Барлық әскери қызметтегілер, дәрігерлер және де қауіп қатерлі жерлерде жұмыс істейтін адамдардың құжаттарында , сырт киімдерінің кеуде жағында да қан топтары мен резус –факторлары жазылып тұрады.
Резус – фактор
Резус –фактор адамдар мен макака-резус маймылының (аталуы осыған байланысты) эритроциттерінің құрамында болатын антиген. Резус-факторды 1940 ж. австриялық иммунологК.Ландштейнер (1868 — 1943) мен америкалық ғалым А.Винер (1907 — 78) ашты.
Егер Rһ- кісіге RҺ+ адамның қанын құйса, ол реципиентте сол факторға қарсы антидене пайда болады. Ал екінші рет сондай қан құйылса, бұрын пайда болған арнайы аглютиногендер эритроциттерді бір-біріне жабыстырып, кызметін тоқтатады да, адамның өміріне қауіп төнеді
Rh- жүкті әйелдердің ұрығына Rh+ әкесінің факторы тұқым қуалап ауысқанда жүкті әйелдің қанында ұрықтың факторына қарсы антидене пайда болып, түсік түседі.