-
Қайдан, ол болмайды.
Оқуды бітірген соң, мүмкін, осында сұранармын.
-
Сұраныңыз. Жібереді. Мен күтіп жүрем сізді.
-
Ал мен каникулға шыққан соң сізді іздеп барам Алматыға.
-
Қалайша? Қайтіп табасың?
-
Қалайша? Сол да сөз бе? «Алматыға, Әбіл ағаға апар» деп
жатып кеп жылаймын. Әрине,
ешкімнің апарғысы кслмейді. Жұбанбай жылаймын.
-
Білдік, білдік. Көз жасыңа сеніп жаман үйренген екенсің сен әбден.
-
Не, сонда да апармайсыңдар ма? Онда ойбайлап, жер тепкілеп жылаймын, өкіре берем, өкіре
берем. Міне, былай жылаймын.
-
Ә
-
ә, мені Алматыға Әбіл ағаға апар! Ә
-
ә.
-
Мынау шынымен, жылап отыр ма? Жоқ ырымды бастағаны несі? Апарам, апарам.
Әбіл
де сасып қалды.
-
Қой, Марат, жылама,
айналайын, өзім
-
ақ келіп тұрамын. Ал
қазір келіңдерші
бері,
беттеріңнен сүйейін, қос тентек!
Әбіл
Шолпан мен Маратқа құшағын жайды. Шолпан жүгіріп
барып, Әбілдің құшағына кіріп кетті. Марат бұртаң ете қалды.
Сіз неге бізді тентек дейсіз?
-
Жақсы көргендіктен.
-
Бекер.
Атам айтқан, басы айнала беретін қойды тентек дейді.
Әбілден
бұрын Жібек апайдың ашулы даусы шықты:
-
Тәйт, әрі!
Сотанақ баланы жақсы көргенде, өстіп «тентегім» деп еркелетеді адам.
Марат иланарын да,
иланбасын да білмей, мәре
-
сәре болып тұр.
-
Рас, сөйтеді. Марат, менің сендерді жақсы көретіндігіме сенбегенің бе сонда?
-
Сенемін. Аға,
сіз кешіріңіз, мен шынында да тентекпін.
Әбілдің
ет жүрегі елжіреп кетті.
Марат қызбалықпен өзінің артық кетіп қалатын жерлерін білетін бала екен
-
ау!
-
Айналайын Марат, келе қойшы бері!
Достарыңызбен бөлісу: