БОЗТОРҒАЙ МЕН ЖЫЛАН
Бір түп боздың түбіндегі
бозторғайдың ұясында төрт балапан өсіп келе жатты. Екі
бозторғай ертелі
-
кеш балапандарына жем тасумен жүрген.
Күн сәскеге таянған шақта ана бозторғай жем алып ұшып, ұясына жақындай бере, жан
түршігерлік оқиғаның үстінен түсті. Ұзындығы жарты құлаш, қара
шұбар жылан тілін
сумаңдатып, ұясына жақындап қалыпты. Балапандары аузын ашып, шыр
-
шыр етеді.
Бозторғай ұя мен жыланның ортасына келіп отыра кетті.
-
Мына сорлы қайтеді, ей? Жан керек болса, былай тұр
жолымнан, —
деді жылан басын
көтеріп.
-
Сен менің балапандарымды жемексің, мен саған жол бермек екенмін ғой. Жоқ, ол болмас.
-
Онда өзіңді жеймін!
-
Жей алмайсың!
-
Не дейсің? Торғай жыланға қыр көрсетті дегеңді кім естіген
!
-
Кім естісе, ол естісін. Мен балаларымды тастап қаша алмаймын. Одан да өлім маған
келсін!
-
Онда кел бері, кір аузыма!
-
Аш аузыңды!
Жылан аузын ашып, көзін жұмды.
Бозторғайға керегі де сол еді, жыланды шап беріп, екі аяғымен басынан мықтап бүріп,
жерден іліп әкетті. Жылан торғайды орап алмақ болып жиырылып әлектеніп көріп еді, ештеңе
шықпады.
Торғай дамыл таппай пырылдап, жыланды арқан бойы көтеріп апарып, жерге тастап келіп
жіберді. Жылан құлдилап келген бойы жайпақ
тастың үстіне түсіп, парша
-
паршасы
шықты.
-205-