ғой» дегендей,
самарқау
көз қиығын салды да, қайта оттап кетті.
Арал екі аяғын кер төбел құлынның екі қолтығына тыгып жіберіп, тізгінді шірене тартты.
Кер төбел құлын кәдімгі бір қолау болғаңдай шойнаңдап тұра қалды.
Аралға құлынның
мұнысы
ұнады. Тізгінді қырын
бұрып, «шу
-
шулеп» еді, орнынан қозғалмады.
Басын жіберсе болды,
енесіне қарай жүреді.
Мұнысы Аралға еш кедергі болған жоқ. Кер төбел құлынға мініп, қара кер биені айдап үйіне
келді.
Атасы
Аралды көрген бойда сенерін де, сенбесін де білмеді.
-
Бұл не, батыр
-
ау?
-
Үйреттім
құлынды. Ақыры оқуға алмайды, не істемекпін? Осы құлынға мініп жүремін.
-
Жақсы болыпты. Мініп жүр.
Осындай
баланы жассынып, оқуға алмай жүрген мұғалімдер де қызық
-
ау.
Жайық мұның
бірін де істей алмайды.
Мұқа
атай немересіне разы болып, қарап қалды.
* * *
Енді біраз күнде кер төбел жабағы әбден бас біліп кетті. Арал оған мініп алып,
қара кер
биені жетектеп, суарып келіп жүрді. Жайық та мінетін болды.
-
Жайық, мен бүгін
мектепке құлынға мініп барамын, —
деген бағана ертеңгілік Арал
Жайыққа.
-
Кел
-
кел. Нағыз
қызық болады, —
деген Жайық.
Міне, енді Арал кер төбел
құлынмен мектеп ауласына
ене берді. Дәл сол сәт қоңырау
шылдырап, балалар далаға
жүгіріп шықты. Бәрі құлын мінген балаға таңдана қарасты. Бір топ
баланы ерткен Жайық Аралға беттеді. Бәрі келіп, Аралды қоршап алды.
-
Қалай
үйреттің?
Әй, өзің күшті екенсің!
-
деп танданысып жатыр бәрі.
-
Әй, соны қойшы, анада окуға жасы жетпей қалған бала ғой бұл. Құлын үйреткен де сөз
болып па? —
деді анадай
жерде тұрған бір шикіл сары бала.
Арал шамданып кетті. Құлыннан қарғып түсіп,
әлгі балаға
тап берді. Жаңа ғана дүрдиіп
тұрған шикіл сары
Достарыңызбен бөлісу: