Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет67/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
СӨНБЕЙТІН ҚОЗ
 
 

Бұл жай көкейімнен еш уақыт кетіп көрген емес, көңілдің көмбесінде жатқан сөнбейтін 
қоз
.

Соно
-
о
-
оу, бала кезде болған еді бұл әңгіме.
Мен екінші сыныпты бітіргелі жүрген кезде тау елін ойға —
Шу бойына көшірді. 
Естуімізше, ұжымшарымыз қант қызылшасын өсіретін болыпты.
Ауыл
-
ауыл, абыр
-
сабыр болып жататын Кербұлақ
ел кеткен соң жым
-
жырт құла түзге 
айналды.
Кербұлақтың басындағы Барлыбай аулының жұртында әкем су диірмен ұстайтын біздің үй, 
қатты қайырым
 
 
 
 
-
118- 


жұмыска жарамайтын Ахметжан атай мен Құтым апайдың
үйлері көшпей қалған.
Үйі
ауылдың жоғарғы шетіндегі Ахметжан атай оқшау отырғысы келмеді білем, біздің үйге 
іргелес Еркештің бос тұрған тамына кіріп алды.
Ахметжан атай —
сыпа, кірпияз кісі. Кесек келбетінен нұр төгіліп тұрады. Қоңқақ мұрны, 
оның астындағы қалың бурыл мұрты атайдың
әжім онша көп сызаттандыра қоймаған қызғылт 
жүзіне жарастықты болып көрінетін. Атайдың әр сөзі мен қимылынан бекзаттық білініп тұрады.
Атай түске дейін көзге көп түспейді, үйінде кемпірінің қасыңда болады. Сөйтеді
де өне бойы 
бір уақытта, көлеңке қисайғанда есік алдына шығады. Сол сәттен бастап атайдың үйреншікті 
тірлігі басталады. Ал атайдың ол тірлігі —
өзінің және біздің үйдің алдындағы бірігіп кеткен 
айтақырды тазалау.
Атай Әмина апай ақ қағаздай етіп әдемілеп жуған жейдесі мен дамбалын, айыр қалпағын киіп, 
аласа орындығына қаздиып отырып алып, жалғыз шыбықпен айтақырдың
бетіңдегі шөп
-
шаламды 
түртіп түре қууға кіріседі. Содан, орындықты ыңғайына қарай жылжытқаны болмаса, осы 
отырысынан танбай, ымырт жабыларда алаңқайды қылпық қалдырмай тазалап шығады. Күнде осы. 
Атайдың қолына жалғыз қу шыбықтан басқа ештеңе алмай, тұқшиып
отырып
-
ақ алаңқайды 
мұнтаздай ететініне бәріміз танданамыз, бірақ ол кісі ештеңені елең кылмайды. Аңда
-
санда сонау 
басаттан бері қарай құлап түскен көлеңкенің бергі шеті қай жерге жеткеніне бір қарап қойып
шыбығын қайта шошаңдатуға кіріседі. Шыбық шоршытқан шөп
-
шаламды аласа қалың шөпті 
кешіп келе жатқаныңда аяғыңның астынан жанұшыра шоршып ұшқан шегіртке дерсің. Атай 
қалың шегірткені үркітіп отырған тәрізді мына әрекетінен бір қызық табатын шығар. Мүмкін... 
Қанша
бас
қатырсаң да жауабы табылмайтын әрекет еді мұнысы.
Бір күні кораның үстіне шығып алып, етбетімнен түсіп, атайдың бар әрекетін қалт жібермей 
бақтым да жаттым. Әлі көлеңке түсе қоймаған, атайды күн аямай
-
ақ қақтады. Атай маңдайынан 
шып
-
шып шыққан, қалпағының
астынан шүмектеп аққан
ащы терді жаялықтай орамалымен 
оқтын
-
оқтын сүртіп қойып, жұмысын тоқтатпады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет