Қажымұқан жайлы қызықты мәлемет - Балуан әлемдік аренада алғаш рет 1906 жылы Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста жеңімпаз атану арқылы әйгілі болады.
- 1909 жылы өткен халықаралық жарысқа Қажымұқан Мұңайтпасұлы «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан.
- 1937 жылы Қажымұқанды «патшаның адамы» деген себеппен қудалаушылар табылып, даңқты балуан Ташкент пен қазақтың Оңтүстігін паналайды.
- Ғалым, профессор Әуелбек Қоңыратбаевтың жазбаларында Қажымұқанның салмағы – 174 келі, бойы – 195 см, кеудесінің аумағы – 146 см, балтырының аумағы – 49 см, мойнының жуандығы – 56 см, бас аумағы – 65 см, ортаңғы саусағының ұзындығы – 14 см, ортаңғы саусағының жуандығы – 10 см, үстіңгі және астыңғы еріндері – 12 см, аяқ киімі 54 өлшемді деп көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |