Бөлім: Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация.
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Машықкердің аты-жөні: Жумаканова Еркежан
|
Сынып: 8
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақ тақырыбы
|
Мәдени туризм
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
|
8.2.1.1 тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпаратты салыстыру;
8.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерден маңызды тұстарын анықтап жазу
|
Сабақтың мақсаттары:
|
Барлық оқушылар: Мәтіннен қажетті ақпаратты таба біледі;
Оқушылардың көпшілігі: Мәтінде көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдай алады;
Кейбір оқушылар: Мәтін құрылымын сақтай отырып, деректерден маңызды тұстарын анықтап жаза алады
|
Бағалау критерийлері:
|
Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдайды. мәтін құрылымын сақтап, деректерден маңызды тұстарын анықтап жазады
|
Тілдік құзіреттілік
|
Пәнге қатысты сөздік қорлар мен терминдер: мәдени туризм
|
Сабақта қамтылатын құндылықтар
|
«Мәңгілік ел» идеясы негізінде оқушылар бойында адамгершілік, бауырмалдық сынды адами қасиеттерге қалыптастыру.
|
Сабақта қолданатын әдіс -тәсілдер
|
«сандар генераторы»әдісі, «СМС»әдісі
|
Пәнаралық байланыс
|
География, өзін-өзі тану
|
Алдыңғы білім
|
Экологиялық туризм
|
Жоспары
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 мин.
|
Амандасу
Кезекшімен жұмыс жүргізу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
9-тапсырма. Әңгіме құрастыру
«Сандар генераторы» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау
|
|
Сабақтың ортасы
25 мин.
|
Тақырыпты анықтау
Ойтүрткі сұрақтар
Мәдени туризм дегенді қалай түсінесің?
Еліміздегі қандай құнды көрсеткішті білесің?
Қазақстандағы мәдени туризм туралы не білесің?
Тілдік бағдар
Сұрау белгісі қойылатын сөйлемдегі ой толық аяқталмай, үзіліп қалғанда, алдымен сұрау белгісі, одан кейін көп нүкте қойылады. Мысалы: Көңілің неге жабырқау?..
Атаулы сөйлем — жай сөйлемнің түрі. Қазақ тілінде атаулы сөйлем бастауыштан ғана жасалып, заттың, құбылыстың атын білдіреді. Атаулы сөйлемде ешқашан да баяндауыш болмайды. Егер атаулы сөйлемге баяндауышты қосып айтсақ, ол атаулы сөйлем болудан қалады.
Мысалы: Қалың тоғай. Тоғай қалың.
Атаулы сөйлемде тұрлаусыз мүшелер, оның ішінде әсіресе анықтауыш, кездесіп отырады. Ол атаулы сөйлемдегі ойды әсерлендіре, суреттей түседі. Атаулы сөйлем көркем шығармада адам портреті мен табиғат бейнесін суреттегенде жиі қолданылады. Сол сияқты жазушы оқырмандарының, назарын ерекше аударғысы келген затты суреттегенде де, атаулы сөйлемді жиі қолданады.
Атаулы сөйлемнің өзіндік белгілері:
Атаулы сөйлемде тұрлаулы мүшеден бастауыш қана болады.
Атаулы сөйлем мезгілді, мекенді және заттың, құбылыстың атын білдіреді.
Атаулы сөйлем жазушы тіліне ықшамдық, көркемдік нәр береді, сондықтан табиғатты, адам келбетін (портретін) немесе басқа бір затты суреттеу үшін, жазушылар атаулы сөйлемді жиі қолданады. Атаулы сөйлемге мынадай анықтама лайық:
Тұрлаулы мүшеден бастауышы ғана бар заттың, құбылыстың атын білдіретін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз
Атаулы сөйлем мағынасы жағынан:
а) заттың, құбылыстың, болмыстың ақиқаттығын бейнелей атап көрсетеді: Айдала. Көлдің биік қабағы... Күн батып барады (С. Мұқанов);
ә) ақиқатты эмоциялы - сезімдік ыңғайда атап көрсетеді: Шіркіннің күлкісі!.. (Б. Майлин).
Атаулы сөйлем зат есімнен, сонымен бірге заттанған сан есімнен (Екі. Нашар оқитындарға таңылар белгісі — осы),
сын есімнен (Шыжыған ыстық. Күйіп тұр.), есімдіктен (Сол. Еркіннің дәл өзі.),
есімше, қимыл есімдерінен де жасалады.
Құрамы жағынан жалаң, жайылма, дара, күрделі болады: Үскірік. Аяз. Тұлданған күн. Ауыл. Үй саны жиырма шақты (Б. Майлин). Оқымай кеткір! Көзі ашық қой, жөн сілтейді ғой десем, жаудың табанына салып бермек (Б. Майлин).
1-тапсырма. Сөйлемдерді атаулы сөйлемдерге айналдырып жазыңдар.
1. Мезгіл жаз еді. 2. Ай жарқырап тұрған. 3. Күн ыстық еді. 4. Дала
қатты аяз еді. 5. Күн ұясына батып барады. 6. Сол адамның өзі. 7. Кеш
болды.
Жауабы:
1. Жаз.
2. Жарқыраған ай.
3. Ыстық күн.
4. Қатты аяз.
5. Батқан күн.
6. Сол. Адамның дәл өзі.
7. Кеш
2-тапсырма. Қазақстандағы танымал ескерткіштер туралы не білесің? Сөйлем соңында қабаттаса қойылатын тыныс белгілерді қарастырып, берілген сурет бойынша шағын мәтін құрап жаз.
6-тапсырма.
Берілген суреттерді пайдаланып, « Қазақстандағы мәдени туризм» тақырыбында диалог құрастырыңдар.
|
Оқулық, дәптер, қалам
|
Сабақтың соңы 5 мин
|
Үйге тапсырма: 9-тапсырма. Төменде берілген мәтіндегі сандық ақпаратты графиктік мәтінге айналдыр. Қазақстандағы туризм саласында көшбасшы елдер қатарына қосылуының тиімді жолдарын ұсынып таныстыр.
Бағалау:Сабаққа қатысқан белсенділіктері бойынша смаиликтер арқылы бағалау.
Рефлексия:
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |