Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет76/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
-127- 


бойымен жүгірген қалпы тамып кетіп, жерге жарыса үзіліп түседі.

Айттым ғой, мұздың әкесі осыңда деп. Мен ұрып түсіре берейін, сен жерге жеткізбей 
қақшып
алып жинай бер, 

деді Әділ.

Мақұл.
Әділ
жерде жатқан мұз сынықтарымен салбырап тұрған сүңгіні ұрып түсірумен болды. Ал 
Жұмаш қағып алып, қардың
үстіне жинап жатыр. Екеуі де ұрттарын бұртитып мұз сора бастады, 
Бірер сынық сорғанға ауыздары тастай боп, тістерінің түбі сыздап, енді қайтып мұзға беттегілері 
келмей қалды. Әділ атқылаудан жалығар емес, Жұмаш зерігіп кетті:

Мұның бәрін қайтеміз жинап? Тастайық, құрысын.

Кел онда, екеуіміз екі жақтап, сүңгінің бәрін түк қоймай қиратып кетейік.
Енді екі жақтап атқылады. Сатырлап сынған мұзға
мәз болып екеуі бар дүниені ұмытқан. Арба 
сықырлап келіп қапты.

Шүу, жануар шүу! —
деген Тайжанның жуан даусы тым жақыннан шықты.

Әділ, Тайжан кеп қалды.

Қорықпай
-
ақ қой, көрмейді. Арғы жаққа шөп түсіріп жатқаңда зытып кетеміз.

Көрмесе, көрмесін. Жүр енді кетейік.

Тұра тұршы, әне бір дәу сүңгіні ұшырып түсірейін.

Анау шеткі ұзынды айтасың ба? Оған құлашың жетпейді, алыс қой. Әуре болма.

Қазір
мына тасты қырындатып сүйкете жібергенде көресің, ол тұрмақ, сол арадағының бәрін 
қиратам.
Әділ
тасын бар пәрменімен жіберіп кеп қалды. Су
-
су қолынан
сусып кетіп, тас жер бауырлай 
ұшқан қалпымен дәл алдындағы терезеге барып тиді. Саңғыр етіп, терезенің бір көзі ойылды да 
қалды. Тас қирата
-
мирата
ішке сүңгіп кетті.
Бұл кезде арба сарайдың алдына келіп тоқтаған. Әділде үрей қалмады. Тасамен үйіне дейін 
безді.
Жұмаш та үйіне қатты алқынып келді. Әйтеуір бір тәуір жері екеуі көзге түспеді.
Тайжан балаларды бұзау сарайға көп жолатпаушы еді. Маңайына жолап кеткен бала пәлеге 
қалатын. «Есікті ашып кетесің. Бұзаулардың бір жеріне зақым келті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет