Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет72/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
 
-123- 


тұрып, жаяудан қорықпақ па? Тебініп қалып, торы аттың басын қоя берді. Осыны күтіп келе 
жатқаңдай
-
ақ, торы ат атырыла жөнелді. Көзді ашып
-
жұмғанша көпірдің үстінен
зу етіп өте шықты. 
Жаңа ғана айбарланып тұрған батырың шошып қалып, қайда қашарын білмей, киім
-
миімімен 
арықтағы шалшық суға қойып кетті. Сары күшік —
Құттөбет қыңсылап үйіне тығылды.
-
Ауыздығын салып алыпсың ғой, шапқансың
-
ау,
шамасы?
Қабылдың
әкесі Әбу —
ұжымшар бригадирі. Қысы
-
жазы торы аттан басқа
жылқының үзеңгісіне 
аяқ салмайды. Торы аттың үстіне де өзінен басқа шыбын жорғалатпайды. Шаппақ түгіл,
желсең, 
жаны шығып кете жаздайды. Әкесінің бұл сырын ете жақсы білетін Қабыл.

Жоқ, шапқам жоқ, 

деп ат
-
тонын ала қашты.

Енді неге салып алдың ауыздығын?

Ана бала үркітсе, алып қашпасын деп.

Үркітті
ме? Қайтті?

Үркітті. Бірақ атты кісі жаяудан қорқа ма?

Онда сен қазір осы бойыңмен сол баланың үйіне барып келе қойшы. Бүгін егінді аралап 
қайтамыз ба деп ек. Соған Есбол бара ма екен? Біліп қайт.
Қабыл
келсе, Есбол ағайдың ауласы абыр
-
сабыр екен. Үсті
-
басы малмандай, суға салған қоразға 
ұқсап
сүмірейіп жаңағы «батыр» жылап тұр. Шешесі:

Кімнің баласы ол өзі, тыюсыз өскен? Ат басып кетсе қайтеді, а? Ойпырмай, ойпырмай, құдай 
сақтаған екен қайта


деп күйіп
-
пісіп бұрқырап жатыр.

Әне

өзі де келді. Міне, мына оңбаған. Осы, осы... —
деп екіленді бейтаныс бала.

Қой, оның ондайы жоқ еді ғой. Бірдеңеге келдің бе, Қабыл


деді Есбол ағай.

Көкем жіберді сізге. Бүгін егінді аралаймын депсіз. Бара ма екен? —
деді.

Көкесі кім еді мұның? Оған айтып қоймаса, мынауың бір күні атқа қақтырып елтірер баланы, —
деп бейтаныс баланың шешесі Қабылға суық көзін қадады.
Қабыл
қызарып кетті.

Апай, балаңыздың өзі кеше де, бүгін де ит қосып
айтақтап, атымды үркітеді. Бүгін көпірдің
үстіне шығып апты. Өзін ат басып кете жаздады.
-124- 


-
Бәсе, Әмірқұлдың
өзінен де бар шығар. Қой, екеуің
жауласуды тастаңдар. Сен жөн
-
жосықсыз жұрттың атын үркіткенше, қазір киім ауыстырып ки де, Қабылмен бірге барып, ат 
қорадан маған ат алып кел.
Әмірқұл
киініп шықты. Есбол ағай Әмірқұлды көтеріп, Қабылдың
артына мінгестірді. Екеуі алғаш бір
-
бірінен қашқақтап
отырып еді, ат аяңының ырғағы екшеп, 
тым жақындастырып
жіберді. Біраздан кейін Әмірқұл жаңағының бәрін ұмытып, Қабылдың 
белінен қапсыра құшақтап алды.Қайтарда екеуі екі аттың үстінде үнсіз келе жатты. Әмірқұл 
Қабылға жалтақ
-
жалтақ қарап қояды. Бірдеңе дегісі келеді, бірақ не демек. Бағана өзін атпен 
қақтыра жаздап, арыққа жығып кеткен жоқ па? Енді несіне бірінші болып сөз қатпақ... «Өзім 
емес пе, егер мен оған ит қосып, атын үркітпеген болсам ше...» Осы ойлар сапырылысып, 
Әмірқұлды жегідей жеп келеді. Ол бір кезде Қабылға тізе түйістіре жақын келді де:

Кел, дос боласың ба? —
деді.

Болсақ, болайық.

Жарысайық ендеше.

Кел,

деді Қабыл да тізгінін жиып ұстап.
Екеуі де бір мезетте тебініп қап, аттарының басын қоя берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет