Сабақтың тақырыбы:Шағын кәсіпкерлік Оқу мақсаты:
8.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу; Конспект:
Графиктік мәтінді айтпас бұрын графа сөзіне тоқталайық. Графа дегеніміз- белгілі бір деректерді сызбаға түсіру. Яғни графиктік мәтінге- сызба, кесте, диаграмма, ассосация сияқты түрлі кестелік тәсілдер арқылы берілген мәтінді айтамыз. Мысалы, мектебіміздің жыл сайынғы оқушылар санын анықтайтын болсақ диаграммаға салып тек сурет түрінде көрсетіп графиктік мәтін шығаруымызға болады.
Тапсырма:
4-тапсырмадағы мәтінде берілген ақпаратты пайдаланып, графиктік мәтін жасаңыз.
Графиктік мәтінде көрсетілген ауа райы болжамын сипаттап,мәтін құрастырыңыз.