Әлменнің
жүрегі дір ете түсті. «Болат болмасын? Ой, пәлесін
-
ай. Қап, әнеукүні
соның тілін
алсамшы. Өзі келер қазір».
Әлмен
волейбол алаңындағы орындықта отыр. Қақпа жаққа жалтақ
-
жалтақ қарайды.
Болат
жуық арада келе қоймады. Әбден шаршады. Бірнеше рет кеткісі келді. Кетейін
-
ақ дейді, сол
сол
-
ақ екен: «Мынаны таңған Болат болды ма екен? Соны білмей кетпеймін» деген бір
ой сап
ете түсті.
Әй,
бір уақытта Болат та көрінді
-
ау. Қақпадан велосипедін жетектеп кірді де,
міне салып,
шыбықтарға қарай ағыза жөнелді.
-
Болат.
-
Ау.
Болат кілт тоқтады.
-
Мен сындырған шыбықты таңған сен бе?
-
Жоқ.
-
Енді кім?
-
Апай. Анау —
апайдың орамалы.
-
Не, ол кісіге сен айттың ба?
-
Иә.
-
Қап. Бірақ бәрібір сен дұрыс жасапсың.
-
Енді өзің ғой. Ол ағашты енді жақсылап күтсең болғаны
.
-
Әрине, жақсылап күтем. Кел, екеуіміз табысайық.
-
Сенімен ұрысқан кім? Өзің ғой.
-
Мен қойдым.
-
Кел онда, велосипедке отыр. Мен де шыбығыма су құяйын.
Әлмен
Болаттың алдына отырды. Екеуі шыбықтарға беттеді.
Достарыңызбен бөлісу: