөрі Тұрсынбай жездеме көбірек ұқсайды екен. Ұшы шолақтау кішкентай
мұрын, дөп
-
дөңгелек қара көздері, ашулы кейіп аңғартатын түксиген қабағы —
бәр
-
бәрі
жездемнен аумайды.
Рахима бізді жатырқап,
жәудірейді де отырады. Өзі апама әбден үйір болып алыпты. Сәл
қит етсе болды, апамның
бауырына тығылады.
Кешке жұмыстан келген әкем Рахиманы көрген бойда арсалаңдап қатты қуанды.
-
Балалар аман ба екен? Мынау Рахима ма? Келе қойшы, қане, —
деп қолын созып еді,
Рахима апама қарай қашты.
-
Бекен, бері берші, көтеріп әкел, —
деп әкем мені
жұмсады.
-
Менің қолым денесіне тиісімен
-
ақ. Рахима бақырып жылап қоя берді. Денесі
бір түрлі
ыстық екен. Құшағыма қыстым.
-
Әкем
Рахиманы қолына алған бойда жоғарылатып көтерді, сонан соң алқымынан иіскеді.
-
Тура шешесінің
иісі. Сонша бақырғаны.
Айналайын, айналайын!
Әкем
айналып
-
толғанып отыр. Рахима шыңғыруын қояр емес. «Бұл да бір жылауық
жаман
бала екен ғой» дедім іштей.
Рахима қоятын болмаған соң, әкем:
-28-
-
Қап, атасын танымады ғой бұл ақымақ, —
деп қоя итере салды.
Рахима тәмпендеп, аяғын
тәлтіректей басып, шешеме жете бере, қолына құлай кетті.
-
Жә, атасын кісі
жатырқай ма екен? Атаң ғой ол, атаң. Қой, жылама енді.
Апам Рахиманың тарам
-
тарам боп аққан көз жасын сүртіп жатыр. Рахима өксіп
-
өксіп қояды.
Әкем
реніш білдірді:
-
Әй, кемпір
-
ай, бекер әкелгенсің ғой, баланың өмірін өксітіп. Әке
-
шешесінің бауырынан
ыстық не бар оған қазір?
-
Іздән қатты жүдеп кетіпті. Кішкентайын алдына алып емізейін десе, мынау төніп түсетін
көрінеді. Сосын қызымды аядым да, алып кеттім. Қайтер дейсің, үйреніп кетер.
Рахима біздің үйге осылай келді.
* * *
Рахима бізбен тез арада бауыр басып үйренісе алмады. Оған кінәлі өзі. Апам орнынан қозғалса,
бірге қозғалады. Сөйтіп, күн ұзаққа апамның аяғына оралып, бір елі қалмайды.
Бізді елемейді де, жоламайды да.
Бір күні ертеңгілік Рахима апам далада жүргеңде оянды.
Үйқысын аша алмай, маужырап біраз отырды. Неге екенін білмеймін, көзі кіртиіп, жағы сопайып,
бетіне екі
-
үш сызық ұялапты. Өскіңдеу шашы ұйпа
-
тұйпа.
Мен дөңгелек үстелге жайғасып, сабаққа дайыңдалып отырғанмын. Алтын мен Бауыржан маза
бермеген соң екеуіне қызық
-
қызық суреті көп кітапша беріп алдаусыратқанмын. Екеуі оның
қызығына жаңа ғана түскен.
Манаурап отырған Рахиманы алдымен Бауыржан көрді. Ол:
-
Иахима, м
-
мә, қаяшы, —
деп кітабын ала жүгірді. Бауыржан жақыңдай беріп еді, Рахима:
-
ЬІҺы, ыһы, —
деп қыңырланып, иығын бұлғаң еткізіп, теріс айналып кетті. Бауыржан не
қыларын
білмей, состиып тұрып қалды.
-
Рахима Бауыржанға қайта қарай берді де жылап жіберді. Орнынан тұра салып,
есікті көздеді.
құлдыраңдап барады.
Әлгінде
Бауыржан еденге су төгіп қойған. Сол қазір
-29-
ұзыннан
-
ұзақ созылып, жіп
-
жіңішке арықша болып жатыр еді. Рахима содан өте берем деп,
тайып кетіп, шалқасынан түсті. Оңбай жығылды. Құлындағы даусы шығып, шыңғырып жіберді.
Дәл осы сәтте мен оны кереметтей аяп кеттім.
-
Сен ғой мына жерді көлкіткен! —
деп Бауыржанға қаһар
төктім. Шапалақпен бір
-
екі
тартып жібердім.
Рахима есікке бір, еденге бір қарап қойып жылайды. Суға беттемей қалыпты.
Қорқып тұр.
Осыдан кейін Рахима еденге жуымайтын болды. Апам далаға шығып кетсе, киіздің
шетіне барады да жылап тұрады. Әрі қарай баспайды. Мұнысы бізге ойын болды. Рахима киіз
шетіне қарай жүрсе болғаны, Алтын, Бауыржан үшеуіміз бірдей суға қарай жүгіреміз.
Қолымызға табақ түссе, табақпен, кесе түссе, кесемен су ала салып:
-
Ойбай, су
-
су!
-
Иахима, су!
-
Ой, ой, таясың,
жығыласың, —
десіп есін шығарамыз. Өстеміз деп жүргенде, мынадай бір
қызық болды.
Ойнап отырып байқамаппыз, Рахима киіз шетіне барып қалыпты. Үшеуіміз де су іздеп
тыпырлап қалдық. Қапелімде ыдыс табыла қоймады да, мен пештің алдында тұрған шайнектегі
суды
ала жүгірдім. Шүмегінен сыздықтатып арықша жасай бастадым. Сол сол
-
ақ екен, Алтын да,
Бауыржан да шайнектің тұтқасына жабыса кетті. Үшеуіміз бір
-
бірімізге бермей тартқыласып
жүргенде, шайнек жерге түсіп кетіп, суын ақтарып алдық. Үйдің іші көлкіді де кетті.
Не істерімді білмей, сасып қалып, сәл тұрдым. Сосын дереу еден жуатын шүберекпен суды
сүртіп, легенге сыға бастадым. Апам, не әжем көріп қоймасын деп, шекемнен шып
-
шып тер
сорғалап, жан ұшырып
жүрмін. Бірақ адамның ойлағаны бола бермейді ғой. Әжем кіріп келді.
Қаздиып қаттым да қалдым.
-
Бекен
-
ау, кім жу деді саған мұны. Өзіміз
-
ақ жуатын ек қой. Сонша қара терге түсіпсің.
-
Өзім
.
Алтынға қарадым, жымың
-
жымың етеді. Көзімді қысып қалдым. Ол түсіне қойды, басын
шұлғыды. Сөйткенше
Бауыржан:
-
Әже, бұлай, —
дей берді.
-30-
Көзді ашып
-
жұмғанша Бауыржанға қабағымды түйіп
,
одырая қарадым. Ол менен қорқып, әрі
қарай не айтарын білмей:
-
С, с, —
деп тұтығып қалды.
Бір жақсы жері, әжем бұған
көп назар аударған жоқ. Қайта:
-
Еңбектеніп қалған екенсің, ал енді жуа ғой, —
деп
маған қошемет білдірді.
Мен шаршап
-
шалдыққаныма қарамай, еденді мұнтаздай етіп жуып шықтым. Бұл менің
тұңғыш
рет еден жууым еді. Мәз болып, қуанып қалдым.
Мұныма үй ішіндегілердің бәрі қуаңды. Әжем апама айтты, ал апам кешке жүмыстан келіп,
шай ішіп отырған әкеме:
-
Әкесі, той жаса. Балаң бүгін еденді жуып, қызық қылды. Қыздардан кем жумайды екен, —
деді.
-
Жалқау ғой. Әйтпесе мүның қолынан келеді, —
деп әкем разылығын білдірді.
Әжем: «Балалы үйдің үрлығы жатпайды», —
деп отырады. Сол рас. Әсіресе Бауыржан
тұрған жерде құпия
болады деу мүлде әшейін
.
Елдің мені мақтағанын көре алмады ма, жоқ,
байқамай айтып қалды ма, білмеймін, әйтеуір Бауыржан:
-
Бұл еденге су төгіп алған, —
деп қойып қалды.
Алтын да зорға шыдап тұр екен, тақылдап ала жөнелді.
-
Рахиманың алдына су төгеміз деп, Бекен шайнектегі суды ақтарып алды. Сонан соң қорқып
жуды.
-
Рахиманың алдына су төккені несі?!
-
Бекен, ол не пәле?
-
Әшейін
.
-
Сен есің кіріп, адам болып қалдың ғой. Бүгін еден жууға әлің келсе, ертең кетпен
-
күрек
ұстауға жарайсың. Жігіт болды деген сол. Балалардың мазасын алма.
-
Жарайды. Су төгіп қойғанымыз рас еді.
Бәрібір мен еденді өзім жуып тұрамын. Сөйтемін,
апа.
Шынында, осыдан кейін мен еден жуғыш болып шыға келдім. Мүныма тіптен үй ішінің бәрі
үйреніп алды. Еден титтей кірледі болды:
-
Ал, еден жуғыш, —
деп, маған белгі береді. Мен бұл сөзді екі етпей, сауыт
-
сайманымды —
легенді, шүберекті әзірлей бастаймын.
Жұрт та разы, мен де разы.
Достарыңызбен бөлісу: |